Шешендік өнер әліппесі



бет22/75
Дата01.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#141583
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Байланысты:
Шешендік өнер (1)
charity-shops-a-reading-comprehension 149376
Дұрыс сөйлеп үйренейік.

Қазан пісті


Қазандағы тамақ пісті
Қазан қайнады

Қазан тасыды


Қазан төгілді
*Шайдың қайнағанын қалай айтамыз? Сүтті ше?


V.Сабақты қорытындылау.



  1. сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қас-қабағынан білу және айтқызбай түсіну


Мақсаты: 1.Сөйлеу кезіндегі адамның көңіл-күйін айтқызбай түсінуін үйрену;



  1. Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу 3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже: адамның көңіл-күйін айтқызбай байқауға үйренеді.


Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі» Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ.Жаңа сабақ. 1.Мысалдарға назар аудар.

Әсел демалыс күні абыржулы болды. Ауладағы балалармен ойнауға да зауқы соқпады. Бар ойы ертеңгі бақылау жұмысында еді. Бақылау жұмысына бола сонша уайымға салынғаны анасына да ұнамады. Таңертең де Әселдің жүзі шаршаңқы болды. «Бәрі жақсы болады, уайымдама» деп шығарып салды анасы. Расында да, Әсел бақылаудан «бес» алды. Қуанышы қойныңа сыймай, үйге жүгіріп келді. Анасы есіктің аузынан қарсы алды. «Бес алдың ба, балапаным? Құтты болсын!» - деді.




Әсел бақылауды жақсы тапсырғанын анасына айтып үлгерген жоқ. Анасы оның жақсы тапсырғанын қуанышты жүзінен білді. Яғни, «Ақтөбе» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» арасында жолдастық кездесу өтіп жатыр. Нұркеннің әкесі футбол десе ішкен асын жерге қоятындардың бірі.

Бұл жолы «Тобылға» жанкүйер болып отыр. Нұркен футбол біткенше әкесіне қарады да отырды. Біресе көзі бақырайып кетеді, біресе орнынан көтеріліп барып, қайтадан отырады. Енді бірде санын бір соқса , тағы


22
бірде теледидарға қарай еңкейе түсді. Ал доп қақпа торын бүлк еткізгенде орнынан ыршып тұрып, жас балаша қуанады. Сосын қайтадан сабырлы қалпына түседі. Қақпаға бағытталған доп қиыс кеткенде «үуҺ» деп жеңіл күрсінеді. Ойын қорытындысында «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіл кетті. Кешкі ас үстінде әкесіне қарап еді, қабағы ашылып, жадырап отыр екен.


*Қас қабағына қарап, адамның көңіл-күйін айтқызбай білуге бола ма екен? Мысалы, Нұркеннің әкесінің көңіл-күйі қалай-қалай өзгерді?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет