Барысы: Шаттық шеңбер: ата-аналарды қолымыздан ұстап шаттық шеңберге тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық ,жылулық шеңбері деп атаймыз. Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар .Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық ,шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп , күлкімізді сыйлайық.