Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты


Танысу : Әр ата-ана өзін таныстыру керек,өзінің атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу -- Айсұлу. Тренинг



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,07 Kb.
#117311
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
отбасы бақыты
Армысыздар, 1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де
Танысу : Әр ата-ана өзін таныстыру керек,өзінің атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу -- Айсұлу.
Тренинг : Енді ата-аналар , «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ ,» демекші адам табиғатпен тығыз байланыста ,табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш,енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма,діңі ма, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр,жапырақ ,діңі болып бөлінеді. Ал,ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыз, сіздер не үшін діңін таңдадыңыз, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар? Соны тобыңызбен келісе отырып, топтан бір адам шығып қорғайсыздар . (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады) . Сіздердің бұл таңдауларыңыз бекер емес, психологиялық сәйкестік бар. Тамыр таңдагандар істің нәтижесіне мән беретіндер . Діңгекті таңдағандар берік,мықты, біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты ,әсемдікті , ұқыптылықты қалайтындар.
Ата-аналарға үлкен ақ қағазға «тамыр тобы»-тамырды, «діңгек тобы»-діңгекті, «жапырақ тобы»-жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам-қағаз).
Енді балаларыңыздың апайларына деген талап-тілектеріңізді «тамыр тобы»-тамырға, «діңгек тобы»-діңгекке, «жапырақ тобы»-жапыраққа жазыңыздар. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп,балаларыңыздың қызығын көрейік!
Ойын : «Қай жұп күшті?»
Қазір әркім өзіне серік таңдайды,шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп , белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір-бірін құшақтап шарды жарады.
Қорытындылау : «Тілек гүлі» .Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне ,қоштасатын сәт жетті. Біз сіздермен отбасы мен бала -балабақша қатынасының жақтарын талқыладық.Отбасы , ұшқан ұя-жылылықтың ,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы ,ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып,отбастарыңа бақыт нұры шашыла берсін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет