Тақырыбы: «Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы» ДӘріс жоспары: Мақсаты: Білімділік



бет13/16
Дата07.02.2022
өлшемі24,51 Kb.
#86396
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы
Зәр шығаратын жүйеге бүйрек лек сурет
Ойлау байланыссыздығы – науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылған болады. Бұл психикалық бұзылыстардың тереңдегенін көрсетеді.
Ойлау персеверациялары мен стереотипиялары – қандай да бір ойда мүдіріп қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Бұл бұзылыс инсульттен кейінгі және кәрілік афазиясында, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.
Ментизм – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, жасанды сезім. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысна жатады, шизофренияда байқалады.
Шперрунг – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофрения ауруында байқалады.
Шизофрения (грекше shizo – бөлемін және phren – парасат.) - этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, наукас тұлғасының типті озгерістерімен әлеументтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру. Шизофренияның формалары
Параноидты формасы
Гебефрендік формасы
Кататоникалық формасы
Қарапайым формасы
Циркулярлы формасы
Сенестопатиялы-ипохондриялық формасы
Деменция (лат. dementia - слабоумие, безумие) Ой өрісінің әлсіздігімен, бұрын алған білімді жоғалтып, жаңа білім алуға деген қиындықтармен, жалпы психиканың нашарлығы, тәртіптің өзгеруімен бейнеленетін психиканың терең де қайтарылмас зақымы. Өмір барысында пайда болған жарыместік (тумысынан болған олигофренияға қарама-қарсы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет