Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
157
ланған елдің сатымсақ басшыларын шен-шекпенге,
билікке жығу, тіпті, олардың ішкі ағайын-туыс ара-
сында туындаған қайшылықтарына
дейін пайдала-
ну жағы да қолданыс тауып жатты. Әрі бүл әрекет-
тердің бәрін культрогерлік сылтаумен бүркемелеп
отыруды да ұмыт қалдырмады. Бұлар, әсіресе, Ре-
сейдің отаршылдық саясатында ашық байқалды.
Бұл өлкені ғасырлар бойы сыртынан аңдып,
аңысын бағып келген екі империяның өзара дипло-
матиялық жолмен жүргізіп келген саясатының
тәсілдері мен нәтижесін салыстыра қарап, талдай
білетін кісіге айқын сезіліп тұрады.
Қос империя да
екі аралықта жатқан ұлы даланы жайлаған түрік
халықтарының жауынгерлік рухынан, ұрандап тізе
қосып кетсе, селдей қаптап, таптап кетер жауынгер-
лік дәстүрінен сескенді. Бұлардан құтылудың бір-
ден-бір төте жолы - ол елдердің арасында бірде
күшейіп, бірде әлсіреп
отыратын өзара ішкі қай-
шылығын пайдаланып, араларына от жағып шағыс-
тырып, тасада тұрып таластырып, біреудің қолымен
от көсеу саясаты қызу түрде қолға алынып, жүзеге
аса бастады.
Екі империяның да көктен іздегені жерден табыл-
ды. Сол тұста Орталық Азияны дүрліктіріп
тұрған
саяси-әлеуметтік әрі қарулы күш - қалмақтар мен
қазақтардың арасындағы өріске таластың өршіп
тұрған, ұшқын атса лап етіп өртенуге даяр тұрған
шағы еді. Олар бұл халықтардың екі арадағы жер
таласын пайдалану арқылы-ақ бірін-біріне қырғы-
зып, бұдан аман қалғандарын әскери қарулы күш
шақырмай-ақ өз қолдарымен тұншықтырып ұстау
саясатының жолдарын іздестіріп жатты. Әрине, бұл