Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
321
бір буынды жерін жойып жіберуді мақсат түтқан.
Өйткені әдет-ғұрпы, ата салтынан айырылған халық
неғұрлым рухани езуге көнгіш,
дінге де құлай беріл-
гіш болатынын отаршылдар ерте сезінген.
Өзімен туыс түрік тілді халықтардың бірсып-
ырасының өмір жолы отырықш ы лы қ тұрмысқа
ауысқандықтан да, ол халықтардағы құқықтық әдет-
ғұрып салттары шариғат жолын мықты ұстанып
қалды. Ал Ш ыңғыстың
қанды жорығынан кейін
көшпелі тұрмыс бесігінде тербеліп өскен қазақ
жұрты өзінің ата салтын мықты ұстануы себепті де,
қазақ хандары құқықтық әдет-ғұрып, салт-санасын
шариғат жолына салмай,
халықтың көне ата салтын,
әдет-ғұрыптарын шешуші буын ретінде ұстанды. Бұл
ерекшелік, тіпті, қазақ елінің мақал-мәтеліне айна-
лып кеткен «Қасым салған қасқа жол, Есім салған
ескі жол» деген тарихи мән-мағынасы бар іргелі
ұғымдардан да аңғарылғандай.
Өйткені Жәнібекұлы
Қасым хан
(1495-1523) Заһриддин
Бабырдың
айтуынша, қазақ хандығын қатты күшейткен да-
рынды хандардың бірі болған. Ол өз саясатын
жүргізгенде шариғат жолын негізге алмай, халықтың
көне салт-санасын, әдет-ғүрып салттарына сұйенуі
себепті әрі оның қазақ
елінің саяси-әлеуметтік
мүддесіне сай болғандықтан «Қасым салған қасқа
жол» деп таралып кеткен. Бұл кезде наурыз мерекесі
де қаймағы бұзылмай байырғы қаз қалпында
мерекеленіп отырған.
Ал Сығай ханның баласы Еңсегей бойлы Ер
Есім хан тұсында (1598-1645)
ажам халықтарына
арабтар тарапынан ене бастаған іштей неке (эндо-
гамиялық неке, яғни алғашқы қауым тұсында өз туы-