Тақырыбы: Абиотикалық факторлар, және олардың ағзаға әсері Тақырыптың негізгі сұрақтары: Өсімдіктер мен жануарларда жарықтың қатысуымен жүретін үдерістер Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі температураның ролі


Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі температураның ролі



бет5/8
Дата11.05.2022
өлшемі1,72 Mb.
#141866
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
биоэко 4апта
14. Аурухананың санитарлық тәртібі (2), 4 Курс емтихан Тест KZ без отв, ОМ 3 курс летн. сесс. 2023-24

Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі температураның ролі

  • Жануарларға ең қажетті фактордың бірі –жылулық. Ағзалардың температурасы оларды қоршаған ортаның темперетурасына байланысты болады. Өйткені ағзалардың тіршілігінің негізін қалайтын зат алмасу реакцияларының жылдамдығы мен бағыты сыртқы ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Ағзаның тіршілігінің барлық іс-әрекеті температураға тәуелді жүріледі. Жер шарының суық белдеуінде тіршілік ететін жануарлар қысқы мезгіл басталарда ұзақ ұйқыға кетуі, күздің аяғына қарай сүтқоректілер мен құстардың жүні мен қауырсынының қалыңдауы, құстардың жылы жаққа қайтуы, кеміргіштер қыстық азық қорын жинап, інінің аузын бітеуі, міне осының бәрі қыстың қытымыр суығынан қорғану үшін жасалады. Жаз басталасымен жануарлар түлеп, жұмыртқалап, төлдей бастауы –жылы мезгіл басталғанының белгісі.
  • Тірі ағзалардың көбі 0-55°С температураның аралығында тіршілік ете алады. 0°С-тан төмен немесе 55°С-тан жоғары температурада жасуша цитоплазмасындағы белоктар (ақуыздар) ұйып, белоктың құрылысы бұзылатындықтан ағзалар тіршілік ету мүмкіндігінен айрылады. Ағзаның денесінде су азайған сайын температураның қалыпты жағдайдан ауытқуына төзімділігі жоғарылайды. Өсімдіктің тұқымы, кейбір жәндіктердің споралары және бактериялар 120-140°С ыстыққа және -190-273°С суыққа төзе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет