112
Жер қалай орыстандырылды?
3.
Енді бір өнікті әдісі - метрополиялық орта-
лықтағы жер атауларын отарланған жаңа елкеде
қайталап қою, сол арқылы дін рухын жергілікті
халыққа сіңіре беру тәсілі де кеңінен қолданылды.
4.
О тарланған үлан-байтақ
қазақ даласына
жаңадан қойылатын жер атаулары жетпей қалғанда,
жергілікті елді мекен, жер-су аттарын калькалау
(яғни көшіріп қою) әдісі арқылы орысшаға аударып,
отаршылдық рухты сіңдіре беру тәсілі де жүзеге
асырылды. Мысалы: Ақсу - Беловод,
Шортанды -
Шучье, Көкшетау - Синегорье, Балықшы - Рыбачье,
Бестау - Пятигорск т.б.
5.
Әсіресе, Романовтар династиясындағы пат-
шалар мен бекзадалардың атына «ново» деген
үстеме сөз қосу арқылы да жергілікті жер атау-
ларына кісі аттарын қою тәсілі ескерілді.
Әрі бұл
әрекет ерекше мән бере жүргізілгендіктен, Ново-
Николаевка, Ново-Алексеевка, Ново-Михайловка,
Ново-Романовка деген қаптаған атауларды көреміз.
Бір таңданатын нәрсе - отарланған өлкелер-
дегі географ иялы қ жер атауларын отаршылдық
таптық мүдде тұрғысынан
қою саясатында патша
шабармандары еш жерде өздерінің мүддесінен
жаңылмауына қайран қаласың! Жер атаулары тек
қана үстем тап өкілінен шыққан патшашыл Ресей
тобындағы адамдар атына қойылды. Ең болмаса
бір рет болса да жаңылып кетіп, демократияшыл
екінші Ресейдің бірде-бір
өкілінің атын ауыздарына
алмағандарына таңданбасқа шараң жоқ.
Топонимикалық атаулар жөнінде айтқанда да
Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының ел билеу
жүйесінде патша үкіметі орнатқан әрі терең ойлас-