Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,07 Kb.
#117311
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
отбасы бақыты
Армысыздар, 1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де

Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: 
Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.
Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері,
Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке, сіңілі, қарындас.
Әдіс -тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, ойын .
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
- Балалар, күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.
Аспанымыз ашық болсын!
Ата – анамыз аман болсын!
Бақытты болайық!
Балалар кеудемізге сыймай тұрған жылуымыздан қонақтарымызға сыйлайық (бұрылып қолдарын үрлейді)
- Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет