Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет31/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Ел қалай орыстандырылды?
с. 37), - деген қорытындыға келген болатын-ды. 
Осы пікірді тарихшы А. Н. Григорьев те айтып
Ильминскийдің ағарту саласындагы кертартпалық 
қызметі мен дүниетанымын қатты сынға алған бола- 
тын. (Материалы по истории Татарии. Казань, 1948,
С. 261). Ал, Ильминский Қазақстан баспасөзінде 1937 
жылғы репрессияға дейін кертартпа дүниетанымда- 
ғы миссионер ретінде бағаланып келді де, ол туралы 
шындық ендігі кезде бұрмалана бастады. Өйткені 
өзінше пікірі бар, әр нәрсеге сын көзімен қарай 
алатын интеллигенцияның қаймағы бірнеш е рет 
сыпырылып алынған соң, енді Ильминскийге жасан- 
ды, шындықтан аулақ, жалған танымдағы бағалар 
беріле бастады. Тарихи шындықтың түп тамыры- 
на бармай-ақ ақты қара, қараны ақ деп көрсету 
жағы үстем болып, оны асыра бағалау, қолдан озық 
ойлы қайраткер жасауға ойысып, жабыла мақтай 
насихаттау жағы бел алып кете барды. Өйткені 
орыс тарихшысы Вадим Кожинов: «Нет более бес- 
совестного, беспринципного, чем русские истори- 
ки, которые искажали даже историю, факты», -
деп ескертуінен қазақ тарихшылары мен атақты 
филологтары олардан асып түспесе, кем түспей, 
қалың оқырманды жалған танымға таңып адасты- 
рып жүргені бақырайып тұрған шындық. Тарихшы, 
педагог, әдебиетші, тілші ғалымдар Ильминскийге 
дәл бүгінге дейін сын көзімен қарап, ол жасаған 
кездегі тарихи, саяси-әлеум еттік жағдайлармен 
ұштастыра отырып бағалаудан бой тартып келді. 
Қайта бұларға қарағанда ауыл қариясы марқұм 
Әбен Сыбанұлының 1963 жылы 25 желтоқсанда 
көшірілген 
қолжазбасында (О ңтүстік Қазақстан


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
65
облысы 
Ленин 
ауданы 
Ж аңа-Базар 
селосы): 
«...кешегі орысқа қарағанымыздан кейін 1865 жылы 
атақты дін бүзушы Ильминский қазақарасына шығып, 
қазақ мүсылман емес, шамани деген дінсіз халық
оларды орыс дініне айналдыру оңай деп үкіметті 
осы сөзбен нандырған екен... Мінеки, үкіметтің осын- 
дай тұтқан жолы қазақ арасын тынышсыздандырып, 
1869 жылы қазақтар үкіметтің бұл ісіне наразылық 
шығара бастады» (39-6.), - деп тарихи шындыққа 
сай бағасын беріп, көп нәрсенің сырынан хабар- 
дар етеді. Сонымен қатар осы қолжазба көшірмеде 
патшаның ресми миссионерлік саясатына қарсы 
қазақ арасында исламиятқа іш бұру арқылы ислам- 
шыл қисса-дастаңдардың молыға бастауы, тіпті, 
қазақ тілінің шұбарлану үрдісін де осы құбылыспен 
байланыстыра қарауы сезіліп тұрады.
Патша үкіметінің ресми шоқындыру саясатына 
қазақ даласының қай бұрышында болса да, бірде 
ашық, кейде жасырын түрде қарсылық әрекеттері 
болған. Мұны, тіпті, миссионерлердің өздері де 
еңбектерінде атап өтетіні бар.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатына, оның, 
әсіресе, рухани жағынан қысып келе жатқан шоқын- 
дыру саясатына сескене қарап, зәрін қайтаруға 
әрекет етіп, ол жайында ойланып-толғанған саналы 
азаматтар қазақ даласының әр жерінде-ақ болған. 
Осы тұрғыдан қарағанда жазушы Р. Отарбаевтың 
«Екі киіз үйдің тарихы» (Қазақ әдебиеті, 1988, 24 
маусым) деген мақаласында аса қызықты деректі 
мағлұматтар келтірілген. Онда Ыбырай Алтынса- 
ринмен шығармашылық қарым-қатынаста болған 
Мақаш Шолтыұлы (1830-1904) патшанының қазақ-


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет