Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет54/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   135
Байланысты:
сборник3

бірлескен іс-әрекеттегі
зерттеу 
түрі таңдалып, тарих пәні мұғалімдері 
арасында ынтықмақтасқан орта құрылып, 8 және 10 сыныпта кездесетін ортақ мәселені 
зерттеу көзделді.
 
Яғни,
«Дерекпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың зерттеушілік 
дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары қандай?»
тақырыбындағы мәселені шешу 
қолға алынды.
Неліктен бұл тақырып таңдап алынды? 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып тарих пәнінің бағдарламасы бойынша оқу 
жылы аяғында Сыртқы Жиынтық бағалау қарастырылған. Сыртқы жиынтық бағалау 
жұмысының 1 компоненті бойынша оқушылар алты дереккөзге талдау жүргізіп, олардың 
құндылығы, сенімділігіне баға бере отырып берілген сұрақтарға дәлелдемелер келтіріп жауап 
беруді керек ететін тапсырма қарастырылған. 
«Бұл емтихан жұмысында міндетті үш сұрақ 
берілген. Әр сұраққа сәйкесінше (15), (18) және (21) балдан қойылады. Сұрақтар оқушының
әр түрлі деректерді: мәтін, график, сызба, сурет, карта, постер, таблица арқылы
түсіндіру, қолдану, бағалау дағдыларын тексереді. Дереккөз материалдары 600 сөзден
аспайды»
[3].
Жылда өткізілетін емтихандардың нәтижесі бойынша оқушылардың дереккөздермен 
жұмыс жасауда, талдауда қиындықтары бар екені айқын көрініс табады. Емтиханның бағалау 
міндеттері үш бөліктен тұрады: білу және түсіну, дағдылар және талдау, пайымдау және 
шешім қабылдау. Бағалау міндеттері бойынша оқушылар жазба емтихан жұмысы барысында
пән бағдарламасының мазмұнын түсініп, іріктеп, білімін көрсете біліп, тарихи оқиғалардың
себеп-салдарын, өзгерістер мен үздіксіз сабақтастықтарын, ұқсастықтар мен 
айырмашылықтарын, өткен замандағы адамдардың дәлелдерін, пікірлерін, көзқарастары
мен нанымдарын, тарихи контекст бойынша дереккөздерді кең қолданып, бағалап, түсіндіре 
білуі тиіс[3].
Осы орайда оқушылардың емтихан жұмыстарында кездесетін және оқушылардың 
нәтижелеріне кері әсер еткен негізгі факторлар төмендегідей 
(аналитический отчет по 
итогам внешнего суммативного оценивания учащихся 10 и 11 классов Назарбаев 
Интеллектуальных школ в 2017-2018 учебном году)


дереккөздерді қолдануда оның құндылығын бірнеше аспектіде қарастырып, 
бағалай алмауы; 

дереккөздерді бір-бірімен байланыстыра алмауы; 

оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысының төмендігі;

себеп-салдарларға назар аудармауы; 

сұрақты ашуда дәлелдер келтіре алмауы.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет