Сұраныс және ұсыныс негіздері


Жедел амортизация саясаты



бет35/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Жедел амортизация саясатыамортизация нормасын арттыру, пайдалану ұзақтығын қысқартуға байланысты. Ол моральдық тозудан босатын зиянды азайту. Бірінші жылы амортизациялық норманы 2 есе арттырып, қалған жылдары сызықтық амортизациялауды пайдалануы мүмкін.

Дигрессивті амортизациялау әдісі – бұл сызықтық амортизация нормасын жоғарғы коэффициенттерге көбейту.

Дигрессивті амортизациялау жүргізу үшін өндіріс құралы жаңа әрі пайдалану ұзақтығы 3 жылдан кем болмау керек.

Дигрессивті әдістің арттықшылығы кәсіпорынның аз салық төлеуіне жағдай жасайды (амортизациялық аударым салық төленетін табыстан алынады). Егер баланс теріс болса, табыс шығыннан артқанға дейін амортизация аударым төленбейді. Кез келген өндіріс факторы өзінің табысын әкеледі. Капитал әкелетін табыс – процент болып табылады.

Әдетте, экономикалық пайда мен пайызды шатастырады. Пайыздық табыс – бизнеске салынған капитал. Пайыздық табыс көлемі пайыздық ставка арқылы анықталады. Пайыздық ставка қарыз алушының кредиторға ақшаны пайдаланушы үшін төлейтін бағасы. Егер банктік ставка 10%, ал инвестордың іске салудан түсетін жылдық табысы 5% болса, ол міндетті түрде банкке салады.

Неге пайыз төленеді? Ол қазіргі игіліктің болашақтағы игілікке қарағанда бағалылығын көрсетеді. Мысалы, ресурсты қазір алып пайдалану қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Қазіргі игілік, адамның жетпейтін қажеттіліктерін қанағаттандырып, мүмкіншіліктер спектрін арттырады.

Қарызға капитал алушы капитал пайызын төлеу шығыны мен капиталдың пайдалылығын салыстырады.

M RC – капиталдан бас тартудан (қазіргі күні) болатын шығын.

MRP – капиталдан келетін шекті пайдалылық.

Е нүктесінде теңдестік қалыптасқан суреттен көріп отырғанымыздай пайыздық ставка төмендеген сайын сұраныс жоғары болады. Ал пайыздық ставка жоғары болған сайын ұсыныс жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет