Стоматология


Созылмалы периодонтиттің хирургиялық емдеу тәсілдері



бет101/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Созылмалы периодонтиттің хирургиялық емдеу тәсілдері. Созылмалы периодонтитте консервативті ем қолдануға болмайтын жағдайда немесе қолданған емнен күткен нәтиже болмаса, хирургиялық ем тәсілдерінің бірін қолдану қажет:
1. Тіс жүлу; 2. Тіс түбірінің ұшын кесу (резекция) гранулемамен бірге; 3. Тіс түбірінің ұшын кеспей (резекциясыз)/гранулеманы алу; 4. Реплантация (тісті жұлып емдегеннен кейін қайтадан өз ұясына қондыру); 5. Гемисекция (тісті жартылай кесіп алып тастау); 6. Апикотомия (ампутация) яғни емдеуге келмеген түбірін кесіп алу.
Тіс жұлу операциясы арнайы тарауда толық берілді.
Тіс түбірінің ұшын кесу операциясы гранулемамен бірге. Осы операцияны жасауға болатын жағдайлар:
1. Тіс түбірін емдегенде түбір ұшына дейін бара алмаса, ұшы қисық не болмаса түбір өзегінің саңылауының болмауы; 2. Тіс түбірі ұшында үлкен гранулеманың болуы; 3. Бордың немесе пульпоэксртактордың тіс түбірі өзегінде сынып қалуы; 4. Тіс түбірі ұшының бормен жұмыс істегенде тесіліп қалуы; 5. Тіс түбірі ұшының сынуы; 6. Пломбалық затты тіс түбірі ұшынан көп мөлшерде шығарып жіберуі; 7. Сарысулы ісікті алған кезде.
Тіс тубірінің ұшын кесу операциясын жасауға болмайтын жағдайлар:
1. Тіс босаңдау болса; 2. Жүрек-қан тамырлар ауруы болса; 3. Нерв жүйесі нашарласа; 4-. Геморрагиялық диатезде.
Резекция — көбінесе біртүбірлі тістерге жасалынатын операция. Операцияға тісті алдын ала дайындау қажет, ол үшін операция жасайтын күні немесе біркүн бұрын тіс түбірі өзегін механикалық, химиялық жолдармен тазалап, өзекті фосфат цементпен пломбылайды, содан кейін рентгенге түсіріп тексеру қажет.
Жансыздандыру жасалғаннан соң кілегей және сүйектің сыртқы қабықтарын сүйекке жеткізіп трапециялы не болмаса доғалдап кеседі. Кесілген тіндердің көлемі гранулема орналасқан сүйек қуысының көлемінен үлкен болуы керек. Кесіндіні тегістегішпен сүйектен сыдырып дөңгелек бормен тіс түбірі ұшы проекциясының айналасынан бірнеше жерден тесіп, фиссурлы бормен тесіктерді қосып, сыртқы кортикальды қабатын алып тастап, тісті ұстап тұрып оның ұшын кеседі де гранулемамен бірге алып тастайды. Пайда болған сүйек қуысын кюретаж жасайтын қасықпен жақсылап тазалап, антисептиктермен өңдегеннен кейін тіс түбірі ұшына дейін пломбылаған ба, жоқ па соны тексереді. Егер пломба тіс түбірінің кесілген жеріне дейін жетпесе, онда оның өзегін кеңітіп теріс конус тәрізді бор арқылы күміс амальгамасымен пломбылайды. Сүйек қуысы жиегінің тегістігін тексеріп, оны антисептикпен жуып, қан ұйығымен толтырады. Егер, сүйек қуысы үлкен болса, сүйектенуді жылдамдататын брефоматериалмен немесе сүйектің ұнтағымен толтырады, содан кейін кілегей және сүйектің сыртқы қабықтар қиығын орнына қойып кетгутпен тігеді.
Резекция операциясының артықшылығы — ұзақ уақытқа дейін тісті сақтап қалуға мүмкіншілік береді. (16-сурет)



16- сурет. Тіс түбірін кесу операциясының кезеңдері: а,б) түбірді кесу, тегістеу, в) амальгамамен пломбыдау; г) жараға тігіс салу.

Кемшілігі: 1) Тістің тұрғылықтығы нашарлайды; 2) Операция зақымды деп есептеледі; 3) Кейде кесілген қиындының көлемі кішігірім болса сүйек жеткілікті ашылмайды да, операцияның уақытын ұзартады.


Екінші операция тіс түбірінің ұшын кеспей гранулеманы алу. Бұл операцияның техникасы жоғарыда айтылған тіс түбірінің ұшын кесу операциясымен бірдей, айырмашылығы түбірдің ұшы кесілмейді. Оның ұшындағы гранулеманы немесс гранулденген тіндерді кюретажды қасықпен түгелдей қырнап тазалап, антисептиктвр мен жуып, құрғатып, содан кейін түбірдің ұшын фуропластпен перхлорвинилмен бірге немесе БФ—6 клеймен жауып, 1—2 минуттан кейін клей қатайған соң пайда болған сүйектегі қуысты қан ұйығымен толтырып, кесілген қиындыны орнына қойып, кетгутпен тігеді.
Фуропласт, перхлорвинил және БФ—6 клей тіс түбірінің ұшындағы өзектердің өлген ұлпа микробтарының шығуына кедергі жасайды.
Бұл операцияның артықшылығы: 1) Тістің тұрақтылығы өзгермейді; 2) Резекция операциясына қарағанда зақымдылығы аздау.
Тісті реплантация жасау, яғни тісті жұлып өңдегеннен кейін ұясына қайта отырғызу. Бұл ерте кезден қолданып келе жатқан тәсілдердің түріне жатады. Бірінші рет 1794 жылы Амбруаз - Паре ұсынған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда бұл операцияны Гиппократ уақытында қолданған. Тарихи мәліметтерге қарасақ тісті қайта қондыру операциясы басқа органдарды қайта қондыру операциясынан әлдеқұрлым ерте қолданыла бастаған. Соңғы кездерде емдеу мекемелерінің техникалық жаб-дықталуының жақсаруына және антибиотиктерді кеңірек қолдануға байланысты бұл операцияға көзқарас өзгеріп, жиі пайдаланыла бастады.
Реплантация жасау операциясы төменгі жағдайларда қолданылады: 1. Қателікпен сау тісті жұлғанда; 2. Зақымның әсерінен сау тіс ұядан шығып қалғанда; 3. Гранулденген, грануломатозды созылымалы периодонтитте. Бұл операцияны көп жағдайда көптүбірлі тістерге қолданады.
Жансыздандырғаннан кейін тегістегішпен айналасындағы жұмсақ тіндерді көп зақымдамай сыдырып, тіс ұясының қабырғасын, түбірлерін зақымдамай тісті жұлу қажет. Егер де жұлған тіспен бірге гранулема шықса, кюретажды қасықпен қырнап тазалайды, бірақ периодонтқа көп зақым келтірмеу керек. Тістің ұясын антисептикпен жуып стерилді тампонмен жауып, тістің қу-ысын ашып, түбірлерінің өзегін кеңейтіп, тазартып, жуып, қүрғатып пломбылағаннан соң түбірлер ұшын кесіп тастайды. Осыдан кейін тісті антибиотик ерітіндісіне салып қою керек. Ұясындағы қан ұйығын жуып, тісті өз ұясына отырғызады. Реплантация жасалған тісті айналасындағы тістерге тез қататын пластмассадан жасаған қаппа арқылы немесе құрсау яғни шина арқылы бекітеді. Кейбір авторлардың пікірінше, егер тіс өз ұясына мықты отырса оны айналасындағы тістерге бекіту қажет емес. Құрсаулар 3—4 апта бойы тұруы қажет. Операциядан кейін науқасқа ауырғанды басатын, қабынудың алдын алатын дәрі-дәрмектер беру қажет.
В. А. Козловтың (1962) пікірінше өз ұясына отырғызылған тіс пен сүйектің өзара байланысы "периодонтты түрде" болған кезде (операция болғанда периостит пен периодонт көп зақымдалмаған жағдайда) тістің функциясы жақсы сақталып 10—15 жыл өз қызметін атқарады. Реплантация жасаған тістің бітуі „остеоидты" түрде болуы мүмкін, яғни тістің түбірі мен сүйектің байланысы сүйектің бітісуі сияқты болады. Бүл жағдайда тістің функциялық қабілеті өте төмен болады.
Үшінші түрі — аралас немесе фиброзды деп аталады.
Кей кездерде тісті өз ұясына қайта қондыру операциясын жедел ағымды қабыну процестерінде (жедел ағымды остеомиелит, периоститте немесе жедел ағымды периодонтитте) қолдануға болады (И. К. Широков, 1967). Мұндай жағдайда реплантация операциясын екі кезеңде өткізеді, яғни кейінге қалдырылған реплантация.
Бірінші кезеңі: тісті жұлғаннан кейін оның ұясын антибиотик ерітіндісі сіңген тампонмен толтырып қояды. Бірнеше күн бойы жедел ағымды қабыну кезінде болған өзгерістерді қалпына келтіру үшін ем жүргізеді. Осы аралықта жұлынған тісті антибиотик ерітіндісіне салып тоңазытқышта сақтайды. Қабыну процесі басылған соң (15—20 күн аралығында) тіс ұясындағы жетілмеген дәнекер тіндерді кюретажды қасықпен алып тастап, антибиотик ерітіндісімен жуады да тісті пломбылап өз орнына отырғызады. Сонымен қатар операцияның екінші кезеңінде қабыну процесі кері қайтқанда тіс өз ұясына отырғызылады.
Тісті қайта отырғызу операциясының тағы бір түріне трансплантация жатады, яғни тісті өз ұясынан алып басқа ұяға (сол аурудың) отырғызу.
Гемисекция негізінде көптүбірлі тістерге қолданылады. Бұл операция кезінде әртүрлі себептермен консервативті емдеуге болмайтын жағдайда жасалынады: 1. Түбір өзегінде саңылаудың болмауы; 2. Емдеу кезінде түбір өзегінің қабырғасы немесе түбірлерінің бифуркациясын (айрықшасын) тесіп алу; 3. Түбір өзегінде пульпоэксрактордың, бордың қалып қоюы.
Гемисекция операциясы эндотониялық емдеу мен тіс сауытының қуысын пломбылағаннан кейін жасалады. Жансыздандыру жасағаннан кейін сепарациялық дискімен төменгі жақ сүйегіндегі тістің сауытын екіге бөледі де түбірімен бірге элеватормен немесе қысқашпен жұлады. Тіс түбірі аралық пердесін және тіс сегментін қоршаған сүйек тінін сақтап қалу керек. Егер жоғарғы азу тістің таңдай түбірін алу қажет болса, тіс сауытын сагитальды жазықтықта кеседі, ал ұрт түбірін алу қажет болса „Г" әрпі тәрізді кеседі. Операциядан кейін қалған тістің жартысы жасанды сауытпен қапталуы тиіс.
Ампутация- бұл операция көптүбірлі тістерде бір түбірін бифуркацияға дейін кесіп алу.
Бұл операцияны жасауға болатын жағдайлары жоғарыда айтылған гемисекция операциясындай, сондықтан қайталамаймыз.
Жансыздандыруды жасағаннан кейін жақ сүйектің ұрт не болмаса таңдай, тіл жағынан кілегей және сүйектің сыртқы қабықтарын кесіп, трапеция не доғалдап сүйектен сыдырып, тіс ұясының сыртқы қабырғасын бормен ойып алады. Жалаңаштанған тіс түбірін фиссурлы алмаз бормен бифуркациясының деңгейінен кесіп, элеватормен не қысқашпен алады, гранулденген тіндерді
қырнап алып, антисептикпен жуып кілегейлі жақ сүйек, арты қабықтарының қиындысын қыйып кеттугпен тігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет