Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет13/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту
sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, «Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, zharatylystanu4b, 4-сынып срез тапсырмалары
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту


Тапсырма1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негізі міндеттері, ол:


Тапсырма 2. ДДҰ-ның шешімі бойынша бекітілген дүниежүзілік күндер тізімі:


Тапсырма 3.
1. Емдеу мекемелерінде алдын-алу шараларының кандай түрлері бар?
2. Инфекциялық аурулардың берілу қаупін болдырмауға арналған санитарлық ережелер?
3. Денсаулық мектептері, мақсаты?


Интернет көздері: 1. Http://szgmu.ru
2.http://sestrinskoedelo.ru
3.http://www.studfiles.ru
4.http://bmedicine.ru/

Әлеуметтік маңызды ауруларды алдын алу. Туберкулездің алдын алу.
Тапсырма 1
Сұрақтар: 1. Емдеу мекемелерінде алдын-алу шараларының кандай түрлері бар?
2. Инфекциялық аурулардың берілу қаупін болдырмауға арналған санитарлық ережелер?
3. Денсаулық мектептері, мақсаты?


ІІІ. Жаңа тақырып

Әлеуметтік маңызы бар аурулар, соның ішінде аса кауіпті жұқпалы аурулар: туберкулез


Туберкулез – туберкулез микобактериялары (Кох таяқшалары) туындататын өмірге қауіпті жұқпалы ауру, ол көбінесе өкпені, сонымен қатар адам ағзасының басқа мүшелерін зақымдайды. Туберклез ауруына көп жағдайда еңбекке қабілетті жастағы адамдар шалдығады. 
Туберкулез сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде, аурудың ашық түрімен ауыратын науқастан сау адамға жұғады. Аурудың белгілері: 2 апта бойы жөтелу, тәбеттің жоғалуы, арықтау, түнгі тершеңдік, дене қызуының 37,00 – 37,5 С дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, шаршау, көкірек тұсының ауырсынуы, қан аралас қақырық тастау. Осы белгілердің бірі байқалған кезде, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша емхананың дәрігеріне барып тексерілу қажет.
Туберкулезден сақтану үшін:
- салауатты өмір салтын ұстану – бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдана отырып, тиімді тамақтану, жүйелі түрде белсенді дене шынықтыру жасап, спортпен айналысу, жақсы демалу, темекі, алкоголь, есірткі тұтынбау;
- аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда дәрігерге қаралу;
- жыл сайын флюрографиялық тексеруден өту;
- жеке тазалық тәртібін сақтау – бұл жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркеу;
- таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;
- үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, еденді, мүліктерді ылғалды шүберекпен сүртіп, тазалап отыру;
- қақырықты түкіре салмау – бұл ауру жұқтырған Кох таяқшасы болуы ықтимал шаңды жұту арқылы аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет
- өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың отбасы мүшелеріне ауру жұғу қауіпі өте жоғары;
- ауру негізінен үй ішінде жұғады, сондықтан үйдің ауасын үнемі желдетіп, тазартып тұру керек. Жөтелген кезде бетпердені қолдану керек. 
Туберкулезбен көбіне иммунитеті әлсіреген, асқазан жарасы немесе қант диабетіне шалдыққан науқастар, нашар тамақтанатын, шылым шегетін, алкоголизм мен нашақорлыққа салынған, стресске шалдыққан, қатты шаршаған адамдар шалдығуы ықтимал. Сондықтан иммунитетті күшейту үшін жақсы тамақтану, спортпен шұғылдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет