Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет8/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Нарықтық баға

Өндіріс көлемі

Нарықтық жағдай

P>PE

QDS

артықшылық

P=PE

QD=QS

тепе-теңдік

P
E

QD>QS

топшылық

Нарықтағы теңдестік және оның бұзылу шарттарын дұрыс түсіну үшін нақты мысалды қарастырайық (1.6-сурет). Оқушы дәптерінің бағасы 50 тг болғанда нарықтағы сұраныс пен ұсыныс көлемдері 300 данаға тең (QD=QS=300). Егер баға 70 теңгеге қымбаттаса, сұраныс көлемі QD=100, ал ұсыныс көлемі QS=500 болады. Бағаның 20 теңгеге өсуі 400 дана көлемінде артықшылықтың орын алуына әкелді (QS-QD=400).



артықшылық

тапшылық

1.6-сурет. Нарықтық тепе-теңдік және оның бұзылуы
Ал егер нарықтық баға 50 теңгеден 40 теңгеге дейін төмендесе, сұраныс көлемі QD=400-ді, ал ұсыныс көлемі QS=200-ді құрайды. Бұл кезде нарықта 200 дана көлемінде тапшылық туындайды (QS-QD=200).

Ұсыныс артықшылығы мен тапшылық нарықтық тепе-теңдіктен ауытқуды білдіреді. Тапшылықтың негізгі белгілеріне тауар қорларының қысқаруы мен қызмет көрсету саласында кезектің пайда болуы жатады. Тауарлық қорлар дегеніміз - өндірілген және сатуға немесе пайдалануға дайын тауарлардың қоры. Әдетте, сатушылар сұраныс өзгерісіне тез бейімделу мақсатында тауарлардың қорын сақтауға тырысады. Тауар қоры азайып, жоспарланған деңгейден төмендеп кетсе, сатушылар жоспарларын өзгертіп, өндірісті арттырады, сөйтіп қорды толықтырады. Кейбіреулері сұраныстың артуын пайдаланып бағаны көтереді, өйткені тапшылық кезінде сатып алушылар тауарды артық бағаға сатып алуға дайын болады. Ал тауар қоры жоқ нарықтарда тапшылық белгісі сатып алушылардың кезекке тұруы болып табылады. Артық ұсыныс тауар қорының өсуін және өз қызметтерін ұсынатын кәсіпкерлер кезегінің пайда болуын білдіреді. Бұл кезде сатушылар артық тауарды өткізу үшін бағаны төмендетеді. Осылайша, егер нарықтық баға теңдестік бағаға тең болмаса, сатушылар мен сатып алушылардың әрекеттері бағаны теңдестік бағаға қарай бағытталады. Сөйтіп нарықтық баға жүйесі сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне тез бейімделе отырып, нарықтық экономикадағы өндірушілер мен тұтынушылар әрекетін үйлестіретін маңызды механизм болып табылады. Нарықтық тепе-теңдік нарықтық бағаның теңдестік бағадан ауытқуы нәтижесінде немесе сұраныс не ұсыныс қисықтарының орын ауыстыруы нәтижесінде бұзылуы мүмкін. 1.7-суретте аталған өзгерістердің нарықтық тепе-теңдікке тигізетін ықпалы көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет