Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет180/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Әдебиет және топонимика
понимдер үнемі өзінің бастапқы табиғи қалпын 
сақтап қала береді.
Тарих қойнауына назар аударсақ, ғасырлар бойы 
қалыптасып тұрақтанудан халықтың тарихи жады- 
на айналған әрі дәстүрлік жалғастық тауып жаңа 
ұрпақ санасында орныққан топонимикалық атаулар 
мен антропонимдердің желілі буындары ең алды- 
мен күрт үзіліп, тез алмасатын тұстары, әсіресе, 
басқынш ылық соғыстар мен отаршылдық саясат 
өктемдік еткен кезеңдер екенін, олар осы кезде 
қатты өзгерістерге түсетін заңдылықты көреміз. 
Мұндай жағдайда халықтың тарихи жадына зор 
қауіп төніп, ол қастерлі ұғымдарды халық санасынан 
мүлде шайып жойып жіберу арқылы халықты руха- 
ни құлдыққа түсіріп, келер ұрпағын ұлттық нигилизм- 
ге итермелеп отырады екен.
Тарих қойнауында орын алып отырған бұл іспет- 
тес келеңсіз рухани құбылыстар халық санасының 
тікелей сәулесі болған керкем әдебиетінде өз 
көрінісін таппай қоймайды.
Топонимика 
-
географ иялы қ 
жер 
атаула- 
ры жайындағы ғылым саласы. Шәкірт атаулының 
географиялық жер атауларына дәріс үстінде мән 
беруі, оның саяси-әлеуметтік түп-теркіндеріне ой 
жіберуі немесе туған өлкесіндегі топонимикалық 
езгерістердің себеп-салдарына сыншылдық кезбен 
қарауы - оқырман санасын жаңғыртып, рухани 
жағынан іштей түлеп өсуіне алып келеді. Сондықтан 
да орта мектептер мен жоғары оқу орындарында 
оқытылатын қазақ әдебиеті, халық тарихы, туған ті- 
лі мен ол пәндердің қосымша өтілетін арнайы кур- 
стары мен семинар сабақтарында шәкірт назарын


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
жанама түрде болса да, кейде, тіпті, саналы түрде 
арнайы назар аудартып, аса қажетті ұғым-деректер 
беріп, географ иялы қ жер атаулары тарихынан 
хабардар етіп тәрбиелей білу - ұстаз атаулының 
азаматтық парызына жатады.
Қай жер, қай елді алып қарасақ та ондағы топо- 
нимикалық жер атауларын сол жердің автохтонды 
халқы қалыптастырып отырады екен. Бұрын-соңды 
тарихта жер дауын шешуде, яғни белгілі бір жердің қай 
халыққа тән екендігін анықтауда да ең сенімді тарихи 
куәгер ретінде алдымен сол жердің топонимикалық 
атаулары көлденең қойылады. Өйткені қандай жаңа 
зат жасалсын немесе өз иелігіндегі жер болсын
оның атын алдымен соған ие халық қояды. Бұған 
нақтылы дәлелді алыстан іздемей-ақ, қай халық 
болса да, соның тіліндегі топонимикалық атаулардың 
сол халыққа тән халық ауыз әдебиеті мен көне жазба 
ескерткіштерінде, әсіресе, көркем шығармаларында 
орын тебуі жай нәрсе болмаса керек-ті. Мысалы, 
халық ауыз әдебиетінің қай жанрында болмасын 
осы құбылыс жиі ұшырасады. Ғасырлар бойы халық 
санасында бірге жасасып келе жатқан елді мекен, 
жер атаулары тарих куәсі ретінде әдебиет бетінде 
көрініс беруі - сезіне білген жанды рухани жылылық 
лебіне бөлейтіні бар. Мысалға алатын болсақ, исі 
қазаққа танымалы «Қобыланды батыр» жырындағы: 
Біздің ауыл Арыста,
Қисабы жоқ алыста...
Қараспан тауын жайлаған 
Қалың қыпшақ елдері... 
немесе өте көне заман төрінде жырланып келе 
жатқан «Аппамыс батыр» қиссасындағы:


332


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет