Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет130/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
сборник3

Список литературы.
1. Трайнев В.А. Деловые игры в учебном процессе: методология разработки и практика 
проведения. – М.: МАНИПТ, 2002. 
2. Ландсберг М. Коучинг. Повышайте собственную эффективность, мотивируя и развивая тех, 
с кем вы работаете. М.: Издательство: Эксмо, 2006. 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
АЙМАНОВ Нұржан Ермекбайұлы 
№68 жалпы білім беретін мектеп 
Қазақстан, Шымкент қаласы 
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация 
құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте 
инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен 
оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Бұл түсінік. ХХ 
ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде пайда болды. Жалпы 
педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде беруімізге болады. 
Білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері 
Кіріспе. Мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде дамуы барысында орта білім берудің 
жүйелі жаңашаландырылуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді 
жаңашаландыруды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты: қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін 
технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі 
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары мен 


134
жаңа технологиялары бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір 
білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе 
жүзінде сыннан өткізу маңызды. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі 
білім беру саласында сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық 
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, 
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі 
дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Еліміздің болашақ ұрпағы үшін ХХІ-ғасырдың – ғылым ғасыры деген сипатын 
дәріптейтін заманауи жаңашылдық іс тәжірибелерді дамыту көзделген. Сондықтан жас 
ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. 
Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа 
мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық 
балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті. 
Осы 
бағытта 
оқу-тәрбие 
үрдісін 
жандандырудың 
қазіргі 
инновациялық 
технологияларын жетілдіріп, оны арнайы пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы 
білім сапасын жоғарлату мақсатында бір қатар бағыт-бағдарлар берілуде. 
Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен табиғи қабілеттіліктерін ескере отырып, 
шығармашылық қабілеті мен сабаққа ынтасын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін 
дамыту, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық 
тәрбие беруде де, ойлау қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді және 
технологияларды тиімді қолдана білуі қажет. 
Білім берудегі адам қабілетімен іскерліктерін дамытуғы бағытталған оқу-тәрбиеде 
қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері көрсетілетін психологиялық-
педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруға 
бағытталған біріккен педагогикалық іс-әрекетке жаңашылдық тұрғысынан келу 
инновациялық технология болып табылады. Демек, инновациялық технология маманның 
құзіреттілігіне ықпал ететін шығармашылық қасиеттерді, шеберлікті қалыптастыруға 
қолданылатын әдіс-тәсілдер мен амалдар жиынтығы. 
Бүгінгі жаһандану заманы жаңашылдық, жаңа көзқарастар мен өзгерістерге толы. Ал 
біз осы ағынмен өмірімізді жаңа өнімдерді, техникаларды, жетілген білімдерді, жан-жақты 
дамыған идеяларды пайдалану арқылы жалғастырып отырмыз. Сондықтан білім беру жүйесін 
ізгілендіру барысында оқыту үдерісіндегі, әдіс тәсілдерде жаңашылдыққа бағытталуы тиіс. 
Соңғы кездері оқыту үдерісінде осы мақсатта пайдаланылып жатқан электронды 
оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электронды оқыту бұл электрондық бизнес сервистерін 
және технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту 
үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған. 
Желілік инфрақұрылым электрондық оқу үшін технологиялық база болып табылады. Желілік 
инфрақұрылым өзінің күштілігімен, сенімділігімен, қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен 
ерекшеленеді және ашық оқу стандартына негізделеді. 
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық 
оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық уақыт 
үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын 
еске түсіруге, сауалнамалар арқылы өзін өзі бағалауға зор ықпал етеді. 
Электрондық оқыту формасы қашықтықтан оқу жүйесінің құралы болып табылады. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі көрінісі оқытушы мен студент арасындағы қазіргі 
заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас 
орнатуы. 
Қашықтықтан оқудың дәстүрлі оқу түрінен айырмашылығына: 
Ыңғайлылық - кез келген жерде, кез келген өзіңе ыңғайлы уақытта жылдам дайындалу 
мүмкіндігі. 
Параллельдік - маман ретінде өсуі, жетілудің қатарлылығы. Үнемділік - оқу аудандары 
мен техникалық және жеткізу құралдарын қолайлы пайдалану. 


135
Технологиялық - әлемдік постиндустриалды ақпараттық кеңістікте адам қозғалысын 
жылдамдататын ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа 
жетістіктерін білімдендіру үдерісінде қолдану. 
Әлеуметтік тең құқылылық - студенттің материалдық және элитарлық, денсаулық 
жағдайы, тұратын орнына қарамастан тең білім алу мүмкіндігі. 
Халықаралық - білім нарығында әлемдік жетістіктерді импорттау және экспорттау. 
Икемділік - студенттер көп жағдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға 
қатыспайды. Әркім өзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін өзіне керекті 
мөлшерде білім алады. 
Модульділік. Қашықтықтан оқыту бағдарламаларының негізіне модульдік принцип 
саналады. Студенттер игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы 
туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның өзі бір- біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке 
немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді. 
Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі - студентпен білім беретін мекеме арасындағы 
қашықтық (байланыс жүйелері жұмысының сапалылығы жағдайында) тиімді білім беру 
үдерісіне кедергі болмайды. ҚОЖ жүйесінде оқитыңдар саны шектеулі параметрге жатпайды. 
Қамту - бұл ерекшелікті кейде «көпшілікті қамту» деп атайды. Олардың көптеген оқу 
ақпараттары көздеріне (электрондық кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, 
сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе басқа да ақпараттық 
технологиялар құралдары арқылы байланыса алады. 
Рентабельділік - қашықтықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан 
тиімділігімен айқындалады. Студенттердің сапалы білім алуын іскерлігі мен дағдысын 
қалыптастыруда және ұлттық рухани мұраларынан хабардар болуын көксеген ұлттық төл 
оқулықтар, карта, атластар, сондай-ақ картографиялық, аэроғарыштық есептер мен қажетті 
оқу-әдістемелік және көмекші құралдар қарастырылуда. 
Жаңарған білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, 
өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше ізденуіне мүмкіндік тудыру. 
Интерактивті оқытудың қағидалары: тұлғалану, икемділік, элективтілік, мазмұндық, 
тәсіл, ынтымақтастықты дамыту, белсенді оқыту әдісін пайдалану болып табылады. 
Енді осы технологиялар негізінде білім алушының материалдарды игеру нәтижелері 
төмендегідей: 
Сызба сараптамасынан көріп отырғанымыздай интербелсенді бағдарламамен басқару 
арқылы жүретін визуальды және аудионәтиженің өзара әрекеті арқылы білім алушының 
танымдық, 
шығармашылық, 
нәтижелік, 
қызығушылық 
қасеиттерін 
дамытып, 
мультимедиалық – нысандар мен үрдістерді фотосуреттің, бейненің, графиктің, анимацияның, 
дыбыстың дәстүрлі мәтіндік сипаттамамен үйлестіріп берілген ақпаратты толық меңгеруі мен 
өзіндік ой қорытуларын жасауда ұтымды шешім табады. Мультимедианың басқа оқыту 
құралдарынан сандық және сапалық артықшылығы бар. Жаңа сапалық артықшылығы мен 
мүмкіндіктеріне тікелей аудиовизуальды көрсету барысында кескінді бейнені қозғалысқа 
келтіріп, сөзбен көркемдеуді жатқызуға болады.. Сандық артықшылығын мультимедиалық 
ортаның ақпараттық тығыздығы біршама жоғары болуы айқындайды. Көптеген адамдар 
естіген сөздерінің 15 - 20 ¿ және көргендерінің 30-40%-н есте сақтай алатындықтан ақпаратқа 
қаныққан мультимедиалық оқыту құралдарын көру аудартуға және көрген білімалушылардың 
назарын құбылыстар мен үрдістерді белсенді түрде талдау арқылы өтілетін оқу 
материалдарын есте сақтауға, терең меңгерулеріне мүмкіндік береді. 
Қорытынды: Міне осыдан келіп жаңа оқыту технологияларымен ақпараттық 
технологиялар негізінде оқыту жүйесін ұйымдастырудың тиімділігін сипаттау қолайлы. 
Кейінгі оқыту технологияларының негізгі құралы болып отырған мультимедия-құралдары әр 
түрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі прогрессивті техникалық 
инновацияларды пайдалану жаңа деңгейдегі білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік 
береді деуге болады. Қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сапалы да саналы білім 
алуына ықпал етуші құралдарды пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа 


136
педагогикалық инновацияларды орынды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана 
білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап 
көрсеткеніндей, білімді, саналы, дарынды, іскер, ойшыл болашақ ұрпақты даярлауда ең 
алдымен білім қажет. Жас ұрпақтың рухын оятатын, елін, жерін құметтейтін, мәдени ұлттық 
қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім. Әрбір ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы 
білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал 
ету екендігін бәріміз білеміз. 
Жаңа заман жаңа технологиялармен сусындаған ақпараттық қоғамның негізгі талабы – 
білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау 
қабілеттерін дамыту, жаңа қоғамға бейімдеу мен интеллектуалды дамуын қалыптастырудың 
бірден-бір жол болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет