Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
сақталған көшпелі тұрмысы ислам дініне құлай бой
алдырмауы себепті,
наурызды өмірден қалдырмай
жаңа жыл сайын күн мен түн теңескен кезде, яғни
22 наурызда өткізіп отырған. Қазақтар сырттай
қарағанда қос дінді көрінсе де, көне ата салтын
ұстанған наным-сенім басым жұрт болатын-ды.
Осы себептен де болса керек, өзінің «Бұқара
тарихы» деген атақты шығармасында Әбу Бәкір
ән-Нарш аһи (899-960): «...Кутайба
ибн Муслим
кәпірлік, отқа табынуш ы лық шығармаларды да
жойды», - деп атап көрсетуінде астарлы терең
сыр жатыр. Өйткені жергілікті халықты салт-сана,
ата дәстүрінен көз жаздырып, өткенді еске салар
халықтың тарихи жадын жойып, мүлде
ой-санасы-
нан шайып өшіріп жіберу үшін, тіпті, алғаш рет
жер-су, елді мекен, қала, көше, дарбаза, қыстақ,
ең ақыры төбе, әуіз, тіпті адам атына шейін араб-
ша қойдырып, бастапқы аталуын халық санасынан
қуғындап отырған. Бұл
әрекет саяси астары жағынан
қарағанда халықты ң ұлтты қ рухын жоғалтып,
өткенін үмыттырудағы ислам идеологтарының ең
сенімді тәсілі болатын-ды. Бір қызығы, осы кәнігі
отаршылдық тәсілдер патшалық Ресей тарапынан
да қайталануы - оның тарихи тамырының қайда
жатқанын меңземей ме? Яғни 1917
жылы жазған
өлеңінде Құдайберген Жұбанов:
Жалғасып келген бабалардан ұмытылмай,
Неше түрлі ор, аранға тұтылмай.
Жақсы, жаман - бәрін де бастан кешіріп,
Замананың не құлқына жұтылмай, -
деп сыр ашқанда, болашақ ғалым Наурыздың өткен
тарихындағы жолынан хабардар болғандай.