Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
буынды үлтсыздандырып орыстандыруға бейімдеу
арқыл біртұтас кеңес халқын қалыптастыру болатын.
Саясаттың осындай иіріміне тартылған жастар және
олардың мәңгүрттенген ата-аналары ұл-қыздары-
ның атын
алдымен орысшалауға ұмтылса, келе-
келе еуропалықтар есімін қоюды сәнге айналдырып
алды. Осы іспеттес саяси айла-тәсілдің арқасында
халқымыздың терттен бірінен астамы өз есімдерін
«интернационалдандырып» алды. Бұлардың көбі
ада қазақтар мен шала қазақтар болатын.
Бұл дерт-
ке, тіпті таза қазақтардың өздері де ұрынды. Бір
кездері елді исламдандырған араб миссионерлері
қолданған саяси амал-айланы бұлар да қаз-қалпын-
да ата дәстүріндей қолданып, жүзеге асырып жат-
ты. Бірақ осы саясатты қызу жүргізіп, саяси билікті
мықтап ұстанған Орталық
комитет орыс халқының
бір де бір өкілі түрік халықтарының есімін қоймауы
на көз жұмып қарады. Бүгінде 49 ұлт пен ұлысқа
бөлініп кеткен түрік халықтарының 27-сі «өлі тілді»
халыққа айналып, бөгде халыққа сіңісіп кетті дедік.
Әрине, бұл «өлі тілді» халықтардың көбі правосла-
вие дініне шоқындырылғандар болатын-ды. Қазіргі
Сібір, Кавказ, Орал түріктері де осы қатердің үстінде
отыр.
Орыс және еуропалық антропонимдер түрік
халықтары арасында кең өріс жая бастағанымен,
бұл құбылыстың сыры ашылмай бүркеулі
қалпында
қала берді. «Орыс болу үшін алдымен қазақ болу
керек» деп өзбек ағайындар мысқыл еткендей, шын
мәнінде, қазақтар арасында ұл-қыздарына орыстық,
еуропалық антропонимдерді қою әрекеті басқаларға
қарағанда қазақ, қырғыздар арасында басым түсіп