104
соңғы нәтижелерді, оқу субъектілерінің жағдайын, оқу үрдісі мен оның
тиімділігін және т.б тексеру және бақылау жүйесі енгізіледі.
Білім беру үрдісін бақылау түсінігі ретінде білім берудің тиімділігі
мен сапасын арттыру, болжау, бақылау, бағалау, талдау мақсатында
білім беру жүйесінің өзге де нысандарын және оқыту үрдісінің
нәтижелері мен жағдайын қадағалау бойынша жүйелі және мақсатты
түрде бағытталған қызмет түсіндіріледі.
Бұл жағдайда педагогикалық жорамал оқу-тәрбие жұмыстарының
ұйымдасқан формасы мен құралдарын, тәсілдерін, мазмұнын
оңтайландыру мақсатында, сәйкес педагогикалық нысандардың дамуы
жайлы шынайы озық ақпараттарды алуға бағытталған, ғылыми
зерттеулердің арнайы ұйымдасқан кешені ретінде қарастырылады.
Оқытушының диагностикалық қызметінің мақсаты педагогикалық
қызметтің тиімділігін арттыру мен сапасын басқару үшін шынайы
ақпаратқа қол жеткізу болып табылады [133].
Білім берудің заманауи технологиясы біз үшін тәжірибелік,
теориялық, танымдық және өзге де қызметтердің, сәйкесінше ойлау
тәсілдерінің тиімді түрлерін меңгеруде, сонымен қатар, білім берудің
жоспарланған
нәтижелері
мен
мақсаттарына
қол
жеткізуде
қолданылатын, басқарылатын және бақыланатын қызметті, қажетті
ақпараттық,
кадрлық,
материалды-техникалық
және
өзге
де
қамсыздандыруларды, білім беру құралдары мен формаларын,
тәсілдерін, мазмұнын, принциптерін қоса алғандағы, оның кешендерінің
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Озық білім берудегі мақсаттарға жетуге және оларды жүзеге
асыруға қабілетті кейбір технологияларды қарастырамыз:
Достарыңызбен бөлісу: