Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
мен алмастыру мақсатында жүргізілген ете зарар-
лы астарлы саясатының түп тамырын Абайша
танып, сыншыл пікір толғаған ойшылдар бола бер-
меген. Бүл салада айтылған ұлы Абай пікірінің
сүйенер діңгегі Наршаһидің «Бұқара тарихы» кіта-
бында жатыр деп білеміз. Өйткені Абай «Біраз сөз
қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тари-
хи мақаласында ислам дінінің қазақтар арасын-
да таралу мерзімін арабтардың Түркістан өлкесін
жаулап алу кезеңімен ұштастыра қарайтыны:
«...арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретуші-
лер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып
ж үргендеріңде,
Құтайба
(Құтайба
ибн-Муслим
(660-715 жылдар - автор) атты кісі Қашқарға дейін
келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да
(қазақтар - автор) мұсылман болдық депті», - деп,
қазақ арасында мұсылмандықтың таралу тарихынан
деректі мағлұмат бере кететіні бар.
Түрік халықтарын ислам дініне табындыру
жолында Құтайба ибн-Муслим олардың өткендегі
ата-баба тарихын, жазуын, салт-сана, әдет-ғұрпын,
тіпті, елді мекен атауларына дейін арабшамен
алмастырып өзгертуді - жергілікті халықтың рухын
сындырып жоғалтудың бірден-бір тәсілі ретінде
қараған. Өйткені бұл тәсіл жергілікті халықты ислам
дініне сіңдіріп, жұтып жіберудің ала бөтен төте жолы
болатын-ды.
Бұл іспеттес саяси идеологиялық өзгерістердің
бәрімен Наршаһи еңбегі арқылы танысқан Абай
араб басқыншыларының жергілікті тілде қалыптас-
қан атамекен топонимдеріне, тіпті, «ұлыстың ұлы
күні» атанған наурыз мерекесіне дейін ислам
106
Жер қалай орыстандырылды?
салты ндағы
арабш а
атаулармен
алмастыры п
өзгертуге тырысқан әрекетін: «Ол күнде Наурыз
деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызда-
ма қыламыз деп той-тамаша қылады екен... Бұл
күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта
жаңа дінге кірген соң, енді бір Бұхарадан басқа
шаһарлардың да, жерсулардың да, халықтың да
бұрынғы аттарын бұзыпты», - деп, Құтайба ибн-
М услимнің алысты көздеген саяси мақсатының
астарлы сырын ашып, әшкерелей жазуында ойла-
на білген сергек сезімді зерделі жанға көп нәрсені
ұқтырғандай салмақ жатыр.
Түркістан өлкесін жаулап алып, ислам дінін зор-
лықпен енгізген Араб халифаты Бұхара қаласынан
басқа калаларды, ондағы көше, дарбаза, төбе, әуіз-
дерге дейін және өлкедегі елді мекен, жер-су, халық
атауларының бәрін өзгертіп, арабшалап атауға ерек-
ше мән беруі отаршылдық топонимінің өзі еді.
Мұны олар жергілікті халықты өткен тарихы-
нан, ата салты, ана тілінен, әдет-ғұрпынан тайды-
рып, көз жаздыру арқылы тарихи есін сөндіріп, руха-
ни құлдыққа әкелудің ең ұрымтал сенімді жолы деп
білген.
Ғасырлар бойы қорланып қалыптасқан, сол
арқылы халықты ң көне тарихынан белгі беріп
жаңғыртып отыратын мәңгілік атамекен жер атаула-
ры тұрғанда, халықтың тарихи жадының бұлжымай
сақталу қалпынан сескенген басқыншылардың қай-
қайсысы болса да, алдымен қанды тырнағын жер
атауларына салатынын тарих тағылымы айғақтап,
олардың ортақ белгісі ретінде көрсетіп отыр.
Құтайба ибн-Муслим жергілікті халықты ислам
|