Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»



бет24/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020
ИНТЕР2, 6 класс тжб сараптама[1]
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы онжылдықта шет елде және біздің елде үрей, эмоционалды және психикалық кернеу және күйзеліс мәселелеріне аса үлкен назар аударылуда. Мазасыздану күйі түрлі стресске бірінші эмоционалды ситуативті жауап реакциясы болып табылады, сондықтан кез келген мәнді әрекеттердің қатысушыларының эмоционалды тұрғыда бастан кешулерінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады, әсіресе табиғи жағдайларда.

К.Изардтың пікірінше, мазасыздану кешенді эмоционалды күй ретінде іргелі эмоциялардан тұрады. Және осы әр эмоция жеке тұлғаның жалпы жағдайына өз оятушы күшімен әсер етеді.

Мазасыздану – жеке тұлғаның бейімсіздігінің, әлсіздігінің субъективті көрініс беруі. Ол тұлға қасиеті, қорқынышқа дайындығы.

Үрей – ситуативті көрініс беру, мазасыздану – жеке тұлғаның қасиеті деп ажыратылады. Бұл ойды Ч.Д.Спилбергер және функционалистер қолдайды, олардың ойынша, үрейді ол атқаратын қызметтер тұрғысынан талдау керек.

Психоаналитиктердің ойынша, үрей- Эгоны төніп келе жатқан қауіп туралы ескертетін, инстинктивті импульстерден тарайтын белгі. Және үрей индивидтің негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмағанда пайда болады, мысалы қауіпсіздікке қажеттілік.

Сонымен қатар, үрейдің жас ерекшеліктеріне қатысты өзгешелігі бар. Әр жас кезеңінде тұрақты құрылым ретінде мазасыздану немесе үрейдің басым болуына жол беретіндей шынайы қауіп-қатер болмаса да, көптеген балалардың мазасыздануын тудыратын белгілі бір салалар, болмыс объектілері бар. Бұл мазасызданудың жастық шыңдары көбіне мәнді болатын социогенді қажеттіліктердің нәтижесі болып табылады.

Көптеген авторлардың пікірінше өтпелі, дағдарысты, сензитивті, қиын т.б. болып есептелінетін жеткіншек жаста бала үшін құрдастарымен қарым-қатынасы, жыныстық дамудың бұзылыстары, ұқсастық дағдарысы, беделділігі, деперсонализация синдромы, өзін-өзі бағалау даулары, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары, нарцистикалық дағдарыс пен ассоцалдық және деликвенттік сияқты мәселелер маңызды болып табылады. Мазасыздану – тұлғаның дамуы мен мінез-құлқында тұлғалық құрылым ретінде түрткі қызметін атқаруы мүмкін, яғни өзге түрткілер мен қажеттіліктер бойынша әрекеттердің орнын басуы мүмкін. Жеке тұлғаның дамуы, мінез-құлқы мен әрекеттеріне мазасыздану теріс те, оң да әсер етуі мүмкін, дегенмен, соңғы жағдайда ол құрылымның бейімділігімен сипатталған болмыстық шектеулері болуы мүмкін.

Жеткіншек шақтағы балаларды зерттей келе, психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың эмоционалды-еріктік аумағының дамымағандығы, эмоцияларының есеймегендігі, сыншылдықтың жоқтығы, өзін-өзі бағалауының жоғарылығы байқалады, олардың белсенді зейінінің тұрақтылығы төмен, оқуға мотивациясы үстіртін сипатта, яғни жұмысқа қабілеттілігі төмен, есінің және зейінінің аритмиясы бар, олардың жағдайды тиесілі деңгейде бағалауға қабілеті жоқ. Осының барлығы, әрине, бас миының органикалық бұзылуларымен ушықтырылады.

Балалардың келесі тобы, керісінше, жоғары сезімталдық, жараланғыштық, жоғары мазасызданушылық, өз күштеріне сенімсіздікпен сипатталады, олар – тұтығатын балалар. Біз білетініміздей, тұтығу – үш нәрседен құралған кешенді ауру: сөйлеуіндегі дірілдер, тұрақты үрей күйі және өз ахауын жасырып қалуға ұмтылыс.

Қарастырылып отырған балалардың топтарының дамуының өз ерекшеліктері бар және түзету іс-шараларының кешені балалардың әр тобы үшін арнайы сипатта жасалынуы қажет.

Бірақ, эмоционалды күйді түзетуде жалпы, негізгі жол бар және ол кешенді сипатта. Ол ең алдымен медициналық, педагогикалық, психологиялық реабилитация, ол күнделікті өмірде баланың бейімділігін арттыруға және мазасыздануды төмендетуге бағытталған.

Жүргізілген зерттеу барысында, біздің болжамдарымыз дәлелденді деуге болады, себебі, біз көріп отырғанымыздай, тұтығатын балалардың мазасыздану деңгейі қалыпты дамыған балаларға қарағанда жоғары, ал психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың мазасыздану деңгейі қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда төмен. Сонымен қатар, біз тұтығатын, психикалық дамуы кешеуілдеген және қалыпты дамыған жеткіншектердің эмоционалды мазасыздануының сандық және сапалық өзгешіліктері бар деген болжамымызды дәлелдедік.

Болжамдар 3 % маңыздылық деңгейінде дәлелденді. Солайша, зерттеу жүргізу барысында алға қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.

Мазасыздану деңгейінің көрсеткіштері максимумнан минимумға ығысуы байқалған балардың 3 тобы бөлініп шықты.

Мазасыздану деңгейі төмен балалардың жауапкершілік сезімдерін арттырып, іс-әрекет түрткілеріне басты назар аудару керек.

Мазасыздану деңгейі жоғары балалар үшін жағдайлар мен тапсырмалардың субъективті маңыздылығын төмендетіп, көңілін іс-әрекеттің бір саласына аудартып, табысқа жетуге сенімділік сезімін қалыптастыру қажет. Мазасызданудың жоғарылығы адамның құзырлылығын бағалау жағдайында үрей күйінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Мазасыздану, мінез қасиеті ретінде – өмірге деген пессимистік көзқарас, яғни өмір қауіп пен қатерге толы деп бағалау. Егер мұндай жеткіншектердің мазасыздануы күшейсе, қорқыныш – мазасызданудың негізгі серігі пайда болады, бұл жағдайда невротикалық қасиеттер дамуы мүмкін.

Өзіне-өзі сенімсіздік, мінез бітісі ретінде – өзіне, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне қарсы бағытталған бағдар. Сенімсіздік мазасыздану мен шешім қабылдауда әлсіздік тудырады, ал олар тиесінше мінез-құлық қалыптастырады.

Осылайша, өзіне-өзі сенімсіз, шүбәланғыш, ұялшақ, мазасыз жеткіншек шешім қабылдауда әлсіз, көбіне инфантильді, көнгіш болып келеді. Өзіне-өзі сенімсіз, мазасыз жеткіншек көбіне шүбәланғыш келеді, ал шүбәланғыштық өзге адамдардың ол жеткіншекке сенімін төмендетеді. Мұндай жеткіншек өзгелерден қорқады, олардың кекесінін, өкпелетуін күтеді. Бұл өзгелерге бағытталған агрессия түрінде психологиялық қорғаныс реакциясының пайда болуына алып келеді. Осылайша, жеткіншектер көбіне таңдайтын белгілі әдістердің бірі мынадай ойға негізделген: «Ештеңеден және ешкімнен қорықпас үшін барлығы менен қорқатындай ету керек». Агрессия маскасы бала үрейін тек қоршаған адамдардан ғана емес, өзінен де жасырады. Дегенмен, олардың ішкі жан дүниесінде сол баяғы мазасыздану, өзіне сенімсіздік, абыржу және сүйеніштің жоқтығы бар.

Мазасызданудың теріс нәтижесі, оның жалпы интеллектуалды дамуға әсер етпей, дивергентті (шығармашылық) ойлаудың қалыптасуына теріс әсер етуі мүмкін, ал ол жаңадан, белгісізден қорқыныштың пайда болуына алып келеді.

Демек, мазасыздану деңгейі жоғары адамдар санатына жататын тұлғалар өзін-өзі бағалау мен іс-әрекетіне қатысты қауіп-қатерді кең диапазонда қабылдап, өте қызу мазасыздану күйімен жауап қайтаруға бейім.

Біздің зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы бар және мазасыздану деңгейі жоғары жеткіншектерді диагностикалау мен коррекциялау шеңберінде жалғасын табады.

Біз зерттеу жұмысымыз бойынша төмендегідей ұсыныстар даярладық:

- Жасөспірімдік шақ өтпелі кезең болғандықтан, оқушыда мазасыздық кезеңі басталмастан бұрын, профилактикалық жұмыстарды кешенді жүргізу;



- Оқушының мазасыздық деңгейін анықтайтын тесттердің қазақ тіліндегі электрондық нұсқасын әзірлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет