Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,07 Kb.
#117311
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
отбасы бақыты

ІІІ. Қорытынды.
Шаттық шеңбері: « Шаңырақ»
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.
-Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
- Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
- Біз бақытты отбасымыз.
Біз қай елде тұрамыз?
- Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.
ІV. Бағалау.
Тәрбие сағатына белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау.
Отбасы-менің тірегім !
Мақсаты: бала тәрбиесінде отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен , ата ақылымен берілетіндігін , өзіндік ұлттық құндылықтарымызды адамның бойына дарыту.
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық ,қайырымдылық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Ата-аналардың өзара қарым қатынасын жақсарту.
Көрнекілігі: музыка жазылған үнтаспа, қағаз-қаламдар,ағаш,алмалар, шарлар,отбасы туралы мақал-мәтелдер, отбасы суреттері.
Кіріспе сөз: Отбасы-адам баласының түп қазығы,алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп,ықпалына көніп ер жетеді. Әке -шаңырақ иесі, әйел –отбасының ұйытқысы,баланы өсіріп тәрбиелеу ата-ананың тікелей міндеті. ,әке мен шеше –отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. Атақты физиолог И.Павлов «Әрбір баланың мінез құлқы отбасы мен ата-анасының іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымдайды.Моралдық жағынан азғындаған отбасында әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді.Ондай балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды. Сондықтан олар отбасында жоқшылық пен қайырымдылықты сырттан көшеден іздейді. ,көп жағдайда олар жат топтардың ықпалына түсіп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет