Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет167/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Адам есімінде астар бар.
атеистік насихатты күшейткенімен, түрік халықтарын 
оры станды ру саясаты ның мұрагері болып қала 
берді. Бірақ бұл саясат интернационалистік насихат- 
пен шебер бүркемеленіп жүргізілді. Түрік халықтары 
жастарын ұлттық идеядан, халықтың тарихи жады- 
нан көз жаздырып, 
советтік үйретінді менталитет-
ке 
алып келу жолында аянбай күрес жүргізді.
Ол үшін ұлттық идея туралы және ұлттық идео- 
логия негізінде рухани азық беретін ұлтжанды 
интеллектуалдардың көзін түгел жою саясатын 
ұстанды. 1937 жылы ұлттық элитаны түбірімен жой- 
ған соң, енді олардың еңбегін оқуға қатаң тыйым 
салды. Тіпті, олардың атын атап, шығармасын 
оқығаны үшін халық жауы деп соттап жатты.
Жастарды тез арада ерте замандағы ұлттық 
рухани қазына көздерінен аулақ ұстау мақсатында 
1930 жылы қолданып келген араб жазуын күшпен 
латын жазуына алмастырып, қалыптасқан рухани 
дәстүр жалғастығын үзді. Ал, 1940 жылы латын 
жазуын орыс жазуына алмастырып, жас буын- 
ды бұрынғы өткен ата-баба танымынан хабарсыз, 
мәңгүрттенген ұрпаққа айналдырып үлгерді. Орыс 
тілі шешуші орынға шықты. «Барлық ұлт тілдері 
тең құқықты» дей отырып, орыс тілін білмегендер 
қызметке алынбады. Ж ұртш ылы қ осы себепті 
жаппай орыс тілін білуге, орыс мектебінде оқуға 
бағыт алды. Қазақтың өткендегі салт-санасы мен 
тұрмыстық әдет-ғұрыптары байшылдық, феодалдық 
көзқарас ретінде терістеліп, жастарды өткендегі ата- 
баба дәстүрінен қол үздірді.
Аралас неке түрі қатты қолдау тауып, үздіксіз 
насихатталды. Негізгі саяси мақсат - неғұрлым жас


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
буынды үлтсыздандырып орыстандыруға бейімдеу 
арқыл біртұтас кеңес халқын қалыптастыру болатын. 
Саясаттың осындай иіріміне тартылған жастар және 
олардың мәңгүрттенген ата-аналары ұл-қыздары- 
ның атын алдымен орысшалауға ұмтылса, келе- 
келе еуропалықтар есімін қоюды сәнге айналдырып 
алды. Осы іспеттес саяси айла-тәсілдің арқасында 
халқымыздың терттен бірінен астамы өз есімдерін 
«интернационалдандырып» алды. Бұлардың көбі 
ада қазақтар мен шала қазақтар болатын. Бұл дерт- 
ке, тіпті таза қазақтардың өздері де ұрынды. Бір 
кездері елді исламдандырған араб миссионерлері 
қолданған саяси амал-айланы бұлар да қаз-қалпын- 
да ата дәстүріндей қолданып, жүзеге асырып жат- 
ты. Бірақ осы саясатты қызу жүргізіп, саяси билікті 
мықтап ұстанған Орталық комитет орыс халқының 
бір де бір өкілі түрік халықтарының есімін қоймауы 
на көз жұмып қарады. Бүгінде 49 ұлт пен ұлысқа 
бөлініп кеткен түрік халықтарының 27-сі «өлі тілді» 
халыққа айналып, бөгде халыққа сіңісіп кетті дедік. 
Әрине, бұл «өлі тілді» халықтардың көбі правосла- 
вие дініне шоқындырылғандар болатын-ды. Қазіргі 
Сібір, Кавказ, Орал түріктері де осы қатердің үстінде 
отыр.
Орыс және еуропалық антропонимдер түрік 
халықтары арасында кең өріс жая бастағанымен, 
бұл құбылыстың сыры ашылмай бүркеулі қалпында 
қала берді. «Орыс болу үшін алдымен қазақ болу 
керек» деп өзбек ағайындар мысқыл еткендей, шын 
мәнінде, қазақтар арасында ұл-қыздарына орыстық, 
еуропалық антропонимдерді қою әрекеті басқаларға 
қарағанда қазақ, қырғыздар арасында басым түсіп


310


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет