105
2) әрбір білім алушының, оның білімінің, шеберлігінің, қабілеті мен
құзыреттілігінің
озық
сипаттамасы
ретінде
мақсатқа
жетуге
бағдарлануы;
3) өзге де жүзеге асырылатын және алдағы қызметтің, тәжірибелік,
теориялық,
танымдық
қызметтердің
бағдарлық
негізін
озық
қалыптастыру;
4) білім берудің нәтижелі мақсатына қол жеткізуге және қоршаған
ортаның шынайылығын тұтас тануға бағытталған, қызмет түрлерін және
олармен шартталған ойлау тәсілдерін озық меңгеру. Жүйелі ойлауды
қоса алғанда, осы қызмет түрлері мен ойлау тәсілдері неғұрлым тез
меңгерілсе, соғұрлым олар мамандарды даярлау мен оқытудағы
мақсатқа қол жеткізуге
тез септігін тигізеді, субъекті үшін де жылдам әрі
біршама қарқынды «жұмыс» істейді.
5) экономиканың, ғылымның, қоғамның және оның нақты
салаларының, сонымен қатар, субъектінің болашақтағы кәсіби
қызметінің стратегиялық даму контекстіндегі құзыреттілікті озық
қалыптастыру;
6) жаңалықтарға әзірліктің және сезімталдықтың дамуы, алға
жылжудың жеңісті кепілі үрдіс пен құбылыстардың, нысанның қол
жеткізілген жай-күйінің озық дамуы болып табылатындығын түсіну;
7) озық ақпараттармен жұмыс істеу дағдысы мен шеберлігін дамыту
және басқарушылық шешімдерді қабылдау мен әзірлеу үшін оның
тиімділігін арттыру.
8) білім алушының өзіндік жұмысын жүзеге асыру және
ұйымдастырудағы технологиялық
әдісті белсенді пайдалану;
9) зерттеу деңгейінде және шығармашылық деңгейінде, «білім беру
стандарты» деңгейінде алынған білімді қолдануды ескере отырып,
«түрлі деңгейлі» білім беруді қарастыру.
Еңбектің авторлары[98] жүйелілік тұғырдың әдістері мен жүйелері
жайлы айта отырып: «Талдаудың негізінде біз білім аламыз, алайда оны
бірнеше құраушыларға бөле отырып, жүйенің қасиеттерін түсіну
мүмкіндігінен айрыламыз» деп тұжырымдайды.
Талдаудың толықтауышы синтез – бөліктерді біртұтас етіп
құрастыру болып табылады. Синтездің көмегімен біз түсінікке қол
жеткіземіз. Жүйенің қалай қызмет ететінін және тосын қасиеттерінің
қандай екенін анықтаудың бір ғана жолы бар, ол – оны әрекет кезінде
бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: