Студенттің өзіндік жұмысы


Қазақстанның ерекше қорғалатын жерлері



бет2/2
Дата11.11.2023
өлшемі288 Kb.
#190983
1   2
Байланысты:
экология сож

Қазақстанның ерекше қорғалатын жерлері
Қорықтар бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аумағы шаруашылық кешендерінен босатылып, онда кен өндіру, құрылыс салу, аң-құс ату, балық аулау, шөп шабу, мал жаю жәнне ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады. Сонымен қатар қорық аумағына улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты сол аймақтың ерекше ландшафтысы мен географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтағы экологиялық процесстердің барлығы адамның араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы және зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз табиғат лабораториясы деп те атап жүр. Себебі мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат кешендерін табиғи жағдайда ғылыми зерттеу, табиғат жылнамаларын жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтар тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған жануарлар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті ландшафтары-табиғат кешендері сол қалпында сақталады. Міне сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемелінне келтіре, сол көркейген қалпында сақтауда қорықтардың алатын орны ерекше. Шындығында да кең байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағлы (1926), Алматы (1931), Наурызым (1934), Барсе келмес (1939), Қорғалжын (1958), Маркакөл (1976), Үстірт (1994), Батыс Алтай (1997), Алакөл (1998) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта айтқанда адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір үруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы. Табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты-табиғатты қорғау. Табиғатты қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарыен білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сондықтан осы айтылған жағдайларды бәріміз саралап ары қарай өз әрекеттерімізбен көрсете білсек нұр үстіне нұр болар еді.

ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



1.Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері 
2. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж. 
3.Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы 
4. Тарихи – географиялық энциклопедия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет