Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет171/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

«Ов» туралы
әйелдің де, еркектің де фамилиясын бір қалыпты 
атауымыздың ыңғайсыздығы болмас па? Және де 
мұндай «ұғлы, қызы» делінбей, әкесінің атын қал- 
дырып, «Нұрғали Құлжан» я «Нәзифа Құлжан» деп 
жазсақ, жай екі кісі аталып тұрған секілді болады 
һәм ілгері-кейін тұрғанынан байқалмаса, аралас- 
қанда, қайсысы өз аты, қайсысы фамилиясы екендігі 
білінбей қалса керек...» («Қазақ», №102, 1915).
«Қазақ» газеті бетінде басталған бұл ұсыныс 
1924 жылы Кеңес өкіметі тұсында Орынбор қала- 
сында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезін 
де ресми заң жұзінде бекіді. Съезд пән сездеріне 
(терминологияны 30-ыншы жылдардың екінші жар- 
тысына дейін осылай атап келген - авторлар) бай- 
ланысты арнайы қаулы қабылдап, осы қаулыға 
қосымша Әлихан Бөкейханұлының «Қағаз бетіне 
кісінің аты-жөнін жазғанда, орысшаға еліктеп әкесі- 
нің атына «ов» деп қосып жазу қалсын», - деген 
ұсынысы да талқыланды.
Жарыссөзде сөйлеген Омарұлы Елдес Әлекең- 
нің ұсынысын құптады. Сонымен, құрылтай атал- 
мыш заңның күшіне енуіне шешім қабылдады. 
(Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиязы. Орынбор, 
1925, 85-86-беттер). Онда қабылданған қаулының 
кісі есімі, фамилиясына қатысты тұжырымдалған 
қысқаша тексі мынадай: «Қазақша жазғанда, сөйле- 
генде фамилия артынан «ов», «ев», «ин»-дер кел- 
месін. Оның орнына жәй сөйлескенде, жазысқанда 
әркімнің өз аты қалсын; кітап сыртына немесе ресми 
қағаздарда, документтерде әкесінің (ұлы, қызы 
болып), содан соң өзінің аты қойылсын» («Сана» 
журналы, №:2-3, 1924, 62-бет).


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
317
Фамилия сөзі латын тілінде «семья» деген ұғым- 
ды білдіреді. Еуропа тілдеріне кең тараған бұл кірме 
сөз о баста француз, неміс тілдерінен орыс сөздік 
қорына «семья», «әулет», «ру», «тұқым», «үрім- 
бұтақ», «зәузат» мағыналарында еніп, кең қолда- 
нысқа түскен (В. Даль «Толковый словарь живого 
великорусского языка», СПб., 1982. Т. 4., 532-бет).
Фамилияға жалғанатын «ов» қосымш асының 
шығу төркіні жөнінде ғылымда әр түрлі жорамалдар 
бар. Белгілі түрколог Н. А. Баскаковтың түсіндіруін- 
ше «-ов» көне қыпшақ тіліндегі кісі аттары мен әке 
атын (отчество) жасайтын бір буынды «оба, опа» 
сөздерінен қалыптасқан. Ал А. Зайончковский 
және басқа ғалымдардың пікірінше, түрік тіліндегі 
«оба» немесе «аба-абу» сөздері, «ру», «тұқым» 
дегенді, сондай-ақ үлкен адамды құрмет тұтуды 
білдіретін «аға» мәнін білдіреді. Сөз тудырушы 
«-ов» қосымшасының қазіргі фамилия немесе әке 
атын жасауға дейінгі қызметі заттың біреуге тиесілі, 
тәуелді екенін аңғартқан. Орыс тіліндегі жазба 
деректерде сақталған «отцов пиджак» деген сияқты 
сез тіркесіндегі «ов» осының айқын мысалы деп 
дәлелдейді В. А. Никонов және басқа да ғалымдар.
Бұларды еске алудағы мақсатымыз - сүтпен 
кіріп, сүйекке сіңген, атадан балаға, ұрпақтан ұрпақ- 
қа жеткен аты-женімізді (кісі есімі, әкесінің аты, 
фамилиясы) халқымыздың дәстүрлі атау әдебін 
сақтай отырып жазу керектігін айту. Қазақстанда 
тууды тіркеу тәртібінен бастап кәмелеттік жасқа жет- 
кен әрбір азаматтың жеке басын куәландыратын 
төлқұжатына дейін дәйектерде аты-жөнді жазғанда 
Қазақ КСР-інің Тіл туралы заңының 28-бабы негізге


318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет