Сөж тақырыбы: Қанның буферлік жүйесі Орындаған: Абдуллаева С. Әкімбекқызы А



бет7/8
Дата13.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#67844
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қанның буферлік жүйесі

Қанның буферлік жүйелері


Атауы

Құрамы

Буферлік әсерді сипаттайтын тепе-теңдік

Гидрокарбонатты

Н2СО3; НСО3-

Фосфатты

Н2РО4-; НРО42-

Гемоглобинді

(окси


гемоглобинді)

ННb; Нb-

(ННbО2; НbО2-)



ақуызды

PtCOОH; PtСOONa

Адам қанының буферлік жүйесін 2 топқа бөлуге болады;

1. Қан плазмасындағы буферлік жүйелер;

2. Қанның формалы элементтерінің буферлік жүйесі

Қан плазмасындағы буферлік жүйелер:


  • Бикарбонатты буфер (Н2С03 +NaНСО3)
  • Фосфатты буфер (NaH2P04+Na2HP04)
  • Белоқтық буфер (H2N-R-COOH+H2N-R-COONa)
  • Бос амин қышқылдары мен олардың тұздары
  • Органикалық фосфаттар (фосфор қышқылының эфирлері).

Қанның формалы элементтерінің буферлік жүйесі:
  • Бикарбонатты буфер (Н2С03 +NaНСО3)
  • Фосфатты буфер (NaH2P04+Na2HP04)
  • Белоктық буфер (гемоглобинді-оксигемоглобинді)
  • Фосфор қышқылының эфирлері.

Бикарбонатты буферлік жүйе әлсіз көмір қышқылы мен диссоциациясы нәтижесіндегі түзілетін гидрокарбонат-иондар тепе-теңдігімен байланысты.

HCО3- + Н+ ↔Н2СО3

НСОз- + Н2О↔Н2СОз + ОН-

Ағзадағы көмір кышқылы, көмірсулар, майлар, ақуыздардың ыдырау өнімі-көміртек диоксидінің гидротациясы нәтижесінде түзіледі. Бұл процесс фермент карбоангидраза арқылы жеделдейді.

С02 + Н20 ↔ Н2СО3



Фосфатты буферлік жүйе гидрофосфат және дигидрофосфат иоңдарының тепе-теңдігімен сипатталады:

НР042- + Н+ ↔ Н2Р04-

НР042- + Н20 ↔ Н2Р04- + ОН-

Гемоглобин-оксигемоглобин буферлік жуйесіне қанның буферлік сыйымдылығының 75% -ы тиісті, ол әлсіз қышқыл гемоглобин ННв және гемоглобин иондарының Нв- теңдігімен анықталады:

Hв-+H+↔ HHb

Нв-+Н20↔ННв + ОН-

НСО3-, НР042- және Нв әлсіз қышқыл аниондары болғандықтан, Бренстед бойынша негіздер болып есептеледі,яғни Н иондарынының тиімді акцепторлары. Сондықтан қанға күшті қышқылдар түскенде олардағы Н+ көп мелшері НС03, НР042- және Нв иондарымен байланысып, диссоциацияланбаған көмір қышқылының, гемоглобиннін, дигидрофосфат иондарын түзеді. Мысалы:

NаНСО3 + НС1 ↔ Н2С03 + NaCl

Қанның және ұлпа сұйықтарының буферлік жүйелері өзара тығыз байланысты. Осыны ескере отырып, гемоглобиннің оттекті сіңіріп және оксигемоглобиннің О2-ні бөлінуіне СО2-нің ерекше әсері бар екенін түсіндіруге болады. Қан плазмасында 7-8%-ға дейін ақуыздар кездеседі. Ақуыздар амин қышқылдарынан тұрады. Ақуыздардың буферлік әсері оны құрайтын аминқышқылдарының амфотерлік қасиеттеріне байланысты. Қанның қышқылдык-негіздік тепе-теңдігінің Н+ иондарының сілтілік қорды көбейтіп, рН арту бағытына ығысуын алколоз деп атайды.



Қандағы буферлік жүйелердің пайыздық молшері:
  • гемоглобин-оксигемоглобин - 35%
  • фосфатты жүйе - 5%
  • бикарбонаты жүйе: плазмада - 35%, эритроциттерде-18%
  • плазманың ақуыздары - 7%.

Метаболиттік ацидоз зат алмасу (метаболизм) үдерісінің бұзылуымен сипатталады, ол қандағы рН төмендеуіне әкеліп соктырады. Метаболиттік алкалоз да метаболизм үдерісінің бүзылуымен сипатталады, ол қандағы рН жоғарылауына әкеледі.Буферлік жүйе қандағы өзгерістерді қалпына келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет