Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет182/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Әдебиет және топонимика
берген. Осы себепті жоғарыда атап керсетілген, 
яғни әр дәуір кезеңінде орын алған әдебиеттегі 
топонимикалықатауларды керкем шығарманы оқыту, 
үйрету, талдау үстінде елді мекен, жер атаулары мен 
антропонимдердегі өзгерістерді туғызған тарихи, 
саяси-әлеуметтік оқиғаларды танып білуге ерекше 
назар аударудың үлкен танымдық мәні болмақ.
Біздің 
ж ерім іздегі 
топоним икал ы қ 
байырғы 
атаулардың арабтардың басқынш ылық жорығын- 
да саналы түрде өзгертілуімен бірге, ата-баба- 
ларымыздың үлдар мен қыздарының атын таза 
түрікше тілде қойып келген дәстүрлері де өзгеріске 
түсіп, кісі аттары енді арабша қойыла бастады. Бұл 
саясатты арабтар мақсатты түрде жүргізіп отырған. 
Келе-келе жаңа туған нәрестенің атын кітап ашып 
қою дәстүрі тұрақтанып, қазақ антропонимдерінде 
арабизм етек алды. Ал, еліміз Ресей империясы- 
на қараған соң, әсіресе, советтік дәуірдегі жалған 
интернационалистік ұрандар даурыға үстемдік еткен 
тұста ұл-қыздарымыздың аты еуропалана бастағаны 
жасырын сыр емес.
Республикамыз егемендікке бет бұрып, тіліміз 
мемлекеттік мәртебеге көтерілген соң, енді ұл-қы- 
зымыз бен немере-шөберелеріміздің атын бастапқы 
тарихи қалпына қарай бұру әрекеті өріс алуда.
Орта және жоғары оқу орындарында көркем шы- 
ғарма тексін талдап оқыту үстінде онда ұшырасатын 
топоним, этноним, антропонимдердің шығу төркінін, 
қандай оқиғаларға байланысты қойылу, өзгеру 
себептерін танып білуге оқушыны үнемі баулып оты- 
ру жөн. Осы жолға дағдыланған оқушы өз бетімен 
іздену арқылы өз танымын, тапқан деректері мен


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ой пікірлерін қағаз бетіне түсіріп сөздік жасауы аса 
қажет. Бұл оқушының танымын, ұғымын, әсіресе, 
халықтық тарихи жадының жалғас тауып қалыптасу 
ұғымын молықтырып отырады.
Таяу жылдарда қазақ мектептеріне арналған 
«Топонимика мектепте» деген атпен қосымша оқулық 
жазғанда, әсіресе, көркем әдебиетте ұшырасатын 
ономастикалы қ атауларды молынан қамту, онда 
орын алған себепті өзгерістер мен тарихи деректер 
сырын ашып беру жағы көбірек қамтылмағы керек.
Университеттер мен облыстық педагогикалық 
институттарда топонимика бойынша арнайы курс 
пен семинар сабақтарын енгізудің орны бөлекше, 
ейткені мұны уақыт, әсіресе, халқымыздың ұлттық 
санасы ны ң 
оянуы 
қажетсінуде. 
Ал, 
кафедра 
Қазақстан топонимикасы женінде арнайы курс, семи- 
нар сабақтарын жүргізу үстінде студенттерді ғылыми- 
зерттеу жұмысына баулу, олардың әрқайсысын 
езі туған аулы мен ауданының географиялық жер 
атауларының тарихымен, яғни о бастағы байырғы 
елді мекен, жер атауларының әр түрлі кезеңдерде 
орын алған саяси-әлеуметтік жағдайларға байла- 
нысты басқа атаулармен ауыстырудың нақтылы 
себептерін танып біле алатындай, оларды өзінше 
талдап пікір жүргізе алатын дәрежеге көтермек 
керек. Дәріс үстінде немесе ғылыми конференция- 
ларда тыңдаушыларға нақтылы әрі терең таным- 
ды мағлұматтар беру үшін ауыл, аудан, өлке кө 
леміндегі елді мекен, жер атауларының әр кезеңцегі 
өзгерістерін картаға түсіріп керсеткенде, ол ерек- 
шеліктерді жетімді әрі түсінікті болуы үшін, әр түсті 
бояулармен белгілеп беру жағына көңіл бөлген жөн.


336


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет