126
3) стиральды құрылым, бұл жағдайда бастапқы проблема
аспектісінде соған қатысты білімнің біртіндеп тереңдеуі мен ұлғаюы
орын алады.
4) аралас құрылым, бұл сызықтық шоғырлар және стиральды
құрылымдардың комбинациясы ретінде ұсынылады. Ол мазмұнды
ұйымдастыру кезінде бейімделуге,оның жеке бөліктерін әртүрлі
әдістермен баяндауға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта оқу материалдарын құрастырудың модульді әдісі
жиі қолданылады. Мұндай әдіс кезінде әр оқу тақырып мазмұнының
құрылымы келесі түрде құрылады: бағдарлы (әдістемелік), мазмұнды –
сипаттамалық; операционды-қызметтік; бақылау-тексеру бөлімдері.
Модульдің құрылымына келесілер кіреді: модульдің мақсаты және
оқу элементтерінің дербес дидактикалық мақсаттары; мазмұнды оқу
элементтері; тапсырмалар жүйесі; салыстырмалы диаграммалар,
кестелер түріндегі жалпылама; демонстрациялық материал; кіріс және
басқа да бақылау түрлеріне арналған тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: