Табигиндер



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
УРУАҺ ИБН ӘЗ-ЗҮБӘЙР
   
 
 
«Кімде-кім жәннат тұрғындарының жүзін көріп көзайым болғысы келсе
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйрге қарасын».
(Абдүлмәлик ибн Мәруан.)
Батуға таяп қалған күннің соңғы шапағы Алланың қасиетті үйін 
алтынмен  апталған  өрнекті  қабырғадай  безендіріп  тұр.  Қағбаны 
тауаф қылып жүрген Алла Елшісінің (с.а.у.) жер бетінде қалған са
-
хабалары мен үлкен тәбиғиндердің «Алладан басқа тәңір жоқ» де
-
ген тәһлилдері мен әлемдердің Иесін дәріптеген үндері ауаға әтір 
шашып  тұрғандай  болды,  олардың  сӘлих  дұғалары  шартарапты 
толтырып  жатты.  Мешіттің  ішінде  адамдар  ұлығ  Қағбаны  айна
-
ла қоршап, ерекше құрмет білдіріп отыра бастады. Ауыздарынан 
ешқандай бос сөз немесе күнәға бастар сөз шықпай әңгіме-дүкен 
құрып отырғандардың Қағбаға көзі тоймай қараған сәттегі жанар
-
ларынан тек қана көне үйді көруге болатын еді. Қағбаның «Иемен 
тірегі» деп аталатын қабырғасына таяу жерде жүздері нұрлы төрт 
жігіт отыр. Аппақ киім киген, үстерінен әтір иісі аңқыған, бір-бірі
-
не деген көңілдері кіршіксіз таза осы бір әулеттің жігіттері мешіт
-
тің ақ көгершіндері сияқты еді.
Олар  –  Абдуллаһ  ибн  Әз-Зүбәйр,  оның  інісі  Мұсғаб  ибн  Әз-
Зүбәйр және олардың екі бауыры Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр мен Абдүл
-
мәлик ибн Мәруан. Тақуа жас тар баяу үнмен шүйіркелесе сөйлесіп 
отырды. Кенет, олардың бірі «Әркім Алладан тілегенін сұрасын», 
– деді. Олардың қиялдары көк әлемінде самғап, армандары жәннат 
бағын кезді.
Біраз  уақыттан  кейін  тыныштықты  Абдуллаһ  ибн  Әз-Зүбәйр 
бұзды.


 19 
– Менің тілегім – Хижаз аумағына иелік қылып, халифа болу, – 
деді ол. Оның бауыры Мұсғаб:
–  Менің  арманым  –  екі  Иракқа,  яғни  Куфа  мен  Басраға  бас
-
шылық ету, бұған ешкім дауласпаса екен, – деді. Сонда Абдүлмә
-
лик  ибн Мәруан:
– Сендер осы айтқандарыңмен қанағаттансаңдар, менің арма
-
ным жер бетіне ие болып, Мұғауияһ ибн Әбу Суфяннан кейін ха
-
лифа болу, – деді.
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр үн қатпады, ешнәрсе айтқан жоқ. Доста
-
рының бәрі енді соған қарады.
– Сен не сұрадың?
– Дүние ісі бойынша сұрағандарыңа Алла береке берсін. Ал мен 
Алланың кітабы Құран мен Пайғамбардың (с.а.у.) дәстүрі – сүн
-
неттің білімін тарататын, адамдарға Ислам дінінде тәлім беретін 
ғалым  әрі  тақуа  болуды  және  ақыретте  Тәңірдің  ризашылығына 
бөленіп, жәннатқа кіруді тіледім, – деді Уруаһ.
* * *
Жылдар өтіп, Язид ибн Мұғауияһ (Үмәйяһ әулетінің екінші ха
-
лифасы) қайтыс болғаннан кейін Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйр халифа
-
лық ант қабылдап, Хижаз, Мысыр, Иемен, Хорасан және Ирактың 
билеушісі болды. Бірақ көп ұзамай, өзі арман еткен орынға жақын 
жерде Қағбаның қасында жау қолынан қаза тапты. 
Ал інісі Мұсғаб ибн Әз-Зүбәйр Иракқа әкім бjлып тағайындал
-
ды. Ол да өзінің елін қорғап қаза тапты. 
Әкесі өлгеннен кейін Абдүлмәлик  ибн Әл-Мәруанға халифа
-
лық билік тиді. Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйр мен оның інісі Мұсғаб 
ибн Әз-Зүбәйр Абдүлмәлик тің әскерлерінің қолынан қаза тапқан 
соң,  ол  бүкіл  мұсылмандардың  басын  қосып,  дүниедегі  ең  ұлығ 
патшалардың біріне айналды. 
Ал Уруаһ ибн Әз-Зүбәйрге не болды?
Енді осы оқиғаның басынан бастайық.
* * *
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр Фәруқ Омар ибн Әл-Хаттаб тың халифа
-
лығының соңғы жылында мұсылмандар үшін ең қасиетті, ең қадір
-
лі отбасында дүниеге келді. 
Оның әкесі Зубәйр ибн Әл-Аууам – Алланың Ел шісінің (с.а.у.) 


 20 
хауариі, досы, Исламда тұңғыш рет қы лыш сермеген, жәннатпен 
уәде етілген он сахабаның бірі. 
Ал  шешесі  –  «екі  түйіншекті»  деп  аталған  Әсмә  бинті  Әбу 
Бәкір.  «Екі  түйіншекті»  деп  аталуының  себебі,  түйіншектерін 
қоржын сияқты етіп байлап, ұлығ көш кезінде Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) бір жағына – тамақ, екінші жағына – су толтырылған мес 
алып келетін болған.
Ал нағашы атасы – Әбу Бәкір Әс-Сыддиқ, Алланың Елшісінің 
орынбасары,  үңгірде  бірге  болған  жолдасы,  ол  Пайғамбарымыз 
Меккеден Мәдинеге көшкен кезде, артынан қуып келген мүшрик
-
терден Пайғамбарымыз (с.а.у) тығылған үңгірде бірге болған.  
Әжесі  Сафия  бинті  АбдүлмутТалиб  –  Пайғамбардың  (с.а.у) 
әкесінің қарындасы. 
Нағашы апасы – мүминдер анасы Айша (Алла разы болсын). 
Мұсылмандардың анасы дүниеден өткен кезде қабіріне өзі түсіп, 
торқасын реттеп, өз қолымен көмді.
Иман мен Ислам құрметінен басқа бұдан асып тү сетін құрмет 
немесе қасиетті тектілік жоқ.
Алла  Тағаладан  Қасиетті  Қағбада  тілеген  арманын  орындау 
мақсатында  білім алуға көңіл бөліп, ғылым жолында бар өмірін 
сарп етіп, дүниеден өтті. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірде қалған 
сахабаларынан бар білімді алуға тырысты. Сол үшін олардың үй
-
лерінің есігін қақты, соңдарынан еріп намаз оқыды, ғылым мәжілі
-
стеріне үзбей қатысты. Ол Әли ибн Әбу Талибтен, Абдуррахман 
ибн Ауфтан, Зәйд ибн Сәбиттен және Әбу Әюб Әл-Ансариден ха
-
дис риуаят етті. 
Ұстаздары: Усәмәһ ибн Зәйд, Сағид ибн Зәйд, Әбу Һурайраһ, 
Абдуллаһ ибн Аббас және Ән-Нұғман ибн Бәшир.
Сонымен  қатар,  нағашы  апасы,  Ұммүл–мүминин  Айшадан 
көптеген хадистерді жеткізді. Нәтижесін де, дін мәселесі бойын
-
ша  мұсылмандар  паналайтын  мәдинелік  жеті  ғалымның  біріне 
айналды. Олардан сӘлих әкімдер халық пен ел өміріне байланыс-
ты,  Алланың  үкімі  жайында  сұрақтар  сұрап,  үнемі  ақылдасып 
отырды. 
Осы тұрғыда Омар ибн Абдүләзиз Мәдинеге Уәлид ибн Абдүл
-
мәлик тарапынан әкім боп тағайындалып келген кезде, сәлемде
-
суге келген адамдармен бірге түскі намазды оқып, Мәдиненің ал
-
дыңғы қатарлы он ғалымының алдына келуін талап етті. Олардың 


 21 
басында  Уруаһ  ибн  Әз-Зүбәйр  болды.  Келген  ғалымдарды  әкім 
қошеметпен  күтіп  алды.  Жиналысты  ең  алдымен  Алла  Тағалаға 
мадақ, мақтаулар айтумен бастады:
– Сендерді ақысы төленіп тұратын бір іске, яғни шындық пен 
әділет  үшін  көмек  көрсету  үшін  жәрдемдесіп  тұруға  шақырып 
отырмын, – деді Омар ибн Абдүләзиз. Мен ешқандай мәселеде сіз
-
дермен  ақылдаспай,  немесе  сіздер  жіберген  ғалымның  пікірімен 
санаспай, шешім қабылдамаймын. Егер біреудің ала 
жібін аттасам немесе менің қызметкерлерімнің бірі қателік жа
-
сағанын білсеңіздер, дереу маған жеткізіңіздер, – деді.
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр оған жақсылық тілеп, Алла Тағаладан сәт
-
тілік пен инсаф сұрады.
Уруаһ  ибн  Әз-Зүбәйр  ғылым  мен  істі  ұштастыра  білді. 
Ыстықтарда  оразаға  шыдамды,  қараңғы  түскенде  намаз  оқуға 
құлықты болды. Тілі үнемі Алланы зікір қылумен болатын. 
Сонымен қатар, қолынан Алла Тағаланың кітабы Құран Кәрім 
түспейтін. Құранды көп оқитыны сон шалық, күндіз Құранға қарап, 
күніне төрттен бірін оқып бітіретін еді. Ал түндегі намазы кезінде 
жатқа оқитын.
Бұл әдетін балалық шағынан бастап, өмірден өт кенге дейін та
-
стамаған екен. Өмірінде осы әдетін бір жолы бір жағдайға байла
-
нысты тастауына тура келеді. Ол жайында кейінірек айта жатар
-
мыз.
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр намаз оқыған кезде рухын ты нықтыратын. 
Намазды көзінің қарашығындай қас терлеп, жердегі жәннатындай 
қарайтын. Намаздың барлық рәсімдерін толығымен нақты орын
-
дап, жақ сылап оқып, ұзақ уақытқа созатын еді. Бір күні намазды 
жеңіл-желпі оқып тұрған бір жігітті көріп, намазы бітісімен шақы
-
рып алып: 
– Інім! Намазыңда Алла Тағаладан мұқтаж болып жүрген тіле
-
гіңді сұрап жүрсің бе? Мен намаздарымда Алла Тағаладан тұзға 
шейін сұраймын, – депті.
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр қолы кең, кешірімді әрі жомарт кісі бола
-
тын. Оның жомарттығы жайында мынадай әңгіме бар:
Мәдиненің ең ірі бақшаларының бірін отырғызған осы кісі екен. 
Мал  кіріп,  бұтақтарын  сындырып  немесе  балалар  кіріп,  босқа 
жұлып жүрмесін деп жыл бойы бақты қоршап тастайды екен. Құр
-
ма пісіп, жұпар исі шығып, өткен-кеткен жұрттың тәбетін ашқан 


 22 
кезде, қоршаған шарбақтарды бірнеше жерден ашып, ел-жұрттың 
кіріп  жеуіне  жол  ашатын  еді.  Жолдан  өткендер  баққа  кіріп,  қа
-
лағандарынша жеп, көтергендерінше алып кетеді екен. 
Бағына кірген кезде, Алланың мына аятын қай талайды екен:
«Бағыңа кірген кезде: «Бұл – Алланың қалауы, нағыз күш-қуат 
Алладан басқада жоқ» деп айтсаң еді».
Халифа Уәлид ибн Абдүлмәликтің тұсында, бір жылы, Уруаһ 
ибн Әз-Зүбәйр жүрегінде иманы таудай берік, парасатты адамдар 
ғана шыдайтын үлкен бір сынақты басынан өткізді.
Мұсылмандардың  халифасы  оны  Дамашық  қала сына  келіп 
кетуге  шақырды.  Шақыруын  қабыл  алып,  үлкен  ұлымен  жолға 
шықты. Дамашыққа келгенде халифа оны көкке көтеріп, мәртебелі 
қонақ етіп, құрметтеп, қошеметтеді.
Кейін  Алла  Тағала  жағдайды  басқаша  өзгертіп  жіберді.  Уру
-
аһтың ұлы халифаның сәйгүліктерін көремін деп атқораға кірген
-
де, оны ат теуіп өлтіреді. Қай ғырған әке баласын жерлеп болмай, 
қатерлі  ауруға  шалдығады.  Аяғында  пайда  болған  ісік  күннен 
күнге асқынып, денесіне тарай бастайды. Халифа қонағын емдету 
үшін шартараптан емшілер шақырады. Олардан қалай болғанда да 
емін табуды талап етеді.
Дәрігерлер денеге ісік тарап өлімге душар етпеу үшін бір ауыз
-
дан Уруаһтың аяғын кесіп тастауды ұйғарады. Тағдырдың тәлкегі
-
не көнбеске болмайды.
Аяғын кесуге жабдықтарын алып келген дәрігер Уруаһқа:
–  Аяғыңызды  кескенін  сезбеу  үшін  отадан  бұрын  сізге  біраз 
спирт ішкізіп алайық?
– Жоқ, болмайды. Жан шіркіннің тәтті екені рас, бірақ харам 
нәрсеге бармаймын, – деді.
– Онда сіздің аяғыңызды уақытша жансыздандырып, ұйытып 
тастаймыз.
– Дене мүшелерімнің бірін кесіп тастап жатқанда қалай сезімсіз 
жатамын?! Құдайдың берген аяғымен азап шегіп жатып қоштасай
-
ын, – деді. Ота бас талар алдында бірнеше жігіт келіп қол аяғын 
ұстап тұруға жиналады.
– Бұлар топырлап неғып жүр? – деп сұрайды.
– Бұлар аяғыңызды қимылсыз ұстап тұрады. Тар- 
тып қалып жүрсеңіз дұрыс кесілмей қалуы мүмкін, – дегенде.


 23 
– Керегі жоқ, зікір мен тәсбих айтып шыдаймын, - деді.
Аяғын  өткір ұстарамен сүйегіне дейін кесіп, сүйекке  жеткен
-
де, арамен аралай бастады. Емші аралаған сайын Уруаһ: «Алладан 
басқа құдай жоқ, Алла – ең ұлығ» деп зікір қылып жатты. Тез арада 
аяғының жаралы жері кесіліп алынды. Атқылаған қанды тоқтатып, 
жараны жазу үшін темір табаққа қыздырылған ыстық май құйған
-
да ғұлама талып қалып, ұзақ уақыт есін жинай алмай жатты, сол 
күні Алланың кітабын әдеттегінше оқи алмады.
Балалық шағынан бері әдет қылған Аллаға жа ғымды бұл ісін 
өмірінде бірінші, әрі соңғы рет үзгені осы болды. Есін жиғаннан 
кейін аяғының кесілген бөлігін әкеліп көрсетуді сұрады. Әкеп бер
-
ген аяғын ары-бері аударып көріп:
– Сенімен қараңғы түндерде мешітке алып барғыз ған Тәңірім, 
сенімен  Харам  мешітіне  бармағанымды  біледі,  –  деп,  Мағн  ибн 
Аустың мына өлең жолдарын оқыды:
Қолым күдікті нәрселерді ұстап, аяғым ұят істерге апармады.
Ондайға көзім сұқтанбады, құлағым тыңдамады.
Ақылым да, ойым да күнәлі іске сүйремеді.
Түскен жоқ бұл әлемде жігіт заты
Тағдырдың сынағына мен сияқты.
Бұл жағдай Уәлид ибн Абдүлмәликке өте ауыр тиді. Санаулы 
күн ішінде ұлынан айрылып, аяғын жоғалтты. Өзіне-өзі көңіл ай
-
тып, сабыр етуін өтініп, өз көңілін өзі аулағысы келді.
Халифа астанасына кездейсоқ жағдаймен Абс тайпасынан бір 
топ  адам  келіп  түсті.  Араларында ғы  соқыр  кісіні  көрген  халифа 
көзінен не үшін айрылғанын сұрады. Сонда соқыр кісі былай деп 
жауап берді:
– Уа, Әмирүл-мүминин! Абс тайпасында менен бай, бала-шаға
-
сы  көп  адам  жоқ  еді.  Бір  күні  әулетіммен  қосылып,  бала-шаға, 
мал-жанмен жаңа жайлауға қоныс аударып, бір таудың аңғарына 
барып отырдық. Бұрын көрмеген сойқан сел келіп, бәрін шайып 
кетті. Бала-шаға, мал-мүліктің бәрінен айрылдым. Қалғаны – бір 
нәресте  мен  асау  бура  ғана.  Асау  бура  бой  бермей  қашып  кетті. 
Баланы тастап қуа бергенімде, баланың жылаған даусын естідім. 
Артыма бұрылып қарағанымда, баланың қасқырдың аузына ілін
-
генін көрдім. Бар күшімді салып қуғанмен, баланы аман алып қала 
алмадым. Түйені қуып жетіп ұстауға ұмтыла бергенімде бура те
-


 24 
уіп кеп жіберіп, басымды жарып, көзімнен әп-сәтте айырды. Міне, 
осылайша  бір  түннің  ішінде  туысқансыз,  бала-шағасыз,  дүни
-
е-мүліксіз, жанарсыз қалдым.
Халифа  көмекшілерінің  біріне:  «Мына  кісіні  Уруаһ  ибн 
Әз-Зүбәйрге алып бар, басынан өткен қайғыны айтып берсін, одан 
да ауыр сынаққа түскен адамдар бар екенін білсін» деп бұйырды.
***
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр Мәдинеге жеткізілді. Үйіне кіргенде, жү
-
гіріп алдынан шыққан балаларына:
– Көрген нәрселеріңнен қорықпаңдар. Алла Тағала маған төрт 
бала беріп, кейін біреуін алып, үшеуін қалдырды. Оған мың да бір 
шүкір. Төрт мүше беріп, біреуін алып, үшеуін қалдырды. Сол үшін 
Аллаға шүкір. Алламен ант етейін, Алла менен аз алса да, көп қал
-
дырды.  Ауыртпашылық  берсе  де,  игілік  еткен  жақсылығы  да  аз 
емес, соған шүкіршілік етіп өмір сүріп келемін.
Имамдары әрі ғұламалары келгенін естіген Мәдине тұрғында
-
ры Уруаһқа көңіл айтып, жағдайын сұрауға ағылып келіп жатты.
Көңіл айтқандардың ішінде Ибраһим ибн Мұхаммед ибн Талха
-
ның сөзі бәріне үлкен ой салды:
–  Әй,  Абдуллаһтың  әкесі!  Қуан!  Сенен  бұрын  жәннатқа  де
-
неңнің бір мүшесі, балаларыңның бірі кетті. Алла Тағала қаласа, 
бәрің біріңнің соңынан бірің барасыңдар. Алла Тағала бізге пайда
-
сы жоқ нәрсені алып, судай қажет біліміңді, парасаттылығыңды, 
ой-пікіріңді қалдырды. Біз де сенің осы теңіздей ғылы мыңнан пай
-
да алайық. Алла Тағала сауабыңның иесі, есебіңнің кепілі болсын, 
– деді.
***
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр мұсылмандарға тура жолдың шамшыра-
ғы, ізгілік жолын көрсетуші болып, өмір бойы жақсылыққа шақы
-
рып өтті.
Ағартушылықпен айналыса жүріп, өз балаларына көңіл бөлу
-
ді  де  ұмыт  қалдырған  емес.  Мұсылмандар дың  балаларын  қалай 
тәрбиелесе, өз балаларын да солай өсірді. Оларға өмірлік пайдалы 
насихат  қылудан,  үйретуден  жалықпады.  Сол  себептен  ұлдарын 
ғылым талап етуге үгіттеді.
–  Балаларым!  Білім  іздеңдер!  Ғылымға  лайық  еңбек  етіңдер. 


 25 
Білім кішікті ұлығ қылады. Дүниеде надан қарттан басқа ұсқынсыз 
кісі бар ма, – деп өсиет айтты.
Садақаны Алла Тағалаға берілетін сыйлық деп санауға шақыр
-
ды. «Балам, өз тайпаңның құр метті кө семіне тарту етуге ұялатын 
нәрсеңді  Аллаға  тарту  етпеңдер.  Алла  Тағала  –  құрметтілердің 
құр мет тісі, жомарттардың жомарты, сыйлықтардың сыйлығы таң-
далып берілуге лайықтысы», – деп кеңес беретін. Адам дар жайын
-
да дана лықты үйретіп, олардың ішкі дүниесін түсінуге үгіттейтін.
Бір адамды, жақсылық жасағанын көрсеңдер, көп шілік көзінде 
жаман болса да, одан жақсылық кү тіңдер, жақсылықтан тек жақ
-
сылық туады. Біреудің қорқынышты жаман іс жасағанын көрсең
-
дер, адамдар алдында жақсы адам болса да, одан сақ болыңдар.  
Жақсы  істер  жақсылыққа  бастайды.  Жамандық  та  солай,  жаман 
істерге душар етеді.
Оларға  қарапайым,  жақсы  сөзді,  жарқын  жүзді  болуға  өсиет 
етті.  Балам,  даналықта  жазылғандай:  «Сөзің  дұрыс,  жүзің  ашық 
болса, досыңа сыйлық бергеннен де артық боласың».
Даңғазалыққа салынған, сән-салтанатқа қызығатындар ға Алла-
ның Елшісі (с.а.у.) қандай қиыншылықта өмір сүргенін, үнемшіл 
болғанын айтып ескертетін.
Осы тұрғыда Мұхаммед ибн Әл-Мүнкәдир былай дейді:
Бір күні Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр шақырып алып, қо лымнан ұстап, 
былай деді:
– Бір күні анамның үйіне барғанымда, ол маған былай деді:
– Балам!
– Тыңдап тұрмын.
–  уаллаһи, біз Алла Елшісінің үйінде (с.а.у.) от жақпай, тіптен 
шам да жақпай қырық күндей отыра беруші едік.
– Мұсылмандардың анасы! Немен күнелтетін еді ңіз дер?
– Бар қорегіміз екі нәрсе болды. Ол – құрма мен су.
***
Уруаһ  ибн  Әз-Зүбәйрдің  71  жылдық  өмірі  жақсы лықпен, 
игілікпен және тақуалықпен өтті. Ажал келгенде, ораза ұстап жүр
-
ген еді. Үй ішіндегілер аузын ашуды өтінді. Оған көнбеді. Өйткені 
аузын жәннат өзенінің Кәусар суымен, күміспен жасалған ыдыс-
тан, хор қызының қолынан ашуды қалады.


 26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет