Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет31/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
-
60- 


Аралдың бұл
ойы да жаңсақ болып шықты. Мәселе осы такси үстінде
-
ақ анықталды.

Аға, қаланың адамдары жатпайды
-
ау деймін?

Неге?

Көшенің бәрі жарық екен.

Жарықтың көп екені рас Бірақ адам түнде ұйықтамай тұра ала ма?

Ауылда жарық
аз. Әйтпесе мен ұйықтамас едім.

Ауылда жарық неге аз? Жеткілікті ғой. Қалада үй көп, әрі биік. Соның бәрі жарық шашады. 
Соңдықтан саған қаланың жарығы көп болып көрініп келе жатыр. Болмаса, ауылдың үйлері мен 
көшелерінде де дәл осындай электр жарығы көп емес пе.
Шындығында, ауылда да солай емес пе?! Арал өзінің ептеп артықтау кеткенін білді. Ағасы 
айтқандай, қаланың жап
-
жарық болып тұрғаны үйлердің көптігінен және биіктігінен екен.
* * *
Арал қала адамдарының бәрі зәулім биік үйде тұрады ғой деуші еді.
Олай болмай шықты. 
Ағасы мен жеңгесі шағын екі бөлмелі кішкене үйде тұрады
екен. Бел ағашы, шабақтары адырайып
-
адырайып көрініп тұр. Арал туғалы мұндай үйді көрген емес. Атасының үйі де, сиырлы ауылдағы 
өздерінің үйлері де шатырлы, төбелері жып
-
жылмағай тегіс. Ауылда кімнің үйі болмасын сондай.
Ағасы
мен жеңгесінің мынандай үйде тұрғаны Аралдың жанына қатты батты. Тіптен жаңағы 
биік үйлер де, самсаған мол жарық та түкке тұрғысыз болып қалды.

Аға, қаланың үйлері ауылдыкінен жаман екен.

Қой

-
Рас. Көрмейсіз бе,
міне? —
Арал сұқ
қолымен төбені нҰсқады. 

Ауылда мұндай үй бар ма?

Жоқ.

Онда неге қой дейсіз?

Әй, Арал
-
ай, сен біржола қалалық болғанша шаршатып бітіресің бізді. Мұндай үйде қаланың 
негізгі халқы тұрмайды. Олар жаңағы жолдағыдай үйде тұрады. Бұл әншейін біз уақытша жалдап 
тұрған пәтер
ғой. Оқуды бітіріп, қызметке тұрған соң, көрерсің әлі. Қатқан үйде тұратын боламыз.
 
-61- 



Не, қалада оқитын адамдарға үй бермей ме?

Береді. Жатақхана береді. Отбасылылар өстіп жеке меншік пәтер жалдап тұрады.
Арал құдды үлкендерше қорытынды жасады:

Онысы жаман екен. Бұдан да ауылдың өзі жақсы ғой. Қайта көшіңдер.

Оқуды қайтеміз?

Оқымай
-
ақ жұмыс істегеннің өзі жақсы емес пе?

Оның дұрыс
-
ақ. Бірақ оқу да керек қой.
«Оқу да керек». Оқу! Аралдың
жүрегі сыздап қоя берді. Бағана Жайық ауылда калып, өзі 
қалаға кетіп бара жатқанда
Аралдың қуанышында шек болған жоқ. Жайық ауылда жүр. Ағасы 
мен жеңгесі де қалада оқып жүр. Арал ауылда босқа жүрген. Мұнда да сөйтпек пе? Жоқ. Ауылға 
кету керек. Сиырлы ауылға барып, әкесі мен шешесіне қолғабыс жасағаны дұрыс емес пе? 
Сиырлы ауылда Аралдың іші пыса қоймайды. Әр кез жұмыс табылады.

Аға, мен ауылға қайтамын. Аралдың ағасы мен жеңгесі сасып қалды.

Қайтамының
не, келмей жатып?!

Енді не істеймін? Босқа жүрмекпін бе? Ойнайтын бала да жоқ.

Бала табылады. Үй иесінің сен қатарлы екі қызы бар. Солармен ойнайсың.
* * *
Ертеңіне Аралдың ағасы мен жеңгесі оқуға кетті. Олар Аралдың кішкентай інісін балалар 
бақшасына ала кетті. Арал үйде жалғыз қалды.

Арал, біз түске таман келеміз. Сен алысқа ұзамай, осы үйдің қыздарымен ойнап жүр, —
деді 
ағасы.

Олармен ұрсысып қалма, —
деді жеңгесі.
Арал үй иесінің қыздарымен оп
-
оңай танысты. Екеуі бір
-
бірінен айнымайтын кертпіш мұрын, 
томпақ бет, шаштары баланікіндей қысқа
қиылған сүйкімді қыздар екен. Арал екеуінің даусын 
естіп, далаға шыққан. Олар мұны көрген бойда шүпірлеп бас салды. Алдымен үлкені тіл қатты:

Кто ты такой?
Арал орысша білмейтін. Түсінбеді.

Наверное, он не знает русского языка. Сен кімсің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет