«Ов» туралы
рет алмастырылды. Ең бастысы - ана тілінің қол-
данылу аясы тарылып, үлттық мәдениеттің даму-
ында тоқырау туды. Осының нәтижесінде ана тілін
білмейтін ұрпақтың өсуіне, ұлттық мүддені мансұқ
еткен немқұрайлылардың қатары көбеюіне жағдай
жасалды. Осының салдарынан қазақша өз аты-
жөнін ата салтымен жазуды ұлтшылдық деуге жеттік.
Туыстық атауларға бай қазақ тілінде «Туу тура-
лы куәлікке», азаматтығымызды куәландыратын
паспортымызға «Пәленше Пәленшеевич Пәлен-
шеев» деп жазуды заңға айналдырып бекіттік.
Өткен жылы қыркүйек айында қабылданған Қа
зақ КСР-інің Тіл туралы заңыны ң 28-бабында:
«Жеке адамдардың атын, әкесінің аттарын, фами-
лияларын, этнонимдерін жазу кезінде ұлттық әдеби
тілдің орф ограф иясы сақталады.
Олар басқа
тілдер арқылы сол тілдердің әдеби нормаларына
сәйкес беріледі», - деп көрсетілген. Бүгінгі таңдағы
қажеттіліктен туған осы заңымыздың өзімізге қызмет
жасап, күшіне енуі үшін, жоғарыда аталған баптың
іс жүзіне асып, аты-жөнімізді ұлттық дәстүрге сай жа
зуды толық қалпына келтіру үшін ат салысу бәріміз-
дің де азаматтық парызымыз деп білеміз.
Қазіргі күні барша азаматтық дәйектерде жеке
адамның өз аты, әкесінің аты және фамилиясы
орыс тілінің үлгісімен жазылады. Бұл құбылыс
сонау патша билігі кезінде-ақ енгізіліп, жүзеге аса
бастаған еді. Бірақ сол тұста-ақ оған көзі қарақты,
көңілі ояу азаматтар қарсы сын пікірлерін білдіріп
отырды. Мысалы, «Қазақ» газетінде студент Ыды-
рыс Оразалыұғлы қол қойған «ОВ туралы» деген
мақала жарық көрді. Осы ғасырдың басында Ыды-
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
315
рыс айтқан бұл ұсыныс бүгінгі күн талабына қатты
үндесіп жатқандықтан үзінді келтірелік:
«Газета, ж урналдары м ы зда көбінесе «ұғлы,
баласы, қызы» дегеннің орнына «ов, ова» жазы-
лады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті, құлаққа
тіпті, ерсі естіледі. «Ов, ев, ин, ова»-лар жалғыз-
ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа
Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы
мұсылмандарда да жоқ. Бұларды орыстан көріп
еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің
құйрығын әкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті
бар?..» - деген сауал қойды. Осыған орай, газет
басқармасы атынан Ахмет Байтұрсынұлының пікірі
жарияланды: «...біз Ыдырыс мырзаның бұл пікірін
мақұл көреміз, - деп бастайды Ахаң, - мұны елеусіз
тастамасқа ықтиһад етерміз. Бұл туралы айтарлық
бірер сөз бар. Біздің қазақ фамилия орнына өз әке-
сін атаса, «ов», «ин», «ова», «ина» орнына «ұғлы,
қызы» деп жазуда ыңғайсыздық жоқ, «Ыдырыс Ора-
залыұғлы» деген секілді. Ап жұрттың көбі фамилия
орнына үлкен әкесінің я бабасының атын жазады.
Мысалы, «Әлихан Нұрмұхамедұғлы Бөкейханов»
деген секілді. Мұндайда «Нұрмұхамедұғлы» деу
ыңғайлы болса да, «Бөкейханұғлы» деп атасының
ұлы қылып жазудың реті келмесе керек. «Әлихан
Бөкейхан» делінсе, ретке келіңкірер еді. «Бөкейхан»
деген руын атағандай болар еді, «Атығай, Қарауыл,
Айдабол, Қаракесек» деген секілді. Қазақтың руы-
ның өзі орыстың фамилиясына тура келеді ғой.
Енді бір әйел атын алайық: «Нәзифа Сағызбайқызы
Құлжанова» дегенде «Құлжан» деуіміз һәм «Нұрғали
Құлжанов» дегенде де «Құлжан» деуіміздің, яғни
316
Достарыңызбен бөлісу: |