88.Күкірт оның қосылыстары,қасиеттері,алынуы және қолданылуы.
Күкірттің сутекті қосылыстары. Күкіртсутек Н2S – түссіз, шіріген жұмыртқаның иісі бар, улы газ. Кәдімгі температурада бір көлем суда 25 көлем күкіртсутек ериді. Күкіртсутек өте улы зат.
Күкіртсутекті өндірісте сутек пен күкірттің тікелей әрекеттесуі нәтижесінде алады:
Н2+S→ Н2S
Зертханада күкіртсутекті негізінен темір (ІІ) сульфиді мен сұйытылған күкірт немесе тұз қышқылдарының әрекеттесуінен алады:
FeS+H2SO4→H2S+FeSO4
Күкіртсутек күшті тотықсыздандырғыштардың қатарына жатады. Ол ауада немесе оттекте жанып тотығады:
2Н2S+3О2→2SO2+2H2O
Оттек жеткіліксіз жағдайда күкіртсутек бос күйіндегі күкіртке дейін тотығады:
2Н2S+О2→2S+2H2O
Күкіртсутек тотқытырғыш қышқылдарды, тұздарды тотықсыздандырады:
2Н2S+2HNO3→2S+2NO2+2H2O
3H2S+K2Cr2O7+4 H2SO4→3S+Cr2(SO4)3+K2SO4+7H2O
Күкіртсутектің судағы ерітіндісін күкіртсутекті су немесе күкіртсутек қышқылы дейді. Күкіртсутек қышқылы - әлсіз, екі негізді қышқыл қышқыл, біртіндеп диссоциацияланады:
H2S↔H++HS-↔2H++S2-
Күкіртсутек қышқылы басқа қышқылдар сияқты тұздармен, негіздік оксидтермен, негіздермен, металдармен әрекеттеседі. Күкіртсутек қышқылы екі негізді болғандықтан екі қатар: орта (сульфидтер) және қышқыл (гидросульфидтер) тұздар түзеді. Гидросульфидтердің барлығы суда жақсы ериді. Орта тұздардан сілтілік, сілтілік-жер металдардың және аммонийдың сульфидтері суда жақсы ериді. Басқа металдардың сульфидтері суда ерімейді және көпшілігінің өздеріне тән түстері болады. Осы сульфидтердің әр түрлі ерігіштіктері мен әр түрлі түстерін пайдаланып күкіртсутектің көмегімен металдардың катиондарын сапалық жолмен анықтайды.
Күкірттің гомотізбек түзгіштік қабілеті толып жатқан персульфидтерде (полисульфидтерде) М2Sn көрінеді. Персульфидтерді алу үшін сульфидтың концентрлі ерітіндісін күкіртпен реакцияластырады:
Na2S+(n-1)S→Na2Sn
Персульфид радикалы ирек тізбек түзеді.
Күкіртті сутектің өзінің толып жатқан персульфидтері алынған, жалпы формуласы Н2Sn (ондағы n=2-23) оларды көп күкіртті сутек немесе сульфандар деп атайды. Бұл май сияқты, сары түсті сұйықтықтар.
Персульфидтерде пероксидтер сияқты, жағдайына қарай тотықтырғыш
Na2S2+SnS→SnS2+Na2S
немесе тотықсыздандырғыш
4FeS2+11O2→Fe2O3+8SO2
кейде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болып реакцияласады.
Na2S2→ Na2S+S
Достарыңызбен бөлісу: |