13-дәріс. Радио ,теледидар тілінің стильдік ерекшеліктері.
Хабар жүргізушілердің сөйлеу мәдениеті, стилі
Дәрістің жоспары:
Радиотілдің ерекшеліктері
Телехабардың сөз тілі
Радиодағы ауызша сөз бен жазбаша сөз.
Теледидардың музыка және дыбыстық тілі
Радионың тілі мен стилі туралы XX ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдарда жарияланған. Олардың авторлары - М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружников, Ю.Гальперин, т.б.
Қазақстанда радиожурналистика зерттелуі академик ғалымы Қажым Жұмалиевтен басталады.
Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттеушілер: Х.Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтің, Н.Омашевтің, Р.Сағымбековтің еңбектеріне қосымша тіл-стилге байланысты айтылатын мәселелер. Радионың тілі, стилі туралы қазақша еңбектер К.Қабылғазина, Ж.Әбжәділқызы, О.Ошанова сияқты жас ғалымдардың зерттеулерімен толықтырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |