Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1


(2 сағат) 1. Сабақтың мақсаты



бет20/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47

(2 сағат)
1. Сабақтың мақсаты: Диатомды балдырлардың өкілі пинулярия балдырының жасуша құрылысы, морфологиясы, таралу ерекшеліктермін танысу.

2. Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

Пинуллярия бар су тамшысы, микроскоп .


Жалпы түсінік

Диатомды балдырларға таякша пішінді бір жасушалы және қауымды микроскопты, күрделі кұрылысты ағзалар жатады. Жасушаның іш жағынан пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы, /тека/ берік сауыт каптап жатады Жактаудын сырткы – үлкені эпитека, ішкі - кішісін гипотека деп атайды. Бұл балдырлардың жасушалары бір ядролы, хромотофоры бірден бірнешеуге дейін барады. Хромотофорында хлорофилл пигментінен баска коныр диатамин, сары-карогин пигменттерінің болуына байланысты диатомды балдырлар көбінесе сарғыш-қоңыр түсті келеді. Жасушаларының цитоплазмасы қабыкшасына жакын кейбіреулерінде жасушаның ортасына, ядронын маңына орналасады, Қалған жасуша ішіндегі бос орында жасуша шырынына толы вақуоль алып жатады. Жасушада бір кейде бірнеше пиреноидтары болады. Жасушаның пішіні оның орналасу жағдайына байланысты. Жасуша жақтау жағынан бір түрлі көрінсе, белдеу жағынан екінші бір көрініс көрсетеді.

Диатомды балдырлар жыныюсыз көбейгенде жасушаның жай екіге бөлінуі аркылы вегетативті көбейеді. Жынысты көбеюі көпшілігінде коньюгация сиякты изогамия, кейбіреулерінде оогамия аркылы болады. Паанктонды түрде тіршілік ететін диатомды балдырларда ұсак 8-ден16-ға дейін тузілетін микроспоралар аркылы көбейетіні аныкталды. Миқроспоралар талшыкты не талшыксыз болады. Бүл споралардын түзілу табиғаты толык зерттелген жок. Диатомды балдырлар вегетативті кезінде диплоидты болады. Гаплоидты болып жыныс мүшелері ғана есептеледі. Бұл бөлімге 10 000-дай түр жатады. Сырткы кремнеземді қабықтарынын кұрылысына карай оларды екі класка бөледі. Пеннатталылар - Реппаtорһусeаe класы. Бұл класқа жасуша кұрылысының екі жакты симметриялы болып келуімен сипатталады. Жасуша кұрылысына карай тігістілер және тігіссіздер болып екі катарға бөлінеді.

Тігістілер - Rephinales катары. Бұл катар жақтауларындағы канал не саңылау сиякты тігістерінің болуымен сипатталады. Тігістерінің болуына байланысты қозғалғыш келеді.Пиннулярия - Ріnnulаria туысы бір жасушалы қозғалғыш, эллипс пішндес созылған, екі жақтаулы, шеті дөңгелектеніп келетін балдыр. /59 сурет/. Егер оны 90* бұрыш жасап бұрсак онда оның көрінісі ұзын тік төртбұрыш сиякты болады. Бірінші жағдайда пиннулярияны жактау жағынан, карағанда орталық сызыктык бойынан үш төмпешікті көреміз, онын 6іреуі ортасында, калған екеуі жактаудың үштарына такау орналасады. Бүл ішкі кабыктың калындауынан пайда болған төмпешіктер, оны түйін деп атайды. Түйіннің бір үшынан екінші ұшына қарай жактаудың ортасынан тігіс өтеді. Пиннулярияны белдеу жағынан караса, оңда оның екі жактауы айкын көрінеді. Ішкі кіші жағы - гипотека, оны жауып түратын сырткы үлкен жактауы - эпитека деп аталады. Сауыттың ішіңде жаткан жасушаның орта бөліміндегі көлденең цитоплазмалық көпіршеде ядро жатады. Жақтаудың бүйір жағына карай ірі пластинкалы екі хромотофор орналасады, көпіршенің екі жағыңдағы бос куысты жасуша шырынына толы вакуоль алып жатады. Онда қор заты май тамшылары түрінде жиналады. Жыныссыз көбеюі ядро мен пртотопластарының митоздык бөлінуі аркылы вегетативті жолмен жүзеге асады, бұнда жактаулары ажырасады, пайда болған протопластар жетпеген жактауларын қалыптастырып, екі жас пиннулярия балдыры пайда болады. /59 сурет/. Бірнеше рет жыныссыз бөлінгеннен кейін, үсақталған пиннулярияның жынысты көбеюі басталады.




Жынысты көбею кезінде екі пиннулярия бір-біріне жакындасады да, жақтауларын тастайды да өздері кілегейге оралады, бұдан кейін ядросы мен протопластары редукциялык жолмен бөлініп, төрт моноплоидты жасуша-тетрада пайда болады, нәтижесінде әртүрлі тетрадаға жататын екі жасуша косылады да, екеуі тіршілігін жояды. Екі жасушаның косылуынан диплоидты зигота - ауксоспора пайда болады. Ауксоспорадан жаңа жактаулары бар пиннулярия балдыры дамып жетіледі. Пиннулярияның тіршілік кезеңі диплоидты жағдайда өтеді.

Пиннулярия басқа диатомды балдырлармен бірге көп мөлшерде бөгеттердің түбінде, аквариумда, лас суларда, топырақта кездеседі.

59- сурет. Пиннулярия:А-белдеу жағындағы көрінісі,Б-қақпа жағындағы көрінісі,В-ұзыннан кесіндісі, Г-көлденең кесінді, Д-вегативті көбеюі , 1- Эпитека, 2-гипотека, 3-тігіс, 4-тұз, 5-хлоропласт, 6-пиреноид, 7-цитоплазма, 8-ядро, 9-вакуоль.

60-сурет. Центрикалы диатомдылар: 1-Coscinodiscus ; 2 – Cyclotella (а –жақтау жағы, б – белдеу жағы); 3 – Melosira; 4 – Chaetoceros (в –жақтау, г –коллония бөлігі)



3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Су қоймалары, лайқы суларда, аквариумдарда мол кездесетін балдырлардың арасынан пинуллярия балдырының препараты дайындалады. Препаратты заттық айнаның үстіне банкадағы судан бір тамшы тамызады. Микроскоп жәрдемінде балдыр іздеп табылады.Алғаш микроскоптың кіші көрсеткіші ,соң үлкен көрсеткіші қолданылады.Микроскопта балдырдың жасуша құрылысы, олардың қозғалысы көрсетіледі. Пинуллярияның тігістік көрінісі анықталынады. Альбомға пинуллярия талломы және клетка құрылысының суреттері салынады.


4. Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1. Диатомды балдырлардың құрылыстары.

2. Диатомды балдырлардың жыныстық процесстері.

3. Диатомды балдырлардың клациссификациясы.

5. Жұмыс нәтижесін тапсыру:

Пинуллярия балдырының препараттары.

Пинуллярия балдырының фиксация етілген препараттары.

Пинуллярия балдырының толық суреттері.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Диатомды балдырлардың классификациясы.

2. Диатомды балдырлардың клетка құрылысы.

3. Диатомды балдырлардың жыныстық процесстері.

4. Бентостың және планктонды балдырлардың ерекшеліктері.

5. Диатомды балдырлардың табиғаттағы маңыздылығы



Тәжірибелік сабақ 7. ҚОҢЫР - РНАЕОРНҮТА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ

(2 сағат)
Мақсаты: Phaezoosporophyceae бөлімінің жекелеген өкілдерінің құрылысы мен биологиялық ерекшеліктерін оқу.

Практикалық дағдылары:

Қоңыр балдырлар өкілдерін тани білуге үйрену.



1-тапсырма. Phaezoosporophyceae класы өкілдерінің даму цикліне Laminaria sp. ( 40 сурет) мысалында сипаттама беру жəне анықтап қарау.

2-тапсырма. Қарау жəне суретін салу:

Laminariales қатары

Laminaria sp. (спорофит пен гаметофит талломдарының морфологиясы)

40- сурет. Laminaria sp. даму циклі (өзгерістерімен www.unioviedo.es бойынша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет