Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет183/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Әдебиет және топонимика
Әуел бастан қалыптасқан тарихи елді мекен, 
жер атауларының өзгеру, бегде атқа ауыстыры- 
лу, мүлде жойылып өшіп кету немесе сырттан 
зорлықпен енгізілген бөтен тілдегі атаулармен алма- 
стыру үдерістеріндегі басты себептер, негізінен, әр 
кезеңде жүргізілген отаршылдық саясатпен тікелей 
байланыста жататын әлеуметтік қүбылыс екенін 
оқушыға шыншылдықпен, нақтылы деректі тарихи 
айғақтармен ашып көрсетудің танымдық мәні зор 
болмақ. Географиялық жер атауларын өзгерістерге 
алып келетін басты себептер, басқыншылық жол- 
мен елді жаулап, отаршылдық саясат жүргізу, онда 
да саяси идеологиялық мақсатты қоса жүзеге асыру 
әрекетінде жатады.
Саналы түрде халықты ң туған жерге деген 
ықыласын тудыратын жер тарихын, дәстүрлік қалып 
танытатын халықтың тарихи жадын әр түрлі айла- 
тәсілдермен бүлдіру, жою арқылы жүргізілетін сая- 
саттар өте нәзік астарлы жолдармен іске асыры- 
лып отырады. Ж ас буынды өткендегі тарихынан, 
дәстүрінен, ұлттық әдет-ғұрпынан қол үздіру арқылы 
оларды ұлттық нигилистік танымдарға, әсіресе, 
өткеніне қалай болса солай қарайтын тоғышар 
танымдағы салғырттыққа бағыттап отырады. Ел 
билеу жүйесіндегі билік орындарындағы кадрлар- 
ды осындай рухани жағынан құл болып кеткен 
адамдардан отырғызу, сол іспеттес сатымсақ жан- 
дарды молырақ тарту саясаты қай заманда болса 
да қолға алынып, оларды өз халқының мүддесіне 
қарсы әрекеттерде бүркемелеп отырған саяси 
айла-тәсілдер көп болған. Мысалы, XIX ғасырдың 
екінші жартысында поляктардың отаршылдыққа


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қарсы үлт-азаттық көтерілісін қанға бөктірген патша 
үкіметі поляктың патриот үлдарын елден қуып, 
Сібірге айдаған. Ал поляктарды басқару үшін ел 
билеу жүйесінде ең алдымен әйелі орыс, шешесі 
орыс, өз ана тілін білмейтін, қара басының қамын 
ойлаған әйтеуір аты поляк, бірақ жаны патшашыл 
сатымсақ поляктарды таңдап қою әдісі - жоғарыда 
айтылған саяси айла-тәсілдердің ең өтімді түрі 
болатын-ды. Орталықтың зорлығымен, халық қала 
маса да Г. Кольбин Қазақстан компартиясы Орта- 
лық Комитетінің бірінші хатшысы етіп сайланды. 
1986 жылғы атақты желтоқсан оқиғасын заңнан 
тыс жолдармен түнш ықтырған соң, басшы кад- 
рларды таңдап билікке қоюда жоғарыда айтылған 
поляктарға қолданған саяси айла-тәсілді Г. Коль- 
бин қазақтарға да қолданғанын көреміз. Ол Орта- 
лық Комитетке, көбінесе, төлқүжаты қазақ, бірақ 
рухы үлттық нигилистегі аты қазақтарды маңайына 
топтастыра бастады. Желтоқсанға қатысқандарды 
басып-жаншуға, қожасының бағытын жүргізуге олар 
жан сала кірісті. Бүрын бүркемелеп болса да руды 
руға қарсы қою, олардың өзара таласын өздерінің 
билік саясатына қолданатын болса, бүл жолы енді 
бір өлкені бір өлкеге қарсы қою саясатында да 
жаңағы үлттық нигилистер алды-артына қарамай 
аяусыз жазалауға кірісті. Ал, Кольбиннің өзі ұлы 
державалы қ империялық сананы ң тұтқы нынан 
шыға алмаған, ісі мен сөзінің арасында бірлігі 
жоқтығын әрі интеллектуалдық дәрежесі төмендігін 
көрсетіп алды.
Өткен тарихқа назар аударсақ, тіпті, жаулап 
алудағы басқыншылық саясаттардың өзінде де өзара


338


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет