Қазақ әдебиеті 10 сынып. 2 жартыжылдық



Дата08.06.2018
өлшемі42,71 Kb.
#41444
Қазақ әдебиеті

10 сынып.

2 жартыжылдық.

Шығарма


«XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет».

Жоспар:


І. XIX ғасырдың әдебиеті .

ІІ. Екінші жартысындағы әдебиет. .

ІІІ. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет ақындары.

2 жартыжылдық.

Шығарма


«XIX ғасырдағы әнші- сазгер ақындар шығармашылығы».

Жоспар:


І. Қазақ халқы өлең - жырға бай.

ІІ. Өнер жұлдыздары .

ІІІ. Өнерпаздар.

Қазақ әдебиеті

11 сынып.

2 жартыжылдық.

Шығарма


«XX ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті ».

Жоспар:


І. XX ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі проза.

ІІ. XX ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі поэзия .

ІІІ. XX ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі драматургия.

2 жартыжылдық.
Шығарма

«XIX ғасырдағы қазақ ақын шығармашылығы».

Жоспар:

І. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті.



ІІ. XX ғасырдағы әдеби жанр мәселесі .

ІІІ. Қенес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.




Қазақ тілі

10 сынып.

2 жартыжылдық.


Диктант

«Наурыз»

Наурыз-қазақша жыл басы. Наурыз күні-қазақ халқы наурыз көже, наурыздама беретін күн.

Бірақ жыл басын наурыздан бастап санау жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, жер- жүзілік халықтың бәрінде де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Күздігуні суықтың ызғарынан өліп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды, көк шығады.

Қазақ халқы- мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қалпына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы шаруаның екеу болып, кіріс кіретін ай. Соның үшін қазақта наурыздың қадірі тағы да артығырақ.

«Наурыз» сөзі- парсы сөзі: «нау»-жаңа, «руз»-жыл деген сөзден алыңған.

Грамматикалық тапсырма. «Фонетикалық талдау».

Қазақ тілі

11 сынып.

2 жартыжылдық
Диктант

«Наурыз мейрамы»

Наурыз мейрамы-адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі.

Наурыз-дің мейрамы емес, тұрмыс, шаруашылық мейрамы. Наурыз- жыл басы. Наурыз айының 22-сінде күн мен түн теңеседі. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата-адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял-ғажайып персонаж.

Наурыз адамзатты еңбекке баулиды, тәлім-тәрбиелі болуға шақырады. Наурызды қарсы алу – бұл рухыңның көтерілуі. Жан дүниеңнің тазаруы.

Наурыз – парсы тілінен аударғанда «жаңа күн не жаңа жыл» дегенді білдіреді. Бұл күнді ата-бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас-наурыз көже әзерлеген.

Бұл мерекені шығыстың көптеген халықтары тойлайды. Наурыз мейрамында шығыс халықтары соғысты тоқтатып, мемлекеттер уақытша татуласқан. Наурызда мейрамында адамдар ән айтып, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады.

1991 жылы наурыз айының 15-сінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен наурыздың 22-сі-бүкілхалықтық мереке, демалыс күні болып жарияланды.



Грамматикалық тапсырма. «Фонетикалық талдау».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет