Республика күніне орай Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«
Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе
байқауын жариялайды
Эссе конкурсын өткізу тәртібі:
Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық деңгейде.
Эсселер
kaznu.zhastar@gmail.com
электрондық поштаға «Эссе байқауы
»
белгісімен 2022 жылдың 15 қазанын қоса алғанда
жіберілу керек. Бір қатысушыдан бір ғана эссе жіберілуі мүмкін.
Эссеге қойылатын талаптар:
-
байқау тақырыбына сай болу:
-
автордың жеке ұстанымын, түпнұсқа идеяларын және эссе тақырыбының стандартты емес перспективасын көрсету;
-
автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.
Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін.
Жұмыс Word форматы, 1,0
интервал, Times New
Roman шрифті, 14 кегль. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйек
сөздерді, басқалардың пікірлерін пайдаланған кезде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетілуге тиіс.
Эссенің титулдық бетін ресімдеуге қойылатын талаптар:
білім беру мекемесінің немесе ұйымның толық атауы;
тақырып;
автор туралы мәліметтер: аты-жөні, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.
2022
жылғы 15 қазаннан кеш түскен эсселер қаралмайды.
Құрметті студенттер мен магистранттар!