139
- Оқытылатын жабдықтармен қауіпті және апаттық режимдерде жұмыс жасау
мүмкіндігі;
- Тәжірибе шарттарын өзгертудің мүмкіндігі;
- Пайдалану шығындарының болмауы.
Әр түрлі технологиялар кәсіпшілік дағдылары мен іскерліктерін, ішкі түйсіктері мен
шығармашылық қабілеттерін әр түрлі дамытуға мүмкіндік береді.
Haskett consulting inc. (HCI) соңғы зерттеулері бойынша: «Адамдар көрген
ақпараттарының 20%-ын, көріп-естіген ақпараттарының 40%-ын және көріп, естіген және
жасаған нәрселерінің 70%-ын есте сақтайды». Осындай мәліметтер Ресей және шетелдік
ақпарат көздерінен алынған нәтиже бойынша -
Есте сақтаудың пайыздық үлесі:
- мәтін оқыған кезде - 10-30%;
- сызба мен кестелерде көбен көрген кезде - 20-40%;
- көріп-естіген кезде (мультимедиа) - 30-50%;
- айтып-жазған кезде (интерактив) - 50-75%;
- көріп-жасаған кезде (модельдеу, тренажерлар) - 65-95%.
Осыған орай, виртуалды шынайылылықты қалыптастыру технологиясының көмегімен
білім берудің тиімділігін арттыруға болады деген қорытынды жасауға болады, өйткені бұл
жағдайда адамның бірнеше қабылдау каналдары (көру,есту, кинестика) қамтылады.
Технологиялардың тиімді түрлерінің бірі - электроңдық оқу құралын арнайы пәндерді
оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану - бұл оқу курсының ең маңызды
бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу
эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық проектілерге нұсқау және т.б.
білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын
алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы
тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап,
анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық
арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл,
әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын
сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың
кұштарлығы оянады деп есептеймін. осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық
оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ
игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал [3].
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты
міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және
қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім
дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты
игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Жалпы, оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ түсіндірудің
маңызы өте зор және оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып,
шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын
арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Осы біліммен
өндіріске барған жас маман кейінгі заманауи мүмкіндіктермен жұмыс жасау шеберлігін
қалыптастыра алады. Сондықтан оқу процесінде инновацияны қолдану – біздің басты
міндетіміз болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: