Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет23/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
меңгерушісі Ильминский кафедраны түрік-монғол 
тілді халықтар үшін ашылған аралас мектептерді 
кадрмен қамтамасыз етудің ордасына айналдырды. 
Бұлар осымен қатар жергілікті халықтың өкілдерінен 
келешек миссионерлік жолға берілген дін кадрларын 
даярлау үшін, тіпті, ерлер мен қыздар монастырын 
ашуға да тікелей кірісіп кетті. Мысалы, 1881 жылы 
Ыстықкөлде қырғыз, қазақтың жетім балаларынан 
ер балалар монастыры ұйымдастырылды. Бұған 
Мәскеу, Ташкент, Верныйдағы дін орындары арнайы 
қаржы бөлді. Жетісудың генерал-губернаторы Кол- 
паковский бұл монастырға айрықша назар аударып, 
қанша қаржы керек болса да қол ұшын беретінін 
ресми түрде мәлімдеуі жай нәрсе болмаса керек- 
ті. Өйткені алдағы уақытта Түркістан өлкесінде 
жүргізілетін зор көлемдегі миссионерлік жұмыстың 
буынды орталығы осы монастырларға ауысады 
деп танылған еді. Осы тәжірибеден кейін, тіпті, 
ислам діні басым жатқан Ташкент маңында өзбек, 
тәжік қыздарынан құралған, 1893 жылы ашылған 
қыздар монастыры Николаевкада орналасты. Міне, 
бұл іспеттес әрекеттердің, тіпті, қазақ жерінде де 
орын алғанын, яғни осыған даярлықтың алдын ала 
әрекеттерін М. Әуезовтің «Ақын аға» романын- 
да: «...қазақтың жетім балаларын... шоқындырып, 
өсіріп келе жатқан «ізгілік миссионерлік» деп ата- 
латын әрекеттер болды», - деп істің жонын ғана 
көрсеткендей меңзей айтылатын тұстары зерт- 
тей қарамасаң, оңайлықпен ашылмайтын сыр 
бүгіп жатыр. Осы жерде жазушының көп жылдар 
қырқасында зерттеп білген ой өрісінің өзекті желісі 
ғана қылаң беріп көрінсе де, көп сұмдықтардың


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
49
көзден таса болып, сыр бүгіп, ашылмай жатқаны да 
аңғарылады.
Аралас мектептер мен шіркеу жанынан ашылған 
приходская 
ш колалар үкімет қы зметкерлерінің 
бақылауында тұрды. 1871 жылы патша ағзамның 
тікелей жарлығы бойынша Түркістан өлкесі үшін 
архиерей кафедрасы ашылып, ол Верный қаласына 
орнықты. Ал Ж етісу губерниясында 1872 жылы 
миссионерлік қызметті жандандыру үшін Верный- 
да архиепископ резиденциясы ашылды. Өйткені 
Мәскеу митрополиті Владимир қазақтар арасын- 
да миссионерлік шоқындыру жұмысын күшейтуді 
талап еткен еді. Осы талапқа орай Верныйда 1901 
жылғы 11 қарашада арнайы түрде миссионерлік 
эпархиальный комитет құрылып, оған қаланың бас 
көтерер шенеуніктері мен әскери қызметкерлері, 
кепестері енді. Олар нақтылы түрде миссионерлік 
үгіт-насихатты
ерістетті. 
Мысалы, 
свящ енник
В. Я. Яковлевтің 1902 жылы Верныйда басылым 
көрген: «Из истории церковной жизни Туркестана» 
деген кітабындағы: «...здесь каждый православ- 
ный христианин обязан быть и миссионером... Мы, 
русские, призваны насаждать среди всего этого 
населения начала истинной религиозной жизни» 
(С. 
91-93), - деген 
пікірі жоғарыда 
аталған 
комитеттің мақсатын керсетіп тұр. Жазушы Шерхан 
Мұртазаевтың «Қызыл жебе» романындағы түрме 
бастығы Приходконың бала Тұрарды шоқындыру 
жолындағы әрекеті де эпархиальный комитеттің 
талабынан туындап жатқан құбылыс болатын-ды.
1867 жылы қазақ даласы үшін «жаңа низам» 
ережесінің өмірге енуімөн қатар қазақтар арасында


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет