Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет29/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Жарылқасын Бикенов

Ақын Зағыпар Шәкентаевтың 2014 жылы «Фолиант» баспасында жарық көрген «Жетіген» атты өлеңдер жинағындағы мына бір шумақтар дәл Сізге, тек Сізге арналғандай.

Қабыл алыңыз, аға !

Қадір тұтар қайраткердің бірісің,

Мұқалмайтын алмас қылыш қынысың.

Кішіпейіл қарапайымдығыңмен,

Бәрінен де биік тұрсың, ірісің.

Адал еңбек, алға басып жұмысың,

Тәңір берген таусылмасын ырысың.

Хан көтерер халқың барда, ағажан,

Тарылмайды жарты жолда тынысың.

Бөлек тұлға, бөлектеудің бәрінен,

Бесік өмір тербеледі сәнімен.

Келер күнің күйге бөлеп өзіңді,

Атар таңың әлдилесін әнімен!



Өзіңізді өзгеден артық көрер бауырыңыз – Серік Жаманқұлұлы ШАЙДАРОВ, Абай ауданының әкімі

НҰРЛЫ НҰРАНЫҢ ҚАЙСАР ЖҮРЕКТІ АЗАМАТЫ

Ия, шынымен де, Жәкең – Нұраның қайталанбас, біртуар қайсар азаматы. Тағдырының ауырлығына қарамастан, еліміздің зор жетістіктеріне қуанып жүрген жан.

«Қиындықты жеңгеннен артық қуаныш жоқ» дейді ел ішінде. Жәкең жайында баспасөз беттерінде біраз әңгіме, мақалалар жарық көрді. Бәрінде де айтар ой, түйер түйін біреу. Ол-адамгершіліктің асыл қасиеттерін өз бойына дарытып, табиғи дархан талантын өз халқына аямай жұмсай білуі, қазақ азаматының биік рухын басқаларға адал еңбегімен, өрелі қасиетімен көрсете алғандығы, адам баласының осыншалық ерік-күшінің молдығын, егер төзімділік жасаса, ажалмен де айқасып, жеңіп шыға алатынын дәлелдеп шығуы, ең негізгісі – оның өмірге қайта оралуы. Жәкеңнің өмірі мен өнері кейінгі жас ұрпақты талапты болуға, өрлігі арқылы ерлік жасауға, кез келген қиын сәттерде адамдық қалпыңды сақтап қалуға, жамандық атаулыға бармауға, болаттай берік болуға тәрбиелейді.

Өмірге құштар, қайсар жан ең алдымен адам бойындағы тазалықты бағалады. Жүрегінде жылылығы мен иманы бар азаматтар ол кісінің жанынан табыла білді, жанашырлық танытты, шынайы достықтың үлгісін көрсетіп, талантына бас иді.











Өмір сынақтарының сыры

Әріптестері Жәкеңнің кәсіби шеберлігіне тәнті болды. Өз қайсарлығының арқасында жанарының жарық дүниені сезіне алмауы да сүйікті ісіне кедергі келтіре алмайтындығын ісімен дәлелдеген табиғи талант иесі. Сонымен қатар өзінің бір жайдары, жайбарақат, адамға іш тартып тұратын, кішіні кеудесінен итермейтін, үлкенді айналасынан алыс жібермейтін бір магнитизмі бар.

Жәкеңнің тағы бір қасиеті – намысшылдығы. Басынан сөз асырмайды, қалай болса солай сөйлемейді. Ал сөйлей қалса, сөзі мірдің оғындай. Оның үстіне дәлелді және нақты сөйлейді. Үлкен жиындарда, басқосуларда сөйлейтін сөзін алдын ала ойланып, толғанып алатыны айқын байқалады. Қай жерде кімге арнап сөйлейтінін де барлап алатыны анық. Бұл – шешендік қасиеттің бір қыры. Сондықтан, айтқан сөздері көңілге қонымды болып, жұрт жақсы қабылдайды.

Тақырыпты кеңейтіп, классикалық ұстанымдармен бірге бүгінгі өмірдің мәселелерін көтеріп, оларға ой-пікірлерін қоса айтып отырады. Жалпы өмірге, салт-дәстүрге, мәдениетке өз көзқарасы бар азамат. Оны әр жерде ашық айтып та жүреді. Бұл көзқарас жалаң ойдан туған нәрсе емес, өмір заңдылықтарына, Жәкеңнің терең біліміне, бай тәжірибесіне және оның өзіне тән айнымас логикасына негізделген ұстаным. Араласқан азаматтары жөнінде де өзінің ойын қаймықпай тура айтады. Сынайтын адамдардың бетіне кемістігін жұмсартып айтып, одан құтылу жолдарын да көрсетіп кетеді. Жәкеңнің осындай ірі тұлғасы өзінен-өзі немесе кездейсоқ қалыптасқан жоқ. Бұл - тармақтала тарқатылған, күреске бай өмір жолының жемісі. Оның өмірі шексіз күрестен, намыс үшін арпалыстан тұрды. Мұның бәрі бойына біткен қайсарлықтың көрінісі.

Қайсар жанның шындық үшін жанын қиятын әділетті болатынын білеміз. «Қорғай білсең шындықты, сонда сенсің шын мықты» деп, халық шындықты қорғай білетін тұлғаны жақсы көреді. Қайсарлықтың белгісі батылдық екенін де білеміз. Батыл адам қиындықтан қаймықпайды, жақсыны жанындай бағалайды. «Қайсар жігіт айтпайды, айтқанынан қайтпайды» деп, халық қайсар адамның сөзі берік, бір сөзді, табанды болатынын өнеге тұтады, мадақтайды, мақтайды. Біз де Нұраның айдарынан нұр ескен қайсар жүректі азаматын, қайталанбас тұлғасын мақтаймыз, мақтанамыз.



Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Нұра ауданының әкімі

ЛЮБИМЫЙ СТУДЕНТ – ЖЕНЯ БИКЕНОВ

На склоне прожитых лет мы с супругом Михаилом вспоминаем свою молодость, замечательные и счастливые годы учебы во Львовском торгово-экономическом институте, нашу свадьбу за несколько месяцев до выпуска, а также то обстоятельство, как мы, родившись на Украине, оказались на работе в далеком Казахстане, где мы мало что знали об этой прекрасной республике, где у нас не было никаких знакомых и близких.



Дело все, очевидно, в том, что в те годы, как известно, осуществлялось массовое освоение целинных земель в Казахстане, тысячи и тысячи молодых людей из регионов разных регинов бывшего Советского Союза романтически настроенных по комсомольским путевкам и самостоятель-












Жарылқасын Бикенов

но искали свое счастье и свою судьбу на целине. Видимо, мы также поддались этому романтическому порыву, этому энтузиазму. Второй важной причиной явилось то, что в Акмолинском кооптехникуме было две вакансии на преподавательскую работу по бухгалтерскому учету. Комиссия по государственному распределению специалистов направила нас с супругом - отличников учебы в данное учебное заведение. Техникум был образован всего год тому назад – в 1956 году и естественно ему необходимы были преподаватели разных специальных дисциплин. Несмотря на неимоверные трудности первых лет работы в первую очередь бытовые. Достаточно сказать, что целый учебный 1957-1958 год мы занимались в техникуме при печном отоплении и без электричества. В таких же условиях жили приезжие молодые преподаватели. И тем не менее, учебный процесс шел в соответствии с предъявляемыми требованиями, учебными планами и программами. И даже вечера отдыха учащихся проводились каждую субботу при лампах под баян или гармошку.

Мы часто задаемся вопросом, что нас удерживало в Казахстане? Первоначально мы планировали отработать положенные 3 года и вернуться к родителям на Украину. Не получилось однозначно ответить на этот вопрос. Думаю, этому способствовал целый ряд обстоятельств: прежде всего понравившаяся и полюбившаяся преподавательская работа, воспитание молодежи, гостеприимство и доброе отношение к нам местного населения, среди которого у нас сегодня много верных друзей и товарищей, прекрасных традиций казахского народа, почитание старших и т.д. Словом, мы стали казахстанцами – растет уже третье поколение в нашей семье.

За более чем 30 лет работы в техникуме подготовлено несколько тысяч специалистов, которые успешно трудились и трудятся в различных отраслях экономики и социальной сферы. Для меня лично это большая гордость, что частица моего скромного труда вложено в обучение и воспитание молодого поколения – в прошлом братской республики, а сегодня независимого государства Республики Казахстан.

На самом деле я убеждена, что мне всегда удавалось находить общий язык и взаимопонимание с учащимися разных национальностей, обучающихся в техникуме, их доброе отношение и поддержку. Без преувеличения можно сказать, что практически на всю жизнь в моей памяти навсегда осталисъ выпускники тех групп, где мне приходилось работать классным руководителем.

Все проблемы и вопросы, успехи и недостатки этого небольшого коллектива мы обсуждали и решали общими усилиями, это давало положительные результаты.

Как известно, в большинстве случаев, в любом коллективе, в том числе и в коллективе учащихся, выделяется лидер с которого берут пример, которому стараются подражать.



О таком лидере мне хотелось бы рассказать более подробно в своих воспоминаниях. Это Бикенов Жарылкасын, который поступил в техникум в 1961 году на базе 10 классов из Карагандинской области. Обучался он в бухгалтерской группе, где я была классным руководителем. С первых дней учебы он обратил на себя внимание не только мое, как классного руководителя, но и всей группы, а в последствии и всего коллектива учебного заведения. Статный молодой человек высокого роста, скромный, опрятно одетый, он оказался еще и способным, талантливым учащимся -






Өмір сынақтарының сыры

отличником учебы, активным общественником и надежным помощником классного руководителя. Ласково мы его называли Женя. Женя был безотказным человеком, участвовал во всех мероприятиях, проводимых не только в учебной группе, но и в целом в коллективе техникума (спортивные мероприятия, художественная самодеятельность, подведение итогов соревнования между группами по успеваемости, посещаемости и дисциплине, многим другим делам.)

Женя завершил учебу в техникуме, получил диплом с отличием, затем диплом о высшем образовании и много лет работал главным бухгалтером Карагандинского облпотребсоюза. Он, как и в техникуме, активно занимался общественной деятельностью. Имеет целый ряд наград и поощрений системы потребительской кооперации и государственных наград. У него прекрасная семья. И очень важно, что он не забывает тех, кто дал ему первую путевку в жизнь – коллектив техникума. Часто звонит мне, рассказывает о своих успехах и достижениях, поздравляет с праздниками, интересуется жизнью техникума. Разве можно не гордиться таким воспитанником, таким выпускником?



Е.М. ХАРЖЕВСКАЯ,

Отличник образования СССР, Ветеран труда Центросоюза СССР, классный руководитель I группы бухгалтерского отделения Целиноградского кооперативного техникума Крайпотребсоюза (1961-1963 г.г.)

19.01.2015 г.

(Харжевская Елена Михайловна – с августа 1957года преподавателъ бухгалтерского учета Акмолинского кооперативного техникума, с 1965 года — преподавателъ и заместителъ директора этого техникума по учебной работе до ухода на пенсию в 1989 году).

ЖАНЫМА ЖАҚЫН АЗАМАТ

Жарылқасынмен алғашқы таныстығымыз 1961 жылы орын алды. Целиноград кооператив техникумына екеуміз де оқуға алындық және де бір топта болдық. Ұзын бойлы, аққұба келген спортшы денелі жігіт еді.



Сол алғашқы таныстықтан бастап Жарылқасын менің жадымда өте жақын азамат болып сақталып қалды. Техникумды қызыл дипломмен бітірді. Топта комсомол жетекшісі болды. Техникумдағы іс-шараның барлығына белсенді түрде қатысатын және мықты ұйымдастырушы болды. Ешқандай да шара онсыз өтпейтін. Ұстаздардың және студенттердің арасында өте беделді болды. Нашар оқитын студенттерге қамқоршы болушы еді. Әсіресе стипендия бөлгенде. Ол уақытта стипендияны топқа оқу үлгеріміне байланысты аз процентпен бөлетін. Оқу жылы басталмас бұрын, топты Целиноград облысындағы Қима ауданына ауыл шаруашылығы жұмыстарына жіберді. Топта 30 шақты студент, оның ішінде бес ұлмыз. Мен, Жарылқасын, Бақыт, Әнуар және Сергей. Онда да класс жетекшісінің және Жарылқасынның ұйымдастыруымен «Ярослав» кеңшарының тұрғындарына концерт қойып, халықты бір қуантып тастадық. Жатақхана жоқ, совхоз клубында жатамыз.









Жарылқасын Бикенов

Қыздар мен ұлдар бірге. Арамызды бөлетін тек қана шелек пен леген.

Ол совхозда сол уақытта атағы елге мәлім Еңбек Ері, Жоғарғы Советтің депутаты Михайл Довжик басқаратын егіс бригадасына жіберді.

Довжик өте мәдениетті, білгір, ақкөңіл, адамгершілігі мол азамат екен. Біздерді өте жақсы қарсы алып, толық жұмыспен қамтамасыз етті. Стан басында машиналарға бидай, картоп арттық. Сол кезде біздерге Ленинградтың Довженко атындағы киностудиясынан режиссерлер келіп, фильмге түсірді. Сол болып жатқан істердің басықасында осы Жарылқасын әрі ұйымдастырушы, әрі жетекші ретінде көзге көрініп, совхоз жұртшылығының зор алғысын алғанымыз есте. Оқуда да, еңбекте де сондай шынайы, мықты азамат екенін дәлелдеп, жастарға, жолдастарына үлгі бола білді. Жәкең туралы көп нәрселер айтуға болады.

Оқушылық өміріміз 1963 жылы бітті. Жан-жақа тарасып кеттік. Жарылқасын – Арқаның белді азаматы. Оның әрбір іс-қимылы, әрбір сөйлеген сөзі техникумда оқып жүргенде нағыз патриот қазақ азаматына тән адамгершілігі мол біртуар тұлға екенін аңғартып тұратын.

Бірде Талдықорған қаласында Жәкең туралы айтылғанда, Қаңтарбек деген азамат елең ете түсіп: «Сіз қай Жарылқасын туралы айтып отырсыз?», – деп маған сұрақ қойды. Мен таңданып: «Сіз қай Жарылқасынды сұрап отырсыз?», – дедім. Ол маған: «Қарағанды қаласынан Бикенов деген азаматты сұрап отырмын», – деді. Ол Талдықорғанға Көкшетау қаласынан көшіп барыпты. Жәкеңді білетін азамат болып шықты. Сонда мен Жәкеңнің жақсы азамат екенін Көкшеде де біледі екен-ау деп ойладым. Тағы бір Жәкеңнің парталасы, әрі жерлесі Жеңіс деген азаматпен танысып, ол азаматтан да Жәкең туралы мақтау сөздер естідім. Ол азаматпен жақынырақ таныстым.

Бірде ауыл әкімі Әбдрахман Төлеш деген азамат келіп сәлем беріп: «Сіз Жарылқасын деген азаматты білесіз бе?», – деп сұрады. Мен таңғалдым. «Иә, білем», – дедім. «Сізге сәлем айтты», – деді. Сөйтсем, ол Жәкеңмен кездесіп, бірге болыпты. Өзі инабатты, білімді және қазақы азамат екен. Міне, Жәкең осындай. Зор тұлға, жастарға қамқор.Үлкен-кішіні аялап, құрметтейді. Қол ұшын созып көмектесетін азамат.

Жастық шақтың қызықты кезеңдері таусылған ба? 1963 жылы 5 наурыз күні көптен күткен күн – оқу бітірген сәтіміз. Ол кезде бәріміз де бойдақ болатынбыз. Топта ең бірінші үйленген мен болатынмын. Жастық шақтың романтикасы ғой. Бір топ қыз-жігіттер мені қолпаштап, поезбен Алексеевка ауданындағы «Кеңес» деген ауылға тартып кеттік. Табиғаты өте сұлу, орманы жайқалған өңір.

Өткен өмір өте қызық, еске алсаң бәрі елес. Жәкең елге еңбегі сіңген азамат. Өмірі ұзақ, отбасы аман болып, балаларының қызығын көрсін.



Теміртас ЖЕТПІСОВ, студенттік досы, зейнеткер Кеңес ауылы, Ақкөл ауданы, Ақмола облысы









Өмір сынақтарының сыры

СЛОВО О ХОРОШЕМ ЧЕЛОВЕКЕ

Бикенова Жарылкасына я впервые увидела в 1968 году в Нуринском райпотребсоюзе, куда была командирована правлением облпотребсоюза с группой специалистов. Я в то время работала начальником торгового отдела, была членом правления облпотребсоюза.

Председатель правления райпотребсоюза А.Д. Даутов познакомил прибывших работников облпотребсоюза с членами правления и с главным бухгалтером Бикеновым Жарылкасыном. Первое, что бросилось в глаза, его молодость, в то время как в других районах области главными бухгалтерами работали люди преклонного возраста. По видимому, он от природы моложавый и поэтому нам показался совсем юным. К тому же был худощавым, весь какой-то светлый, даже волосы русые. Подумала, про таких наверное, казахи говорят «Сары жігіт». Уже позднее выяснилось, что он ненамного моложе меня и наши трудовые биографии как-то даже схожи. Оба сперва закончили с отличием кооперативный техникум. Он Целиноградский, а я Актюбинский и с 18 лет начали трудовую деятельность в системе потребительской кооперации. По окончании техникума сразу заочно поступили в вуз. Он в Новосибирский кооперативный институт, а я в Московский институт советской торговли.

Прибывшим специалистам облпотребсоюза в составе 7 человек за непродолжительное время предстояло выполнить довольно сложное задание. Наряду с проверкой состояния торгового обслуживания сельского населения всего района было задание по оказанию практической помощи по внедрению самообслуживания в магазинах райцентра. Кроме того мне, как внештатному инструктору обкома партии, было дано дополнительное задание по проверке торгового и бытового обслуживания животноводов на отдаленных участках.

Члены комиссии, которые состояли в основном из женщин, готовы были работать день и ночь, лишь бы быстрее закончить работу и вернуться домой к семьям, детям. Такое было время, прежде всего работа на благо народа. Мы, те которых потом назовут «Молодежь 60-х годов» были настолько окрыленными, идейно-воодушевленными, так искренне верили, что строим коммунизм, который вот-вот построим, что даже в частном разговоре друг с другом больше говорили о деле.

За неделю сделали большой обьем работ, проехали огромное расстояние, перевели на самообслуживание все крупные магазины райцентра. Днем ездили по совхозам (их в районе было 18), а вечерами и даже ночами работали в магазинах по переводу их на самообслуживание.

Не обошлось и без курьезов.

После многокилометровых поездок со мной по отдаленным участкам животноводства председатель правления А.Д. Даутов (уже пожилой человек) слег с радикулитом. Следующие несколько дней пришлось ездить с заместителем председателя А.Н. Ногаевым. В итоге он тоже заболел и не вышел на работу.



По установленному правилу, с итогами проверки я ознакомила руководство района. Материалы проверки необходимо было также рассмотреть на заседании правления райпотребсоюза для принятия мер по устранению выявленных недостатков. На расширенное заседание правления были приглашены все председатели совхозрабкоопов и другие ответственные лица. Для участия прибыл также заместитель председателя райисполкома А.М. Тентекбаев. А оказалось, что от руководства райпотребсоюза заседание правления проводить некому, кто болеет, кто в отпуску. Кроме главного бухгалтера Ж.Б. Бикенова никого нет. Пришлось мне, как руководителю комиссии, вопреки всем правилам, поручить ему провести заседание правления райпотребсоюза. Своим поведением, степенной речью, в ходе обсуждения итогов проверки он произвел приятное впечатление на всех специалистов, приехавших со мной.









Жарылқасын Бикенов

Меня же шокировало, какое-то несоответствие между его почти мальчишеским обликом и солидной взрослостью поведения. Удивляя нас цепкой памятью после моей информации, умело апелируя фактами из материалов проверки с экономическими показателями низовых звеньев, он как вполне зрелый руководитель учинил спрос с ответственных лиц, указывал на недоработки и устанавливал сроки их устранения.

Запомнился еще один эпизод при переводе магазинов на самообслуживание. Первым переоборудовали унимермаг, получилось неплохо. Хотели понаблюдать, как воспримет население района внедрение этой прогрессивной формы торговли. Дали объявление через местное радио и газету. Я позвонила на Осакаровскую межрайбазу (это их основной поставщик), чтобы доставили новую партию товара. Эффект был ошеломляющим. Когда утром мы подошли к открытию универмага, казалось что все население района сбежалось туда. Мы испугались за сохранность товара, так как вместо привычной прилавочной системы впервые товары были размещены со свободным доступом по принципу самообслуживания. Я в панике побежала в райпотребсоюз. Там по прежнему из руководства кроме Бикенова никого нет. Я спешно объяснила ему ситуацию сгорая от нетерпения. Он же валъяжно берет телефонную трубку и спокойно просит «Саке», «Маке» (это оказывается начальники местного РОВД) разобраться. Меня покоробило его спокойствие и в сердцах я его упрекнула, дескать за сохранность материальных ценностей он больше в ответе, чем я. Он мне опять спокойно отвечает: «Не волнуйтесь, все будет в порядке». Пошел вместе со мной в универмаг, а там уже 5-6 работников милиции наводят порядок в толпе покупателей. Опять я подумала: «Какой молодец, уверен в себе, такое самообладание, видно, что имеет авторитет в районных органах».

По приезду из командировки, после информации руководства облпотребсоюза о проделанной работе я зашла в центральную бухгалтерию и полушутя, полусерьезно поделилась своим впечатлением о Нуринском главном бухгалтере. Только я начала говорить о Бикенове: «Какой- то вундеркинд, я таких бухгалтеров не видела», как все счетные работники наперебой стали расхваливать его: «Он самый грамотный, лучший, очень аккуратный в работе, в установленные сроки качественно сдает отчеты, даже его отчеты не приходится исправлять, и.т.д.».

Не зря в народе говорят: «Доброе имя тоже капитал».

Так, видно постепенно складывалось положительное мнение о Ж. Бикенове у сотрудников, членов правления и руководства облпотребсоюза. И не случайно, когда в 1971 году возник вопрос о назначении нового главного бухгалтера центральной бухгалтерии облпотребсоюза у всех было единодушное мнение о кандидатуре Бикенова.

Так началась наша совместная работа в аппарате Карагандинского облпотребсоюза. К тому времени это был высокоорганизованный проффессиональный коллектив, который в духе высокой ответственности воспитали на протяжении многих лет (1960-1970 г.г.) его бывшие руководители: председатель правления облпотребсоюза Альберт Борис Моисеевич и первый заместитель председателя правления Аюпов Абылкадыр Аюпович. Добрая им память. В аппарате облпотребсоюза в то время начальниками отделов работали опытные грамотные специалисты с 20-30 летним стажем работы как Шевцов В.И., Губанов Н.И., Фикс Е.И., Голышева О.Х., Гицак М.Н., Мукатов М.М. и другие, которые по доброму были настоящими патриотами потребкооперации и наставниками для молодежи. В эти же годы в коллективе облпотребсоюза работали такие авторитетные люди как Яхин М.А., Шаяхметов К.Ш., Кожабергенов М.Б., Кадырсизов К.К., Балгабаев Ж.Б., ранее работавшие в руководстве партийно-советских органов, которые на деле стали воспитателями коллектива в духе высокой идейности и ответственности за порученные участки работы. Они же активно вовлекали молодежь в общественную работу.











Өмір сынақтарының сыры

Партийные и профсоюзные собрания проводимые в аппарате облпотребсоюза были почти на уровне районных конференций. В коллективе велась большая воспитательная работа по подбору и расстановке молодых специалистов, хорошо зарекомендовавших себя в системе потребительской кооперации.

Я начала работать в аппарате Карагандинского облпотребсоюза с 1958 года. Сперва товароведом, затем старшим товароведом, заместителем начальника, начальником торгового отдела. Была председателем профсоюзного комитета. Про таких специалистов как мы, в то время бытовало выражение «доморощенные кадры потребкооперации» по видимому от слова «дома растили» и этому придавалось большое значение. Действительно, позднее, когда в 1974 году на съезде потребительской кооперации области меня избрали первым заместителем председателя правления облпотребсоюза, кооператоры области восприняли это как закономерность. Хотя, на эту, по тем временам высокую должность, до меня не только в области, но и в республике, как правило, никогда не назначали женщин.

Учитывая, что новое поколение вообще ничего не знает о потребительской кооперации, в которой мы прошли все вехи трудовой деятелыюсти, считаю необходимым пояснить и сказать несколько слов о сущности и роли потребкооперации, которая она имела в советский период. Своей сущностью это была уставная общественно-массовая многоотраслевая хозяйственная организация, основанная на средства нескольких поколений пайщиков (кооперативная собственность), демократичная в своей основе, так как все органы управления и контроля были выборными. Это была мощная народно-хозяйственная система (как государство в государстве) на которую советским правительством были возложены важные государственные задачи. Благодаря государственной поддержке потребительская кооперация СССР обеспечивала торговое обслуживание сельского населения всей страны (а это 60% всего населения Союза). Кроме того, занималась на селе заготовительной, производственной деятельностью, строительством своих объектов, имела собственную строительную и автотранспортную базу. Вела подготовку и переподготовку кадров через свои подведомственные учебные заведения (профучилища, техникумы-колледжи и кооперативные институты). И мы кооператоры по праву гордились, что работаем в такой авторитетной системе и выполняем важную государственную задачу по улучшению материальных условий жизни сельского населения.

Итак вернемся в 1971 год.

Хочу отметить, что в наш дружный сплоченный коллектив облпотребсоюза как то гармонично влился сравнительно молодой член коллектива – новый главный бухгалтер Бикенов Жарылкасын Бикенович.

Свойственная ему уважительное отношение к людям, доброжелательность, общительность, наряду с житейской мудростью и высоким проффессионализмом за непродолжительное время снискали ему уважение и авторитет не только в коллективе облпотребсоюза, но и в системе Казпотребсоюза и Центросоюза. Всех удивляла, в таком молодом возрасте, его деловая хватка, ум, рассудительность, красноречие, своеобразное мышление, степенность. Его феноменальная память, умение быстро ориентироваться в происходящем и делать выводы поражали даже ветеранов кол- лектива. Так, наш уважаемый аксакал Шаяхметов Кулькен Шаяхметович (бывший председатель Жанааркинского райисполкома, депутат Верховного Совета Казахской ССР) говорил: «Біздің Жарылқасын данышпан адам (народный мудрец)».











Жарылқасын Бикенов

Ветеран коллектива, потомственный кооператор Мукатов Молдаш Мукатович (уроженец Кокшетауской области) говорил о Жарылкасыне: «Бұрынғы уақыт болса, нағыз аға сұлтан сайланатын адам (в старое время быть бы ему старшим султаном)». И они были правы. Так думали все.

Быть бы тебе, наш друг Жарылкасын, где-то высоко-высоко даже не в нашей отрасли и везде тебе было бы место и ты соответствовал бы самым высоким рангам по своему предназначению.

Как гром среди ясного неба была весть о его болезни. Все мы были очень опечалены этой бедой и переживали за его будущее. Но наш Жарылкасын и тут оказался Победителем.

В дальнейшем всю его жизнь можно охарактеризовать двумя словами «Преодоление», «Жизненный подвиг».

Действительно, только за счет силы духа, мужества, поддержки правления облпотребсоюза, супруги Анияш и друзей он смог все преодолеть, доработать до пенсии, достичь определенных успехов, за что был удостоен правительственных наград. Его хорошие душевные качества, природный ум, гибкость мышления, жизнелюбие, позитивное мироощущение можно проследить на протяжении всей жизни. Чутко улавливая ход и веление времени, он всегда в гуще событий как в повседневной так и в общественной жизни. Приведу примеры: Будучи в Куйбышевской глазной клинике в 1974 году (как он сам рассказывал), он впервые начал петь, чтобы себя как-то развлечь, хотя раньше не подозревал о своих вокальных способностях. Позднее среди друзей он прослыл даже «главным певцом» и наряду с ораторскими способностями стал душой любой дружеской компании.

С приобретением независимости Республики Казахстан возрос у людей интерес к истории Казахстана и родословной казахов. Жарылкасын в соавторстве с несколькими учеными издал 4 тома Шежире (родословная) по 450-1100 листов каждая. Сейчас он взялся за Книгу воспоминаний на память своим детям, внукам и потомкам и мы друзья с охотой откликнулись на его просьбу дополнить его воспоминания.

Его жизнь – настоящий подвиг. Яркий пример не только его потомкам, но вообще всем людям, каким надо быть жизнестойким человеком. Он никогда не жалуется, друзья около него даже порой забывают о его недуге. Наоборот он сам готов поддержать любого в беде добрым словом и мудрым советом. Заслуживает особого уважения его умение дружить и поддерживать дружбу. Он внимателен и обязателен друзьям. Всегда искренне радуется успехам друзей и огорчается неудачам. У нас в семье уже давно привыкли, чго первое поздравление с праздником или с днем рождения взрослых и детей будут от Бикенова. Наши семейные дружеские отношения длятся уже много лет. Жарылкасын хороший рассказчик. Мне всегда нравится как он рассказывает Притчу о настоящем, половинчатом друге и временных попутчиках. Надо слышать как он артистично рассказываег эту поучительную притчу с ролевым разыгрыванием.

Своим добрым отношением к людям, мудростью он достиг того, что он нужен всем, не только родственникам. А это ведь большое счастье – чувствовать себя нужным людям. В повседневной жизни, случилась ли беда или намечается торжество, все кто знает Бикенова, в первую очередь ищут его, так как знают, только он на должном уровне сможет организовать эти мероприятия не забыв никаких условностей. На торжествах по случаю юбилеев из друзей только он может с блеском представить юбиляра не забыв ничего значительного из его биографии. А при проводах в последний путь... когда Жарылкасын начинает говорить с печальными нотками в голосе о достоинствах ушедшего, с сочуствием горю и печали близких, волей неволей у всех присутствующих наварачиваются на глаза слезы.



Словом, многогранный, гармоничный человек – наш Жарылкасын. У казахов есть выражение «Сегіз қырлы, бір сырлы». Это о нем.










Өмір сынақтарының сыры

Сейчас есть много литературы о казахских биях, ораторах (шешенах), которые вошли в историю. Я их с удовольствием читаю, особенно впечатляет меня афоризмы, мудрые изречения Казыбек бия. Казыбек бия современники и авторы книг характеризуют такими эпитетами: «зерек, әділ, алғыр, шешен, қасиетті, білгір, беделді». Ну кто скажет, что это не о Жарылкасыне?

Особо хочу отметить, что он отличный семьянин. Он с большим почтением и любовью относится к своей супруге Анияш, заботой окружает своих детей и внуков. Взаимопонимание, взаимоуважение, гостеприимство, достаток царит в доме у Бикеновых. И мы друзья рады этому.

Пусть всегда будет хорошо хорошим людям. Счастья, радости, долгих лет Вам совместной жизни дорогие Жарылкасын, Анияш. Пусть в Ваших потомках проявляются Ваши лучшие человеческие качества!

Жаныл Жуматовна ЖУМАГАЛИЕВА

Декабрь, 2014 год

ЖАҢҒЫРЫҚТЫ ҒҰМЫР

Жәкеш, сен әрбір адам қайталанбас жұмбақ екенін білесің. Ал сенің Тәңір сыйлаған дарындылығыңды ескерсек, сенің жұмбақтығың тіптен күрделеніп кетеді. Мен сен туралы естелік жазуым үшін әуелі осы күрделі жұмбақты түсіндіруім қажет. Санама сыйғанша, қолдан келгенше көрейік. Бұрын да айтқанмын: сен дарынды, болмысыңнан бөлек, табиғатыңнан тылсым, қайталанбас құбылыс иесісің деп. Әрине, бұл сенің ерекшелігің. Сенің аты-жөнің өзгермесе де, өзің үнемі өзгеру үстіндесің, құбылу үстіндесің, жаңғырып ғұмыр кешудесің. Сенің өміріңнің сәулелі сәттері қажымас еңбек пен жемісті бейнеттену, өзіңмен өзің күресу болды. Дүркін-дүркін сабалаған жабысқақ қара жаңбырдай азап та шектің. Қанатың қатып, ұядан түлеп ұшып, томағаңды сыпырып, көкжиекке енді бет алғанда қисапсыз да қисынсыз жазмыштың қиянатына тап болдың, бірақ сен өмірге өкпелемедің, өршелене түстің, күрестің. Өмірді зердеңмен зерттеп, пайым-парасатыңмен таразыладың, темірдей тегеурінділік көрсеттің. Ақыры сен жеңдің!



Алдынан келсең тістейтін, артынан келсең тебетін, қусаң жеткізбейтін, қашсаң құтқармайтын, өліп-өшсең де жаныңа жуымайтын даңқ деген талғампаз пәле болады екен. Ол ештеңеде шаруасы жоқ, ғұмыры ізденіс үстінде жүретін, уақытты өте қатты бағалайтын, келем, барам деген жерге бір минут кешікпей жетуді міндет санайтын, еңбекқор Бикеновтің соңынан, осы дүниеге қабаттаса бірге туыпты. Біреулерді бас айналар биікке шығарып, біреулерді сол биіктен шыңырау түбіне сүйектей лақтыра салатын даңқ сенің соңыңнан еріп отырыпты. Бұл даңқ шіркін лайық емес адамға жоламайтын көрінеді. Ол ойда жоқта бір күні келе салмайды екен. Кім екенін білдірмей шын мықтының жанында ұзақ жүреді екен. Жазу үстелінде қатар отырады. Сапарда бірге болады, шатақтардың, жазылған арыздардың ішінде, мейрамханаларда, ауру- ханаларда азапты бірге шегеді. Сен даңқтысың! Даңқ сенің жолсерігің, жұбанышың, көз жасын сүртетін бет орамалың, жан жарасын жуатын таң нұрың. Бұл саған азаппен келген мәңгілік даңқ. Кешегі даңқың бүгінгі даңқпен жалғасып, сен үлкен абырой иесі болдың.










Жарылқасын Бикенов




Сені ақырын-ақырын ашатын тағы бір ерекше сәт, сен алыс-жақын сапарға жиі шықпасаң да, жол жүріп тұруды жақсы көресің, қонаққа да жиі барасың. Қонақжайлылық, ол бержағы ғана. Маған ұнайтыны, сол кезде сен жұрт секілді бірдеңе іздемейсің. Сен өзіңді өзің іздейсің, өзің секілді даңқты, ізденімпаз Василий Ерошенко деген Ресей жазушысы өзінің бірде-бір көркем шығармасын орыс тілінде жазбаған. Төрт жасында су қараңғыдан көрмей қалған аса зерделі бала эсперантоны (жасанды тіл) тез үйреніп алады. Кейін аз уақыт ішінде жапон тілін меңгереді. Кавказды аралайды, Лондонға барып ағылшын тілімен шұғылданады. Жапонияға, Қытайға сапар шегеді. Тай, малай тілдерін үйреніп алады. Көзі көрмейтін адам сол тілдердің бәрін ел аралап, қалың халықтың ішіне кіріп, есту жүйесі арқылы, зердесінің кереметтігі арқылы үйренеді. Кейінірек, 1934 жылы Түркімения Оқу министірлігінің шақыруымен арнаулы балалар үйінің директоры болады. Түркімен тілін тез арада үйреніп алып, түркімен тілінен сабақ береді.

Қысқасы, Василий Ерошенко – қай жағынан да, өте сирек кездесетін айрықша құбылыс. Ол өзін ешқашанда көзім көрмейді деп есептемеген. «Көрдім», «көргенімді» деп сөйлейді екен. Бірнеше елді аралаған. Чукоткаға барып, мүлде бейтаныс елде, бейтаныс жерде жанына жолдас ертпей, ауа райының бұзылайын деп тұрғанына қарамай жолға шығып кетеді... Адасады. Жеккен иттерінің әбзелдері үзіліп кетіп, далада қалың қардың астында қалады. Босап кеткен бір топ иттің «көсемі» өте ақылды екен, бірнеше сағаттан кейін өздері жүрген ізбен кері оралып, өлуге айналған Ерошенконы қар астынан қазып алады.

Ал, енді, осы Ерошенконың сенен несі артық? Ештеңесі. Ол – жазушы. Сен де жазушысың, шежірешісің, шешенсің. Қорғасындай салмақты үнің, сұңқардай саңқылдаған даусың, тереңнен буырқанып шыққан мағыналы ойың сенің шешендігің емей немене? Енді осыған сенің кісілігі мейрім-шапағатқа толы, туа біткен турашыл, әділдікті ту еткен ақылшы аға, адал достық қасиетіңді қосса – XVIII ғасырдағы би-шешендерден кем түспейсің дер едім.

Қалт айтпайтын халық сенің басыңды бәленбай байтты компьютер дейді. Сенің халыққа сіңірген еңбегің, мамандығыңның ерекшелігіне байланысты шахтердің, не болмаса балташының, не құрылысшының нақты еңбегі сияқты көзге айқын көрінбейді. Сенің еңбегің дерексіздендірілген, баспен ой тұжырымдап атқаратын қызмет болды. Сен қоғамға өзіңді таныстыру үшін емес, қоғамды халыққа, басқарушы орындарға таныстыру үшін, ондағы қарым-қатынасты, оның барын, жоғын, дамып келе жатқан бағытын көрсете қызмет атқардың. Қатар-қатар тізіліп, тізбектеліп, кестеленіп жатқан цифрларға жан бітіріп, кейіпкерге айналдырып, сөйлетіп, қоғамда не болып жатқанын айтқызып, екі аяқты пенделердің адамшылығы мен пендешілігінен тұратын тіршіліктің, қоғамның ішкі мұңын, дамуы мен қозғалысын үнемі бақылап, көрсетіп отырдың. Үлкен жылдық, тоқсандық қорытынды жиындарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Тұтынушылар одағының басшыларын аяғынан тік тұрғыздың, ду қол шапалақтаттың. Олар сенімен санасты, кеңесті, сенің пікіріңді тыңдады. Бір сөзбен айтқанда, сен бір өзің халық шаруашылығының бүкіл бір саласының есебін есептеп, бір өзің бір орталық статистика басқармасының қызметін атқарып, қаншама бесжылдықтардың цифрларын басыңда ұстадың, жатқа айттың. Бұл көлемі жағынан Шоқан жазып алған Манас жырынан әлдеқайда, бірнеше мәрте үлкен ақпарат. Ал енді Ерошенконың басы тіл меңгеру жағы мен ел аралаудан үстемдеу екенін ескерсек, онда сен көретін ел мен жер, әлі сен атқаратын жұмыстар баршылық. Іске сәт дейміз!



Тақырып естелікке байланысты болғандықтан айта кетейін: ұмытпасам, екеуміз алғаш рет 1975 жылы маусым айында Қарағанды кооператив институтында мемлекеттік емтихан басталар алдында ректор П.Ф.Котляровтың кабинетінде таныстық, амандасып қол алыстық. Ректор тілегін айтты. Сен бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы екенсің. Ол кезде мемлекеттік емтиханға төраға етіп үлкен ғалымдар, не болмаса сала басшылары,







Өмір сынақтарының сыры

Не аса тәжрибелі үлкен мамандар шақырылатын.

Сол күні маған қарама-қарсы отырған, ашық маңдайлы. бойы биік, аққұба, шымыр денелі, құлақ бітісі ерекше, қою шашы ұқыпты таралған, сымбатты жігіт өзің болатынсың. Бірақ сенің бетің бұлшық еттері қозғалмайтын, клеткалары қимылдамайтын бір сұлық, тұрақты сурет тәрізді көрінді. Сырың сыртыңда емес, ішіңде екені сезіліп тұрды.

Содан көп ұзамай бір демалыс күні Ульянов ауданына, Нұраға суға түсуге бардық. Бізді жақын таныстыру үшін шақырған Сәлім болатын. Сәлім екеуміз ертеден таныс, сыйлас болатынбыз. Дастархан жайған сол аудандық Тұтынушылар одағының бастығы неміс азаматы екен. Сонымен шақырушы Сәлім де, дастархан ұйымдастырушы Жәкеш болды. Бірақ, бұл демалыстың менің есімде қалған ең қызықты жері, қайтар жолда екі сал жігіттің салған әндері болатын. Әсіресе сенің шырқаған «Куә болың» әлі есімде. Міне, бұл да сенің бір қырың болса керек.

Реті келіп тұр екен, айта кетейін. Жалпы, кооператив институты біздің оқу, білім қуған, асыл сезімдерді аңсаған, жанына жылу іздеген, бірін-бірі талант деп танып, жеті отбасының мызғымас дос, жанашыр бауыр болып, азаматтық қалыптасуымызға, топтасуымызға, өсуімізге үлкен ықпал етті. Бұл бір. Екінші жағынан, ең алғаш біздер үшін жайылған сіздің үйдің ақ дастарханы мен Әнияш екеуіңнің ақ ниеттерің ұйытқы болды. Екінші кездесу Сапкең мен Рузаның үйінде болып, содан әрі қарым-қатынасымыз нығаю үстінде болды. Әр кездесуіміз қонақ емес, тойға айналды. Барлық мереке, соғым, шілдехана, т.б. шаралар сән-салтанатпен өтетін еді. Сөйтіп жүріп, арамыздағы жалғыз бойдағымыз, болашақ ғылым докторы, профессор, академик, қоғам қайраткері, өтпелі кезеңнің дағдарысына түскен кооператив тұрғыда институттын нарықтық экономиканың қыспағынан, көк туын желбіретіп ақбоз атпен алып шыққан, дарынды ұйымдастырушы, қазіргі университет ректоры Ерқарамызды еліміздің абыз ақсақалдарының бірі Кенжин атамыздың қызыл гүлі – «Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр, Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де бетім көр» деп суреттелетін Ақжүністей Гүлнұр сұлуға үйлендірдік.

Өміріміздің көктемі – бәйшешек, жауқазын шағымызда танысқан жеті жанұя қызғалдақ өмірімізді бірге өткіздік. Бас қосқанда біздерден бақытты ешкім болмайтын. Өмір біз үшін ертегі болды, біз оған еркеледік. Біз перизаттармен бір қонып, періштелермен бірге ұшып жүргендей едік. Сөйтіп жүргенде жылдар жылжи беріпті. Ортамыз азайып, арамыздан аяулы достарымыз Санар, Ермекқали, Сәлім мезгілсіз ғайып болды. Теріміз иі қанған былғарыдай болушы еді. Бізде мұң бар демеуші едік. Енді, міне, бұлардың балаларын көргенде. қанша мықты болсаң да, жүрек шіркін ырқыңа көнбей шерге толып, мұң дегенің батпандай басатын болды. Өткен жылдардағы Рузаның тойында сырға толы Сапкеңнің Гулясының кіршіксіз періште көзқарасын көргенде, өзіңнің тойыңда алдымыздан әкесін көргендей құстай ұшып жүгіріп шыққан Ерекеңнің Әділханын көргенде, өз демім өзіме жетпей, шерленіп, босаудың алдында қалдық. Тойда Ерекеңнің балалары үлкен қызмет атқарды. Бұлар атаның балаға ауысқан ықыласы мен ынтымағы деп білем. Енді болашақ үшін, өзіңді көбірек, тереңірек білгісі келетін жақындарың үшін жылдар бойы қатпарланған белгісіз қыр-сырыңды ашып, жарқын бейнеңді, біреудің көмегінсіз, көз алдына елестететіндей етіп, сен туралы жан-жақты зерттеген естелік жазылуы керек. Ол үшін сен қалай тамақтанасың? Қалай демаласың? Қандай кітаптарды, қандай авторларды жақсы көресің? Мінез-құлқың қандай? Ата-бабаларың кім болған? Үзбей жұмыс істейсің бе? Арақ-шарапқа қалайсың? Әйелдерге ше? Киімді қалай киесің? Жұмыс орныңды қалай ұстайсың? Табиғат, жануарлар дүниесіне қалай қарайсың? Байсалдысың ба? Күйгелексің бе? Аяқ киімді қалай тоздырасың?

Баспанаң: туған үйің, тұрған үйің қандай? Карьерист болдың ба? т.т. толып жатқан сұрақтар көлденеңдейді. Бұл сұрақтардың үлкен-кішісі, мәнді-мәнсізі жоқ. Осы құрама сұрақтарға қайтарылған жауаптардан сенің табиғатыңды, болмысыңды ашып, сен жеткен жетістіктердің себебін айқындауға болады.











Жарылқасын Бикенов

Әрине, бұл сұрақтардың бәріне бірдей бір адам жауап бере алады деп ойламаймын. Аз да болса мағлұматым бар сұрақтардың кейбіреуіне қысқаша тоқтала кетейін.

Шежірешіге, ата-бабаларының кім болғанын жазып емес, «Арғын болсаң, Алтай бол», – деген бабаларымыздың сөзін ту етіп, аруақтарына сыйынып, өркендей бер деп тілек айтсақ орынды болар!

Ал Жарылқасын қандай кітаптарды, қандай авторларды жақсы көреді деген сұрақ мен үшін қиын. Себебі, нағыз кітап оқитын кезде біз бір-бірімізбен таныс болмадық. Сенің не оқып, не қойып жүргенің туралы ой бөлісе алмадық. Әйтеуір менің жадымда сенің өзіңнен естіген «Әй, Мырқымбай» деген мәтелің мен мақалға айналған Б.Майлиннің «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» туралы әңгімесі сақталып қалыпты. Соған қарағанда, сен Бейімбет Майлинді жақсы меңгердің деп ойлаймын. Сен бұл Мырқымбайды кооперативныйдың пілдей доценттеріне, кафедра қызметкерлеріне, не өзіңнің жақсы көретін таныстарыңа теңеп, көзінше де, сыртынан да әңгіме арасында айтып қоятынсың. Шыны керек, ол кезде мен Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстығым шамалы болатын. Бейімбет біз мектеп бітірер алдында ғана, 1957 жылы ақталып, оның шығармаларына қол жетпеген уақыт болатын. Ал сен Би-ағаңды сол кезде оқып, меңгеріп үлгеріпсін. Өткен ғасырдың 20-30 жылдар арасындағы, бұрын байдың жалшысы болып, кейіннен сол замандағы жаңа техниканы меңгерген, қоғам жұмысына ынталы азаматтың еңбекқорлығына риза болып, оны өзің жақсы көретін, өз еңбегімен өсіп келе жатқан азаматтарға теңеуің сенің қамқоршы, мейірімділігіңнің бір ұшқыны деп білем. Сол сенің «Мырқымбайларыңның» арасынан шыққан, өзіңе тартқан еңбекқор азаматтар бүгінде үлкен лауазымға ие.

Азаматтың болмысына, қызметіне ықпал ететін, әсер ететін бір нәрсе – оның баспанасы. Әрине, көп адамдар үй мәселесіне мұқтаж нәрсе ретінде қарайды. Сен бұл мәселені кезінде бәрімізден бұрын шештің. Облыстық тұтыну одағының бастығы В.Хан мырза сенің еңбегіңді, кісілігіңді, тазалығыңды бағалап, басшы қызметкерлердің бірін жолатпай, обкомның хатшыларының қолы жетпейтін жаңаша жабдықталған оңаша, кең сарайдай екі үйдің бірін саған алып беріп, біреуіне өзі көрші болып кірді.

Қызметі көтеріліп, Балқаштан енді ауысып келген, ұйымдастыру қабілеті жоғары, қуатты, жылдам қимылдайтын, іскер В.Ханға жұмысы босап кеткен Облыстық тұтыну одағының ісін қалпына келтіріп, оны дұрыс даму жолына қою үшін сенімді көмекші, білімді ақылшы, кәсіби маманның жәрдемі қажет болды. Сол себепті ол Жарылқасынды жанына шақырды. Оның есебі дұрыс болды. Хан да өсті, Жарылқасын да өркендеді.

Бұл баспана саған ерекше шабыт берді, көзіңе жұмақтай жайнаған мекенің болып көрінді. Үйіңде қаншама сән-салтанат, той-думан өтті, дастархан жайылды. Құт қонған босағаңда Ерқанатың дүниеге келді, ержетті, сол алтын босағада үйлендіріп, тойын атқардың.



«Сен қалай тамақтанасың?» деген сұраққа жауап ретінде. Жас дәуірдің сыйы – қос бақытың жар мен бала сүйдің. «Өзіне қарай қосағы, қосағына қарай ошағы» деп тегін айтылмаса керек. Сенің азаматтығыңа, өсуіңе, абыройының асқақтауына арқау болған, бақытыңның, шаттығыңның, қуанышыңның, қызығыңның қайнар бұлағы, ақ ниетті дастарханын жайып, алдыңнан жадырай қарсы алатын, жан жарың, сүйенішің, жарқын жүзді жан қалқаң Әнияш екеуіңнің үйлеріңнен сан рет желпініп барып, желігіп қайтқанымыз естен кетпейтін күндер қатарында. Әнияш даярлаған, біздер тамсана ішіп-жейтін дәмді тамақ кез келген үйде болмайтын, ілуде-шалу кездесетін, онда да олар сендердің төңіректеріңнен кездесетін. Яғни, сен сол дефицит заманның өзінде дұрыс тамақтандың, дұрыс киіндің. Қызметіңнің ерекшелігіне сәйкес дефицит іздеп уақытыңды жоғалтпадың, дефицит пен сені біз іздейтінбіз. Сенің арқаңда ауданаралық базаны сан рет араладық. Оның директоры Хазанскийдің қабылдауында болатынбыз, бірақ оның шәйға қойған лимиті 2 килограмнан аспайтын.










Өмір сынақтарының сыры

Арақ-шарап жайында және басқа әзәзіл сұрақтарға келсек, жауап қысқа. Себебі, сен бұлардан бойыңды таза ұстадың. «Арақ ішпейтін екі-ақ адам бар, оның да біреуі өлген, біреуі әлі туған жоқ», – дейді екен ипташ бауырлар (татарлар). Бұл арақ-шарабыңның үлкен індет екенін айқындап тұрған қағида. Біздің ауылға арақ өткен ғасырдың 50-ші жылдары келді. Ол кезде арақ кәткемен келетін. Кәткенің жанында үлкен саптыаяқ (кружка) тұратын. Арақтың дәмін татқысы келгендер сатушының үйіне барып кесеге толтыра құйып, біреуін тартып алып жүре беретін. Кейіннен қолдан ашытқан сыра пайда болды. Оны шілдеханаға арнап, не қонақ шақырар алдында ашытатын. Маскүнемдер болмайтын.

Әлі есімде бір рет өзіміздің достар, барлығымыз жиылып Жаңаарқаға қонаққа барып біраз қыдырғанымыз. Бір күні Сәбиттің (Қарашолақов) үйінде қондық қой деймін. Сол жолы байқадым, сенің картақұмар болмасаң да, картаны шылқ етпей, ұқыпты ойнайтыныңды. Бірақ бәрінен Сәбит мықты ойнайды екен! Сол жолы бәрімізді Сәбит екеуің ұттыңдар, білем. Сәлім де жақсы ойнады. Іштеріңдегі осалдарың Ермек екеуіміз болып шықтық.

Қыз-келіншектер жағына келсек, жоғарыда айттым ғой, сен бұлардан да өзіңді таза ұстадың. Сол кезде ләззат алуға өзін міндетті санайтын кейбір жолдастарға қарсы шықтың. Қарсы шығып қана қойған жоқсың, мұның үлкен әзәзіл екенін түсіндіріп те бақтың. Өкініштісі, олар сені тыңдамады. Кетті. Ал өзің нолигамды (көп әйелді) емес, нағыз моногамды еркек болдың, Әнияшқа деген шексіз махаббатың сені апатты көшкіндерден әрдайым сақтап отырды.

Соңғы сұрақ – Жарылқасын карьерист болды ма? Жоқ. Оның өз мүддесін қоғам мүддесінен ешуақытта жоғары қоймайтынын біле тұра, кәсіби маманға мұндай сұрақ қоюдың өзі күпірлік. Өз ісінің кәсіби маманы болу оның жүрегіне жақын, азаматтығына сыйымды талап болды. Қызметті білікті атқарып, бір сатыдан екінші сатыға көтерілу, ол үшін абыройлы да заңды, түсінікті құбылыс. Бұл оның өмір мектебінің принципі. Осы принциптің арқасында ол өзін кез келген лауазымды азаматтармен терезесін тең ұстады. Оларды сыйлады, алдында жалпаңдамады, жалтақтамады. Бірақ оларға қарсы сөз айтпады. Бала-шағасын жеткізді. Лауазымның табиғатын терең түсінді.

Маған барлық пәле істейтін жұмысты, атқаратын қызметті тиімді және тиімсіз деп бөлуден басталатын сияқты болып көрінеді. Тиімді жұмыс іздеп, жолын тауып орналасып, сонда жүріп, жағдайын жақсартып, заңды аттап не айналып өтіп баю деген сөз, сүйікті кәсіби мамандығың өзіңнен теріс айналды деген сөз. Мамандар жетпей жатқанда, бір маман өлді деген сөз. Әрине, бұл оған жат қылық. Ол жерде біреумен сыбайласпай тез байып кету оңай шаруа емес. Байланыстық арқылы байып мойныңа күнә артып, енді билік үшін күресіп, бәрін сатып аламын деп, сатып алып та, жылжи-жылжи жоғарылағандар жоқ емес. Қолына билік тиіп өзінің кім екенін көрсеткен мысалдар да жетерлік.

Десек те, негізі билікке ұмтылу, мансапты болу табиғи заңды құбылыс. Тарихтан білеміз, билік үшін хан тұқымы да, қара да қан төгеді. Ақылды да, ақымақ та, жас та, кәрі де, бәрі арпалысады. Тіпті балалар бақшасындағы бүлдіршіндерге шейін «лидер» болу үшін бар күшін салады. Ақыры біреуі жеңіп, соның дегені деген! Жан- жануар, құрт-құмырсқа, бәрі-бәрі күреседі. Әйтпесе қошқар, бұқа, арыстан, айғыр, етікші ала қоңызға дейін неге айқасады?













Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет