Барлығы: [5 балл]
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.
Жылқы сүтінен _____________________________________________[1]
Жауабы: Жылқы сүтінен алынатын қышқыл/ащы сүт өнімі – қымыз.
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады.
Ең алдымен ________________________________________________[1]
Жауабы: Ең алдымен/бірінші қымыздың сапасы ұйытқыдан басталады.
Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.
Көктемде _________________________________________________[1]
Жауабы: Көктемде, қымыздық мезгілдің басында қымыздық ұйытқы ретінде ұйытқы қолданылады/пайдаланылады.
Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.
Қазақ халқының_____________________________________________[1]
Жауабы: Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті/қадірлі/сыйлы дастарқан дәмінің бірі – қымыз.
Өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда болады.
Екі күндік__________________________________________________[1]
Жауабы: Екі күндік өңдеудің нәтижесінде/қорытындысында орташа қымыз пайда болады.
Қымызды дайындау үшiн булы бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды.
Булы бие сүтін______________________________________________[1]
Жауабы: Булы бие сүтін қымызды дайындау/әзірлеу үшін ұйытқымен бірге сабаға құяды.
Жиі-жиі піскен сайын қымыздың дәмі кіре береді.
Қымыздың дәмі ___________________________________________[1]
Жауабы: Қымыздың дәмі жиі-жиі/тез-тез/үнемі піскен сайын кіре береді.
Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты.
Пісу мен сапыруға___________________________________________[1]
Жауабы: Пісу мен сапыруға қымыздың бабы/дәмі байланысты.
Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды емдеуде пайдасы анықталған.
Көптеген ауруларды _________________________________________[1]
Жауабы: Көптеген ауруларды емдеуде/жазуда қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың пайдасы анықталған/дәлелденген.
Қымыз зат алмасу процестерін, жалпы иммунитетті күшейтеді.
Зат алмасу _________________________________________________[1]
Достарыңызбен бөлісу: |