Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет139/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
Қонақ аз отырса да, көп сынайды ғой. Ақбілек Бекболатты ішінен
аяды:   келіншегін   менсінбейді   екен   деп   ойлады.   Бекболатпен
жолыққан күндер замат көз алдына елестеп өтті. Әйтсе де өткен
күнге   өкінген   жоқ.   Бұрынғы   арман   қылатын   тұрмыс   енді   аяқ
астында қалғандай, өзі басқа бір жаңа, жарық дүниеге көшкендей.
Бір жоғары көңіл пайда болды. Бекболат бұрынғыдай емес, сақал,
мұрты да көбейіп, бет-аузы да ажымданып, бойы да аласарып,
қораш боп қалғандай көрінді.
— Е, елге бара жатыр екенсіздер ғой... Қалада бөтен хабар жоқ
па?..   Қой   алдырайық,   қонақ   боп   кетіңіздер!   —   дегеннен   басқа,
Бекболаттан пәлендей татымды сөз де шықпады. Ол сөздері де
Бекболаттың   далада   қалғандығын,   Балташпен   арасы   жер   мен
көктей екенін көрсетті. Ақбілек азырақ ойланыңқырап отырғанын
өзі де сезе қойып, Балташтың көңіліне бірдеңе келіп қала ма деп,
орысшылап   «жүрейік»   деді.   Бекболат:   «Қонақ   боп   кетіңіздер!
Шақырып келтіре алмайтын адамсыздар!»— деп жік-жапар боп
жабысса да, қонақтар атқа қонғанын тәуір көре берді.
Түсуін   түссе   де,   өздеріне   де   қолайсыз   болды   білем,   бірталайға
дейін   Төлеген   сөзін   қиюластыра   алмай,   ойы   бөліне   берді.   Бірақ
Ақбілек те, Төлеген де Балташқа өз ойларын сездірмеуге тырысып,
басқа сөзге жұбатып әкетті...
Сеңгір-сеңгір   таулардан,   үңгір-үңгір   құздардан,   түйе   өркешті
шыңдардан, қыз емшекті тастардан өтіп, бұраң-бұраң сүрлеумен
бес   атты   кісі   бес   құмырсқа   боп   өрмелеп,   Алтайдың   басына
шықты.   Алтай   бойды   да,   ойды   да   көтерді;   Алтайдың   кешкі
самалы   бетті   сүйді.   Ақбілек   Алтайға   шыққанда,   баяғы   апасын
өлтіретін,   өзінің   абұйырын   алатын,   өгей   шешенің   қорлығын
шегетін,   Көркембай   кемпірдің   көр   үйшігінде   жаны   көзіне
көрінетін,   алай-түлей,   қараңғы   күндер   барса   келмеске   біржола
кеткендей, анау алыста, етекте бір жола қарасы өшкендей боп


көрінді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан құтылып, сонау
жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын ілегенге салып
жуғандай, анадан жаңа туғандай тәрізді. Оның жүрегін жуып,
тазартқан леген — аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен
күндей ғылым еді.
Марқакөлдің шыныдай тұнық суы да, көл жиегіндегі үйірім-үйірім
ауыл   да,   барылдап,   кісінеп,   оқыранып,   өріске   тартып   бара
жатқан жылқы да жылқышының қызыл ала тысты тымағы да,
анау қозы алып жүрген қайқы төс келіншектің жасыл көйлегі де,
аттың жалы да, жеңгесінің басындағы күлді-бадан орамалы да —
батар   күннің   сарғылтым   сәулесіне   шомылып,   жер   дүние   cap
көзілдірікпен   қарағандай  жымыңдап,  саңғырап  тұрғанда   Ақбілек
туып-өскен ауылына жетті. Ауылда иттер шулайды: қотанда қой
маңырайды. Аспанда торғай шырылдайды. Қырындап ұшқан құс
Сасы   ала   керенаулап   мыңқылдайды.   Енесін   іздеп,   ауылда   лақ
безілдейді. Суға бара жатқан үш жас қыз:
«Сылдыр-сылдыр қамысқа сырғам түсті;
Сырласпаған жат елге апам түсті.
Апам үшін қабырғам қайысады,
Қолымдағы қос жүзік майысады»,
— деп шырқап ән салады.
Ақбілектердің   алдынан   шауып   шыққан   бала   жолыға   сала,
тайының құйрығын шошайтып, ауылға қарай ызғытты.
Төлеген   кейде   жылына,   кейде   жыл   ара   еліне   бір   келіп   кететін.
Келінді ала келіп, жатып кет деп ақсақал отау көтеріп берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет