Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.
Тапсырма: Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.
Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.
Картаның мазмұны: 1. Орман контурлары.
2. Бес орман құрушы түрлерге байланысты аудандастыру: шырша, қарағай, қайың, қандыағаш, терек.
3. Аумаққа орманды орналастыруға байланысты таксономиялық нөмірлері: кварталдар нөмірлері ГЛФ (Государственный лесной фонд), ормандарды аумақтық басқару кварталдарының нөмірлері, орманаралық жасыл желее екпе ағаштары кварталдарының нөмірлері.
4. Ормандардың қысым көру дәрежесі бес категориясы бойынша:
- сау ормандар;
- жетілмегендер (жарақаттанғандар);
- өте күшті жетілмегендер (күшті жарақаттанғандар);
- құрып бітетіндер;
- қу ағаштар;
5. Ерекше қорғалатын орман аумақтары: қаумалдар, қорықтар.
6. Өндірістік және рұқсат берілмеген кесулер, өртеңдер орындары.
2 ВАРИАНТ. Топырақтық-экологиялық карта.