Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет176/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

¥лыстың улы күні - наурыздама
Наршаһи кітабының XX тарауында, яғни «Бүха- 
раның тізе бүгуі және ислам дінінің таралуы» бабын- 
да Түркістандықтар мен Бүхаралықтардың наурыз 
мерекесін өткізу жолдарына да тоқталып өтетіні 
бар. Мысалы, Бұхаралықтар «...наурыздың жиыр- 
ма бірінші күнінде жаңа жыл мейрамын өткізеді. 
Мұны «наврузи китаварзан» (дихандар науры- 
зы) дейді. Бұхара дихандары күн, жыл есебін осы 
күннен бастайды. Әрі бұған үлкен мән береді. Отқа 
табынуш ы ларды ң наурызы одан бес күн кейін 
келеді», - деп наурызды өткізудегі Тұран өлкесіндегі 
ерекшеліктерге мән бере қарап, тіпті, наурыздың 
Афрасиабтан, яғни Алып Ер Тоңа Дулуханнан үш 
жарым мың жыл бұрын тойланып келе жатқан мере- 
ке екенін ескертіп өтетіні бар. Міне, исламияттан 
үш мың жылдай бұрын пайда болған «ұлыстың ұлы 
күні» атанған наурыздаманы араб миссионерлері 
қуғындап, оны құрбан айтпен ауыстырылғанын Абай 
да дөп басып атап өтеді.
Исламиятқа басты кедергі ретіндегі құбылыс 
халықтың отқа табыну нанымындағы салт-санасын- 
да жатқанын сезініп қарсы күрес жүргізілді. Бұл, 
әсіресе, қалалы, отырықшы елде қатты жүргізілді де, 
қазақ іспеттес көшпелі тұрмыстағы халықтар арасын- 
да бұрыннан сіңісті болған әрі тарихи шаруашылық 
ерекшелігіне байланысты болуы себепті онша ден- 
деп кете алмағанын Абай: «...отқа, шыраққа, табы- 
натын әдеттерінен исламға тез түсіп кете алмап 
ты», - деп терең ғылыми пікір білдіретіні бар.
Наурыз мерекесі - ұлыстың ұлы күні де, яғни 
халықтық мереке. Ол Кеңес өкіметі орнаған соң да 
көп жылдарға дейін баз баяғы қалпында мерекеленіп


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
325
келді. Осы дәстүр 1926 жылға шейін келді де, 
елімізде тұрпайы социологиялық танымның өріс 
алып, асыра сілтейтін солақайлы қтың тұсында 
наурыз мерекесі қуғындалып, ұзақ жылдар бойы 
тоқталып қалды. Содан бері де арада 62 жылдық 
мерзім өтіпті, үш ұрпақ алмасып та үлгеріпті... ата 
дәстүрі де үзіліпті. Жаңа жылдық үлкен мереке 
ретінде өтілетін наурызға орай халықтың танымы, 
әдет-ғұрпы, жол-жоралғысы, неше түрлі формадағы 
ойын-сауығы, ырым-жырымы көп той-тамашасы да 
қазіргі жас толқын, жаңа ұрпақтың санасына жетпей 
қалып, дәстүрлік жалғастық үзіліпті... Енді кеш бол- 
са да қайта ұмтылған кезең жетті. Енді не істеу 
керек? Бұл әркімнің алдына қойылар заі-щы сұрақ.
Бір жақсысы қалалы жерде болмаса да ауыл- 
ды жерлерде, әсіресе, оңтүстік өлкесінде наурыз- 
дама жасаудың көп жақтары толық болмаса да 
біршама сақталыпты, яғни ата дәстүрдің тамы- 
ры біржолата үзілмепті, қан тамыры әлсіресе де 
соғып тұр. Мәселенің басты буыны осы тіршілік 
белгісі бар жаңа жыл дәстүрі - наурызды байырғы 
табиғи қалпына келтіруде жатыр. Бұлай етудің 
қиыншылығы мол болғанымен, оны аяғынан тік 
тұрғызудың да мүмкіншіліктері баршылық. Ол үшін 
алдымен ғылыми-көпшілікке арналған басылымдар- 
да наурызды жаңа жыл ретінде өткізудің жолда- 
рын, әсіресе, ондағы ұғым-таным табиғатын зерт- 
теп, әдет-ғұрыптарды бір жүйеге түсіріп, оның пайда 
болу, даму, қалыптасу тарихын жұртқа танытып 
отырудың маңызы зор. Өйткені ұлттық санадан ізі 
өшуге бет алған тарихи естің бір саласы ретінде 
саналатын наурыз мерекесінің дәстүрлік жолда-


326


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет