Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет81/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ
 
 
Көктемнің шуақты бір күніңде ауылдың аяғыңдағы тас жолдың екі жақ бетінен, екі телеграф 
бағанасына көкала жазу іліне қалды. Аялдама жарнамасы екен бұл. Ертеңіне
-
ақ ауданнан 
ұжымшар
орталығына автобус қатынай бастады. Енді аудан орталығына да, ұжымшарға 
барушылар да бұрынғыша жаяу
-
жалпы шұбыруды тоқтатты. Лезде
-
ақ автобустың сағат сайын 
бір рет қатынайтынына үйреніп алыстық, аялдамаға жиналамыз. Рақат!
* * * 
Осы аялдама жарнамасын мен бостан
-
босқа қираттым. Әншейін бір күтпеген оқыс
іс болды.
Кендірбай екеуіміз «Орленоктерімізді» мініп, тас жолға
шыққанбыз. Канал көпірінен өте бере, 
Кендірбай:
-133- 



Өскен, кел, анау аялдамаға дейін
жарысайық, —
деді.

Кеттік.
Ағыза жөнелдік. Шүу дегенде алға шығып кеттім. Негізінде Кендірбай озатынды, қатарласа 
берді. Енді болмаса озып барады, кілт тормоз бердім. Қарасам, жолдың келесі бетіндегі 
аялдаманың тұсы екен, қуанып кеттім. Кендірбай біраз жерден барып оралды.

Не болды саған?

Не болғаның не? Сен қалдың, сол болды.

Аялдамаға дейін дегеніміз қайда?

Енді не қыл дейсің? Мынау не, аялдама емей?

Әй, қу
-
ай, анау аялдамаға дейін еді ғой.

Айтқан екенсің!

Жүр, әйтпесе қайта жарысайық.

Анау
-
мынауынды білмеймін, қалдың.

Қорқақ! Аялдаманы түсінбегенсіп, сылтауратуын.

«Аялдама, аялдама» деп басымды қатырмашы. Керек болса, мұныңның быт
-
шытын 
шығарып құртамын.
«Құртамынды» басында сөз екпінімен ерегісіп айтып едім, тағы мынадай бір ой келе кеткені:

Кендірбай, кел осыларды жұлып алайық. Өзді
-
өз ауламызға іліп қоямыз. Велосипед 
аялдамасы болады да шығады. Бар ғой, қатып кетеді.
Кендірбай ат
-
тонын ала қашты.

Өй, құрысын, біреу көріп қояды!

Сол да сөз екен? Қазір деп тұрған кім? Кешке.

Жоқ, керек емес. Мен кеттім.

Бара бер.
Кендірбай велосипедіне мінді де, артына бір бұрылмай кете барды. Мен тұрып қалдым.
* * * 
Тас жолға шықсаң
көзіңе оттай басылып мен мұндалап тұратын көкала жазуды мен сол күні 
кешке
-
жоқ еттім. Одан айрылған бағаналар бұрынғыдай оқшаулануын қойды. Елеусіз болып 
барады. Тек түбінде жұрт аяғымен тапталған бат
-
тақыр алаңқай ғана жатты.
Енді ел аялдаманы қойып, үш көшенің қайсысының аяғында шоғыр көп, бәрі
сонда 
жиналады. Әрине, автобус шоғырға тоқтайды. Аялдама —
сол. Аялдаманың
не керегі бар? 
Автобус ауыл тұсына тоқтаса болды емес пе?
 
-134- 


Тоқтайды. Жаяу қалып көргеніміз жоқ. Біз енді бұған да үйреніп үлгердік. Кел де, мініп кете 
бар. Рақат.
Кеше Кендірбайдың шешесі аудан орталығына барған екен. «Оқушылар жәрмеңкесі 
ашылыпты. Керектеріңді барып алыңдар» деп келді. Кеңдірбай екеуіміз бір
-
бір тор алып, аудан
орталығына жөнеп бердік.
Тас жолға шықсақ,
шоғыр арғы шеткі көшенің аяғында екен. Сонда беттедік. Бұрынғы 
аялдаманың тұсына келгенде, Кендірбай маған:

Өскен
-
ай, сені айтсайшы, аялдаманы құртып. Ауылдың дәл ортасы, бізге де жақын, жақсы 
еді, —
деді.
Өзім де өкініп жүретінмін, ашық мойындадым.

Қап
десеңші, бекер болды.

Қой
дегенде, тіл алып па ең? 

Дабырлама, ел естиді.
Біз жиналғандарға жақыңдап қалдық. Орта көшеден бір кемпір шықты. Таяғына етпеттей 
сүйеніп келеді. Бәріміз таныдық —
Нағима әжей. Әжей
тас жолға әзер жетті де, бізге дауыстады.

Бері келіңдер, қарақтарым. Аялдама мұнда. Келіңдер мұнда.

Расында, аялдама сол жер болатын. Оның үстіне әжей мұнда жете алмас. Жүріңдер, сонда 
барайық, —
деді бір мосқал адам.
Әжей
сөзін сыйлап келгенімізге разы болып қалды.

Келіңдер, айналайыңдар, аялдамасы құрғыр осы жер
еді, мына бағанада жазуы бар болатын. 
Балалар құртты да, пәле болды.
Әжей
сөзін айтып болар
-
болмастан, мосқал адамның көзі бізге түсті. Әсіресе,
маған қадалды. 
Нағима әжей жалпы балаларға өкпе артқаны болмаса, бізді барсың ба, жоқсың ба деген жоқ еді

Мына кісінікі қызық болды. Еңді елдің бәрі бізге қарады. Тіптен сөз шығып кете жаздағаны. 
Оңда бір сұмдық болатын еді. Автобус келіп қалып, сол құтқарды.
* * *
Қайтарда
да Нағима әжей бәріміз бір автобусқа міндік. Автобусымыз ауыл тұсына қатарласа 
берді. Үлкен көшенің тұсынан өтіп те кетті, заулап барады.

Шопыр, шопыр, тоқтат. Ұзап кетті
-
ау!
 
-135- 


Бұл —
Нағима әжей. Автобус екпінін баяулатып барып, біздің көшенің тұсына келіп тоқтады. 
Сөйтсек, адамдар осында жиналған екен, лап қойды. Кендірбай екеуіміз алдыңғы есіктен ытқып
-
ытқып шықтық. Нағима әжей болса, күңкілдеп әлі түсе алмай жүр.

Ойбай, белім. Ұзап кеткенін. Енді қайтіп жеттім? Автобус гүж етіп орнынан қозғалды. 
Нағима ежей состиып тұрған бізді көрді.

Балалар, бері келіндер. «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген. Мынаны үйге дейін көтеріп 
барсаңдар, қайтеді?
Кендірбай оны
-
мұны толы торын маған берді, өзі әжейдің жүгін көтеріп алды. Нағима әжей 
аяғын санап басады. Екі тор иығымды
түсіріп, қолымды қиып барады. Әжейдің қақпасына әзер 
жеттім.
-
Ал, әжей, біз қайттық.
Нағима әжей орта
көшенің аяғында, үшінші үйде тұратын. Бізге бұрыс. Сонысын баса
айтып, 
алғысын жаудырып жатыр.

Үлкен
жігіт болыңдар, шырақтарым, көсегелерің
көгерсін! Біраз жолдарыңнан қаддырдым. 
Аялдамасы құрғырдың әуресі бұл. Автобус бұрынғы орнына тоқтаса ғой, еңбектесем де жетер едім. 
Қарыс жер мұң
ғой бізге. Сеңдер
болмасандар, жете алмайтын ем. Үлкен жігіт болындар!
Жүрегім бүлк ете қалды. Нағима әжейдің мына сөздері бізге айтқан рақметінен гөрі, аялдама 
кесірінен көрген кәріптігін шағып, көмек сұраған мұң
-
зары сияқтанды. Осы сәтте әжейді 
кереметтей аяп кеттім. Таяғына етбеттей сүйенген әжей аласарып, жер бауырлап еңбектеп бара 
жатқаңдай.

Өскен, анада аялдама жарнамасын қайда жіберіп едің?

Құрыған сонда
-
ақ, қайтпексің?

Керек.

Айтсаңшы. Неменеге керек?

Бұрынғы
орнына қағып қоямыз. Көрдің бе, Нағима әжейге обал.

Білуші ме ең, ауруханада қызы жатыр, соған күнде барады.

Жоқ, білмеймін. Онда тіптен керек екен.

Басқа бір амалын қарастырмасақ, мен оны сол күні
-
ақ каналға лақтырып жібергенмін.
Біз сол күні кешке қолымыздан
келгенше автобус аялдамасын жасап, бұрынғы орнына қағып 
қойдық.
 
-136- 


* * * 
Біреу жұлқып оятты.

Тұр, Өскен, тұр. Кешегі уәде
қайда?
Мен орнымнан атып тұрдым. Кендірбай екен. Мен ұйықтап қалыппын. «Ертемен көрейік барып, 
автобус қай жерге тоқтар екен?» деп келіскенбіз кеше.
Велосипедтерімізбен ағызып тас жолға шықтық. Бүгінгі шоғыр дәл біздің көшенің тұсында 
екен. Нағима әжей де бүкшеңдеп өз көшесінің аяғына шығып қалыпты. Біз кешігіппіз —
автобус 
ұжымшар жақтан келеді... Заулап, таяп қалды. Қызықты қараңдар, шоғырдың жанына тоқтамай өте 
шықты.

Мұнысы несі, шіркіннің?

Біздің автобус па өзі? —
деп танданысты тұрғандар. Кендірбай екеуіміз олардың жанынан өте 
шықтық
.
Автобус барды да, біз қаққан «Автобус аялдамасына» барып тоқтады. Жалғыз Нағима әжей 
мініп жатыр. Енді жұрт сонда жүгірді.

Е, бәсе, жазу іліп қойған екен ғой мұнда.

Онысы жақсы болған екен.
Осылай танданысын,
разы болысқандарымен, көкала жазуға 
ешқайсысы пәлендей бір назар аудармаған тәрізді.
Әйтпесе оның фанер тақтайдан жасалғандығы және 
айтарлықтай
ұста емес адамдардың қолынан шыққандығы білінуші еді. Ол туралы да бірер сөз 
айтылатыны күмәнсіз болатын. Ал оның бәрін көріп, біліп тұрған Кендірбай екеуіміз ғана.
Мәселе жазудың сұлулығында емес пе деймін. Өйткені содан бері автобус нашар да болса, сол 
біз бағанаға қаққан көкала жазудың түбіне тоқтап жүр. Жұрт соның түбіне жиналады. Рақат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет