10
В статье впервые рассматривается книга профессора центра «Европейского, русского
и евразийского исследования» Тимура Кожаоглу Мичиганского университета, посвященная
125 летию Магжана Жумабаева и включает переводы с оригинала
его стихотворении на
турецкий и английский языки, также ссылки на исследовательские работы про поэта.
Дополнительно автор представляет ценную информацию про переводы профессора
опубликованные в английской газете «Kazakhstan» еще в 1993.
Annotation
For the first time, the article discusses the book by Timur Kojaoglu of the University of
Michigan, Professor at the Center for European, Russian and Eurasian Studies, dedicated to the 125th
anniversary of Magzhan Zhumabaev and includes translations from the original of his poem into
Turkish and English, as well as links to research works about the poet. In addition, the author provides
valuable information about the professor’s translations published
in the English newspaper
“Kazakhstan” back in 1993.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласында ұлт жаңғыруының басты шартын анықтап берді: «Ұлттық салт-
дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» [1]. Осылайша ұлттық кодты сақтай отырып,
мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына
таныстырудың маңызын айқандап, мың
жылдық тарихымызда төл мәдениетімі
з
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол
тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады деп таяу болашақтағы міндеттерді анықтады.
Сталиндік репрессия жылдарында қуғынға ұшырап, халық жауы атанып,
отты жырларына
тұсау салынған қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың да поэзиясы тәуелсіздік
жылдарынан кейін қайта түлегендей. Тек түлеп қана қоймай, қанат жайып, әлемдік кеңістікке
танылып келеді. Ұлттық құндылығымызды, өлшеусіз әдеби мұра -
ақын шығармашылығын
жалпы адамзатқа мұра болып қалуына себепші болатын әрине аударма. Жаңашылдығымен
қатар, терең философияға, патриотизмге, романтизм мен символизмге, әрі ұлттық калоритке
толы ақын поэзиясы аудармада қалай көрініс тауып отыр деген сұрақтың туындауы заңды әрі
қажет. Сол себепті ақын поэзиясының туыс емес орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы
лингвомәдени аспектісі тұрғысынан қарастырылуы қажет. Мұндай зерттеу ақын мұрасының
аудармаларының
сапасын ғана анықтап қоймай, болашақтағы тәржімалардың деңгейін
жоғарылатып, түпнұсқаны жан−тәнімен түсініп аударуға қабілетті ұлттық аудармашыларды
ниеттендіруге себін тигізеді деп үміттенеміз. Әзірге, жоғарыдағы елбасының ел болашаққа
қойған міндетті орындауға бір қадам болса да алға басып, алғаш рет Мағжан ақын поэзиясын
түпнұсқадан ағылшын тіліне аударып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандарға ақынмен
жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп отырған тұлғамен танысқанымыз жөн болар.
Мағжан ақынды ағылшын тіліне тікелей түпнұсқадан
тәржімалаған Мичиган
университетінің «Еуропа, орыс және еуразиялық зерттеулер» орталығының профессоры -
Тимур Коджаоглу. Мағжан ақынның 125 жылдық мерейтойына орай профессордың «The poet
of flame, liberty and love» атты, түрік және ағылшын тілдеріндегі аудармалары, ақын жайында
жазылған еңбектерге сілтемелері бар кітап жарық көрді. Яғни, қазақшаласақ, «Жалын, азаттық
және махабаттың ақыны». Кітап атауының дәл осылай аталуының да себебін түсіндіреді.
Әлемдік әдебиетте «Күнді, Отты, Желді» Мағжан ақындай жиі қолданған ақындардың
аздығын баса айтады. Ақын поэзиясында бұл табиғат құбылыстары адам сезімімен астасып,
концепт деңгейіне көтеріледі. Париж қаласында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өткен
«Мәдени мұра мен болмыстың қайта жаңғыруы: түрік тілі өткеннен болашаққа» атты
халықаралық форум аясында Тимур Коджаоглу Мағжан ақын поэзиясын тәржімалауды сонау
1977 жылдары жасай бастағанын атап өтеді [2]. Tәуелсіздік алған соң екі жылдан кейін, яғни
1993 жылы алғашқы 7 өлеңнің тәржімасын жариялайды. Олар «Kazakhstan» деп аталатын
ағылшын газетінде басылып шығады. «The Great Kazakh poet Maghjan Jumabayuli’s poems»
атты мақалада Мағжан ақынның өлеңдері өлеңі ағылшынша сыр шерткен. Олар: «To the lady
Rose» - «Гүлсім ханымға», «The word of Tamerlane» - «Асқақ Темірдің сөзі», «The Fire» - «От»,
«The Nightingale» - «Бұлбұл», «The Prisoner» - «Тұтқын», «Wind» - «Жел». Соңғысынан бір
шумақ оқып, сусындап көрелік:
11
The Wind – an unruly child,
Its love – golden steppe.
Runs without a rest.
Speeds as unchecked by the rein,
whispers as telling secrets,
Sometimes bellows like a wild animal. [3]
Ал кейіннен жарық көрген кітапта осы аудармалардың біраз өңделген нұсқалары және
басқа да тоғыз өлеңнің ағылшынша аудармасымен толықтырылғанын көреміз. Екі дүние есігі,
ер түріктің бесігі аса құнды тарихи, мәдени туынды – «Түркістан» ағылшынша сыр шертеді:
Turkistan – the gate of this and otherworld,
Turkistan, the brave Turk’s cradle.
Wonders were born in the lace like Turkistan,
Which is a gift from God to the Turks. [4, 35]
Сондай-ақ барша түркі халықтарының
баға жетпес рухани, әдеби құндылығы болып
саналатын, романтизм мен реализм сарыны астасып, керемет үндестік тапқан «Алыстағы
бауырыма» өлеңі де жаһандық тілде өз көрінісін тапты:
Haven’t we have played
golden knucklebone
Haven’t we scuffled together in the same bed
Haven’t we drank from our mother Altay
the same white milk and tasted together? [4, 69]
Араға 80 жыл уақыт салып, 2001 жылы түрік ақыны Фейзуллах Будак қазақ ақыны
Мағжанның 1918 жылдың бірінші
жартысында абақтыда отырып, шетел басқыншыларына
қарсы күресіп жатқан түрік бауырларына «Алыстағы бауырыма» деп жазған өлең жолдарына
жауап жазады:
Алыстан азабымды білген бауырым,
Жұбатып, көздің жасын сүрткен бауырым.
Отырып өзі жаудың ортасында,
Көңілді мұң - зарыма бөлген бауырым. (Мағжан Жұмабаев. Алыстағы бауырыма
https://abai.kz/post/16277
)
Баяндамада профессор Тимур Кожаоглу Мағжанды ағылшын тіліне әлем танысын деп
тәржімалайтынын айтып, келер екі жылда ұлы ақынның тағы 40 өлеңін аударып, кітап
шығаруға ниетті екенін білдіреді. Өз сөзін «Мағжан Жұмабаев даусыз XX ғасырдағы қазақ
поэзиясының ұлы тұлғасы болып табылады. Сондай-ақ барлық түрік халықтарының заманауи
әдебиет ақындарының ішіндегі ең көрнектісі, болашақ ұрпақ әлі де ақын шығармашылығын
тереңірек зерттеуі қажет» деген тұжырыммен тәмамдады. Ал, біз қазақ ақынын жаһандық
тілге аударып, алты құрлыққа паш еткен аудармашыға алғыс айтып, төл туындыларды жан-
тәнімен түсініп,
ұлттық бояуын, болмысын сезінетін ұлттық аудармашылар көбейсе екен
дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: