Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет32/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

мodulus 
шара,  үлгі]  –  қандай  да  бір  объектіні, 
объектілер  жүйесін,  болмыстарды,  процестерді  олардың  модельдерін 
құру  арқылы  зерттеу;  модельдерді  жаңадан  құрастырылатын 
объектілердің  құру  тәсілдерін  анықтау  немесе  сипаттамалары  мен 
жүзеге асырылуын нақтылау, болжау үшін қолдану. 
Модель  –  қандай  да  бір  объектінің,  процестің,  немесе  болмыстың 
символикалық  түрде  олардың  негізгі  қасиеттерін  тудыратын  ойдағы 
немесе  шартты  образ,  аналог.  Модель  құрастыру  процесінде  оның 
негізіне  салынған  ақпаратты  ғана  емес,  модельді  теориялық  талдау 
процесінде анықталатын («кодсыздандырылатын») ақпараттан тұрады. 
Оқулықты (өзге оқитын, ғылыми және т.б. мәтіндерді) зерделеудің 
ұсынылатын  тәсілдерін  пайдалану  тәжірибесі  зерделенетін  материалды 
меңгерудің  жоғары  тиімділігіне  нақты  жетуді  көрсетті.  Бұл  ретте 
адекватты  зерделенетін  ғылымда  білім  жүйесі  құрылады.  Білім  мен 
дағдыларды сапалы меңгеру жүреді. Меңгерудің сапалылығы оқулықты 
зерделегеннен  кейін  (мысалы,  бір  жылдан  немесе  үш  жылдан  кейін) 
белгілі  бір  уақыт  аралығында  қалған  білімді  тексерумен  расталады 
(бізбен расталды).   
Контекстік оқытуды қолдану:  
-  бөлімнің,  тараудың  және  оқулықты  толық  алғандағы  тұтас 
мәтіннің  контекстінде  жеке  сөздердің,  сөздер  жиынтығының, 
фразалардың, мазмұндардың және т.б. мәнін нақтылауға;   
-  сол  бір  мәтінді  білім  немесе  қызметтің  әрбір  саласындағы 
контексте қарастыруға;  
-  оқу  материалын  (кәсіби  бейімделу  тұрғысынан  алып  қарағанда) 
сол немесе өзге кәсіби қызмет контекстінде зерделеуге;  
-  жобалар  әдістерін  (оқу,  ғылыми  және  өзге)  тиімді  іске  асыруға 
әкеп соқтырады.   
Оқулықтың компоненттерін (абзацтарды, параграфтарды, баптарды, 
тарауларды,  бөлімдерді)  зерделеу  процесінде  жинақталған  түрде 
параграф,  бөлімнің,  тараудың  және  оқулықтың  атауы  түрінде  есте 
сақталатын  зерделенген  материалды  жинақтау  жүзеге  асырылады. 
Осылайша,  танымдық  іс-әрекеттегі  үнемдеу  принципі  іске  асырылуы 
мүмкін.    


119 
 
Меңгерілген  материалды  жинақтау  шартты  түрде  айтқанда,  кері 
тәртіпте - оқулық компоненттерінің атауынан олардың мазмұнына қарай 
жүргізіледі.  Бұл  ретте,  оқулықтың  компоненттері  және  оқулықтың 
толық  ақпараты  өзекті  (талдау,  синтездеу  және  модельдеу  және  т.б. 
процесінде анықталған) меңгеріледі.  
Оқыту 
процесінде 
зерделенетін 
объектілерді 
қоршаған 
шынайылықпен 
тұтас  тануға  мүмкіндік беретін  қызмет  пен іс-әрекеттердің  әртүрлі 
түрлерін  меңгеру  жүзеге  асырылады.  Меңгерілген,  тәжірибеде 
қолданылатын  қызмет  пен іс-әрекеттің  ұсынылатын  түрлері,  танымның 
жүйелілік  әдістері  мен  қоршаған  шынайылыққа  айналдыру  уақыт  өте 
келе  адамның  қазіргі  уақыттағы  бәсекелестікке  қабілеттілігі  мен 
ұтқырлығын арттыратын жеке құралдары болып кетеді.   
Бұл  жұмыстағы  оқулықтың  мәтінін  зерделеудің  технологиялық 
процесіне:    
1) оқулықтың мәтінін жүйелер ретінде талдау; 
2)  әрбір  мәтіннің  ішінен  өзге  жүйелілік  объектілерді  (қосалқы 
жүйелерді) анықтау және олардың жай—күйін зерделеу;   
3)  объект  және  оның  компоненттерін  жүйе  ретінде,  сондай-ақ  
олардың  жүйе  астының  өткен,  осы  және  болашақтағы  жай-күйін  
зерделеу; 
4) қарастырылатын объект (оқу, мәтін,оқулық мазмұнын және т.б.) 
туралы ақпаратты жинақталған түрде жүйелі құру, зерделеу және түсіну; 
5)  анықталған  және  меңгерілген  ақпараттың  концептуалдық 
модельдерін құру  кіреді.  
Жүйелі келу негізінде оқулық мәтінімен жұмыстың жалпы сызбасы 
оқыту  процесінде  оны  іске  асырудың  бірнеше  нұсқаларына  ие.    Бұл 
ретте,  «негізгі  ой»,  басты,  кілт  сөздер  және  т.с.с.  анықталатын  және 
арнайы  кестелерге  енгізілетін  мәтіннің  әрбір  абзацы  талдауға  жатады. 
Содан  кейін,  соның  негізінде  кестенің  келесі  колонкасына  ұжымның 
(топтың,  сыныптың)  соңғы  нақты  шешімі  жазылатын,  алынған 
нәтижелерді  ұжымдық  талдау  жүзеге  асырылады.  Абзацтарды  талдау 
процесінде  анықталған  негізгі  ұғымдар,  заңдар,  заңдылықтар, 
формулалар және т.с.с. кестенің арнайы колонкасына енгізіледі.    
6.1.1-  суреттегі  процесінде  белгілі  бір  ақпарат  анықталатын,  содан 
кейін анықталған ақпаратты синтездеу және графикалық қорытындылау, 
одан кейін-оның жүйесінің концептуалдық моделін (ЖКМ) құру жүзеге 
асырылатын оқулық мәтінін талдау сызбасы көрсетілген.  
 
 
 
 
 
 


120 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                   ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ ■ 
(басты, «ой», тірек сөздер және т.с.с.) 
 
6.1.1-сурет.  Оқулықтың мәтінімен жұмыс істеу сызбасы, бұл жерде 
ЖКМ - жаңа сөздерді, содан кейін анықталған сөздіктің көмегімен 
зерделенетін  ақпараттың жүйенің концептуалдық моделін анықтауға 
қызмет етеді. 
 
 
6.1.2  -  суреттегі  оқу  процесінде  оқулықтың  мәтіндерін  және  оқу 
материалын  тұтастай,  сондай-ақ  білім  алушылардың  іс-әрекетін 
бағалауда пайдалануға арналған.  
Кестеге  енгізілетін  колонкалардың  мәні  әртүрлі  болуы  мүмкін. 
Мысалы, қосымша жұмыс ретінде жеке колонка енгізу ұсынылады. 
Мәтінмен  осылай  жұмыс  істеу  дағдыларын  игеруге  қарай: 
ұжымдық  талқылауға  арналған  колонка  кестеден  алынып  тасталуы 
мүмкін;  талдау  уақыты  әрбір  абзацқа  жеке  емес,  мәтінге  толықтай 
беріледі;талдау  үшін  кестелер  емес,  мәтінді  талдау,  синтездеу  және 
анықталған 
ақпаратты 
графикалық 
қорытындылаудың 
барлық 
нәтижелері  көрініс  табатын,  сабаққа  арналған  қарапайым  дәптерлер 
пайдаланылады;  негізгі  қорытындылардың  көлемі  ¼    бетке  дейін 
қысқартылады. 
Оқулықтың  мәтінімен  жұмыстың  маңызды  шарты  әрбір  абзацтың 
зерделенетін 
параграфтың 
тақырыбының 
аспектісінде, 
әрбір 
параграфтың  тиісті  тараудың  тақырыбының  аспектісінде,  әрбір 
тараудың оқулық тақырыбының аспектісінде қаралуы болып табылады. 
Оқулықтың  барлық  компоненттері  үшін  (параграфтардың,  баптардың, 
тараулардың,  бөлімдердің)  жалпы  бағыт  оқулықтың  атауы  болып 
табылады.    
Мәтін  талдауына  критикалық  келу  (қажет  болған  жағдайда)  сол 
немес өзге параграфтың тақырыбын нақтылауға мүмкіндік береді.  
 
 
 
ЖКМ 
Синтез 
Талдау 
Параграфтың, бөлімнің, тараудың, оқулықтың тақырыбы 
 


121 
 
6
.1
.2
 -
 кесте.  
Ж
ұй
е 
реті
нд
е мате
ри
алы
н жән
е 
оқ
ы
п-
үй
ре
ну
 әре
кетті 
бағала
у 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т
алдау
 
Жи
нақта
у№
 Жал
пы
лау
 
 
О
қы
п-
үй
ре
ні
леті
н о
бъ
екті
 (
ны
са
н)
 
Жүйес
ін
ің
 т
ұж
ы
ры
мд
амал
ы
қ 
Ү
лгі
сі
н құ
ру
 қ
ор
ы
ты
нд
ы
ла
р.
 
Басқа
 
Сұ
рақта
р 
Қо
ю
 
 
Жауапта
р 
 
Рефлекс
ия
 
Қай
-та
 
жаң

ғы
ру
 
бел

гі
ле
рі
 
 
А
бз
ац

пар
агр
аф,
 
тар
ау

бө
лі
м
 
Н
ег
ізгі 
 «
ой
»

баст
ы
, кі
лт 
сө
зд
ер
, т.
б.
 
 
Н
ег
ізгі 
ұғ
ы
мд
ар

заңдар, ф
ор
му
ла
р, 
 
жаң
а с
өз
де
р,
 
т.
с.с.
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т
алдау
 
Жи
нақта
у 
Жалп
ы
лау
 
Сұ
ракта
р 
Қо
ры
ты
нд
ы
лар
 
О
қы
п-
үй
ре
ні
леті
н м
атер
иалд
ы
ң 
нег
ізгі 
қағи
далар
ы
н қа
йта ж
аң
ғы
рт
у 
О
қу
 мат
ер
иалы
н қа
йта жа
ңғ
ы
рта
у 
О
қы
п-
үй
ре
ні
леті
н о
бъ
ектті
ні
ң т
ұж
ы
ры
мд
амал
ы
қ 
ұл
гі
сі
 
Жап
ы
 б
аға
 
 


122 
 
Жекелеген  жағдайларда  (мәтінді  талдау,  қорытындылау  және 
синтездеу  процесінде)    өзінің  тақырыбын  жеке  параграф  ретінде  беруі 
мүмкін.    
Оқулық мәтінімен жұмыс процесін интенсификациялау мақсатында 
уақыт  өте  келе  қысқартылатын  әрбір  абзацты  талдау  уақыты 
анықталады.  Мысалы,  абзацты  талдаудың  болжамдық  уақыты  ретінде 
біз  1  минутты  белгіледік.  Мәтіннің  абзацтарын  ұжымдық  талқылаған 
кезде  мәтінмен  жұмыстың  уақыты  ұлғаяды.  Уақытты  осылай  ұлғайту 
оқу  процесіне  қосымша  іс-әрекеттерді  енгізумен,  мысалы,    соңынан 
сөздікпен  жұмыс  істеу  үшін  әрбір  абзацтағы  жаңа  сөздер 
қарастырылатын, кестеге жаңа колонка енгізу есебінен негізделеді. 
Эксперименттер көрсетіп отырғандай,  білім алу субъектілері үшін 
аз  ғана  қиындықты  туғызатын  қорытындылау  сатысы  (зерделейтін 
объектінің  нақты,  негізгі  қасиеттерін  анықтау  және  жазып  алудан 
тұратын  танымдық  процестердің  сипаттамаларының  бірі  ретінде)  және 
зерделенетін мәтінді синтездеу болды.    
Синтездеу  астында  (түсінудің  қажетті  кезеңі  ретінде)  объектінің 
тараптарын  бөлімдерден  бүтінге  немесе  әртүрлі  элементтерді  тұтас  бір 
бүтінге  біріктірудің  тәжірибелік  немесе  ойша  біріктіру  процесі 
танылады.   
Іс-әрекетің  көрсетілген  кезеңін  жүзеге  асыру  үшін  кестеде  әрбір 
білім  алушыға  талдау  процесінде  анықталған  (зерделенген)  ақпаратты 
синтездеу  және  қорытындылауды  жүзеге  асыруға,  сондай-ақ 
зерделенетін  объекті  жүйесінің  тиісті  концептуалдық  моделін  құруға 
мүмкіндік беретін арнайы жолақ бөлінеді.   
Білім  берудің  маңызды  кезеңі  базалық        білімді        қолдану    
болыптабылады:  1)  дәстүрлі  (стандарттық);  2)  шығармашылық;  3) 
зерттеу деңгейінде.  
Білім алу субъектісіне мәтіннің мазмұнына, оны жетілдіру, мәтіннің 
тақырыбына, мәтінге және т.б. енгізілген жекелеген жүйелеріне қатысты 
тиісті  қорытындылар  мен  ұсыныстар  жасау  ұсынылады.  Мәтінді 
талқылау  және  синтездеуге  бөлінетін  уақыт  өте  қысқартылып  отыруы 
қажет. Бастапқы кезеңде осы уақыт орташа алғанда 15 минутты құрауы 
мүмкін.     
Мәтіннің  абзацтарымен  және  толықтай  оқулықпен  тыңғылықты 
жұмыс  зерделенген  материалды  меңгеруге  және оны ойда  жинақталған 
түрде сақтауға мүмкіндік береді.  Мәтіннің келесі туындылары үшін кілт 
ретінде параграфтың, тараудың, бөлімнің және т.б. қолданыстағы немесе 
нақтыланған тақырыптары болуы мүмкін.  
Білім  алушылардың  өздерімен  анықталатын  негізгі  қорытындылар 
құрылымында  анықталған  ақпаратты  қорытындылаудың  негізгі 
нәтижелерін 
беру 
ұсынылады. 
Білім 
алушы 
субъектілерге 
қорытындыдан  басқа  зерделенетін  объектіге,  қалыптастырылған 
қорытындыларды  одан  әрі  пайдалануға,  оның  компоненттеріне,  оқу 


123 
 
материалын  және  т.б.  зерделеудің  тиімділігі  мен  сапасын  арттыруға 
қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу ұсынылады  
Мәтінмен  жұмыстың  қажетті  кезеңі  болып  мәтінге,  талдауға, 
қорытындылауға,  синтездеуге  және  т.б.  қатысты  сұрақтарды  құрастыру 
табылады.  Кестеге  қосымшада  әрбір  білім  алушыға  (барлық  кесте 
сияқты)  соңынан  мұғалім  тексеретін  және  бағалайтын  олар  қойған 
сұрақтарға  жауаптар  әзірлеу  ұсынылады.  Сабақ  процесінде  жекелеген 
сұрақтар ұжымдық талқылауға шығарылуы мүмкін.  
Оқу материалын, сондай-ақ зерделенген ақпаратты синтездеу және 
қорытындылау  аяқталған  кезде  білім  алушылардың  әрбір  жұбы 
(мысалы,  бір  үстелде  отырғандар)  бір-біріне  мәтінді  ғана  емес,  негізгі 
ұғымдар  мен  анықтамаларды,  заңдарды,  формулаларды  және  т.б. 
кезекпен айтып береді. Осылайша, өзара тексеру жүзеге асырылады. 
Осы іс-шараны өткізу сценарийі, бірақ негізгі талап  - білім алушы 
(немесе толықтай, немесе қорытындыланған түрде) зерделенген мәтінді 
және  оған  енгізілген  негізгі  қағидаларды  (принциптерді,  түсініктерді, 
анықтамаларды,  формулаларды,  заңдарды  және  т.б.)  айта  білуі  сақтала 
отырып, әртүрлі болуы мүмкін.  Бұл ретте, оның кестені  немесе кестеге 
енгізілген белгілерді (айтуға арналған белгілер) қолдану құқығы бар. 
Айтуға арналған осы белгілер абзацты, параграфты және т.б. талдау 
кезінде  анықталған  белгілерді  («бастыны»,  кілт  сөздерді  және  т.б.) 
өздігінше  қорытындылау  болып  табылады.  6.1.2  -  кестені  «айтуға 
арналған  белгілер»  колоннасына    тек  бір  ғана  (білім  алу  субъектісімен 
таңдап  алынған)  белгісі  енгізіледі.  Осы  жағдайда  мынадай  мақсат 
қойылады  -    зерделенген  ақпаратты  мүмкіндігінше  барынша  жинақтай 
отырып,  қабілет  пен  дағдыларды  қалыптастыру  және  білім  алушының 
өзімен  зерделенген  материалдың  қабылдап  алынған  айтуға  арналған 
белгілерінің көмегімен оны тарату.   
6.1.2  -  кестені  пайдаланудың  бастапқы  кезеңінде  және  өзге  ұқсас 
тәсілдерде  (мұғаліммен  әзірленген)  көрсетілген  белгілер  әрбір  абзац 
(оқулықтың  параграфы,  тарауы,  бөлімі)  үшін    құрастырылады  және 
мәтінді,  негізгі  ұғымдарды  және  т.б.  мазмұндау  үшін  бөлініп  алынуы 
және қолданылуы мүмкін жеке колонкаларға енгізіледі.    
Оқу материалын зерделеудің жауапты кезеңі білім алушылардың іс-
әрекетін  бағалау,  оның  ішінде:  қорытындылау  мен  синтездеу, 
ұйғарымдар  мен  ұсыныстар,  сұрақтар  және  т.б.;  мәтіннің  негізгі 
ережелерін  айту  (түсініктерді,  қағидаларды,  формулаларды  және  т.б.) 
айту; мәтінді айту; зерделенетін объектінің жүйелерінің концептуалдық 
модельдерін 
құру; 
алынған 
базалық 
білімді: 
 
«стандарт», 
шығармашылық, талдау деңгейінде қолдануды бағалау болып табылады. 
Екі  баға  қолдану  ұсынылады,  оның  біріншісі  оқу  процессі 
қатысушымен  қойылады  (немесе  ол  барлық  топтың  ұжымдық  бағасы). 
Екінші  бағаны  оқытушы  қояды.Оқу  материалымен  жұмыс  жасау 
тәжірибесі көрсеткендей, жүйелілік тәсілдеме мен жүйелілік ойлау 


124 
 
икемділіктері мен дағдылықтарын қалыптастырумен  бірге қатар сәйкес 
«пәндік»  ойлану  дамиды  (химиялық,  биологиялық,  педогогикалық, 
техникалық және т. б.).  
Бұдан  басқа,  оқу  процессінің  қатысушылары  келесі  икемділіктер 
мен  дағдылықтарды  меңгереді:  текстінің  жүйелілік  талдауы,  ондағы 
бастыны  бөліп  шығару,  зерделенген  материалды  жалпылау,  оның 
синтезі, зерделеуші объектінің модел жүйесін құрылымдау және т. б.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет