Апаттардың медициналық сипаттамасы Өзінің артынан адамдардың зақымдауына және өміріне, халық тіршілігінің және экология жағдайларының бұзылуына, қоршаған ортаның ластануына және жұқтыруына, нысандардың және материалдық құндылықтардың бұзылуына байланысты едәуір шығынға әкелетін табиғаттың немесе адамның әрекеті құбылыстарын апат деп атайды. Апат төтенше жағдай түрлерінің бірі. «Төтенше жағдай» түсінігі- адам қызметінің әртүрлі салаларында әртүрлі. Адамдардың зақымдануымен (ауруымен), олардың тіршілік жағдайларының бұзылуымен ілесетін және медико-санитарлық салдарын жою үшін сырттан қосымша құрамалар және медициналық мекемелерді, сонымен қатар олардың жұмысын ерекше ұйымдастыруды талап ететін жағдайларды медицинадағы төтенше жағдай деп аталады. Табиғат құбылыстарынан туындаған апатты сұрапыл жұтау деп атайды. Апаттар жіктеуі: - биолого-әлеуметтік (індеттер- адамдар көпшілік қатынасқан жұқпалы аурулары, эпизоотийлер- ауылшаруылық малдарының көптен жұқпалы аурулары, эфитофиялар- ауылшаруашылық өсімдіктерінің аурулармен және зиян келтірушілермен көптеп зақымдануы, аштық, терроризм);
- соғыстық (әскери жанжал, соғыстар)
- табиғаттық ( жер сілкіну, жанар таудың атылуы, су басу (цунами), дауыл, қара құйын, көшкін, күшті су тасқыны, қар құлауы, ыстық, құрғақшылық, аяз және т.б.);
- техногендік (радиациялық, химиялық және биологиялық апаттар, өрт және жарылыстар, құрылыстардың қирауы, су құбырының тазалау құрылыстарындағы апаттар, көлік апаттары);
- экологиялық (атмосферада, биосферада, гидросферада, литосферада);
- космостық (үлкен метеориттердің құлауы, сәулелену сипатының және қарқындылығының өзгеруі);
Достарыңызбен бөлісу: |